Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности»

Бұйрық · № 146 · қабылданған 15.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-959-ekb-153681/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 146 ·15.03.2021
15.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 146 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
146
Қабылданған күні
15.03.2021
Көрсетілген редакция
15.03.2021 153681_515730.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022357
ЭКБ идентификаторы
153681
Редакция идентификаторы
153681_515730
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:14

0 «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын

және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы
30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 59 (28537) болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4

4. Осы бұйрық 2021 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрыққа Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарының және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 3-тарауын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 15 наурыздағы
№ 146 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 959 бұйрығымен
бекітілген
Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

Біліктілік талаптар
Құжаттар
Ескертпе
1-тарау. Жеке күзет ұйымының, оның ішінде филиалының және өкілдігінің басшысы лауазымын:
1.
Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ
Жеке куәлік
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасынан (бұдан әрі – ЖТ МДБ) алу
2.
жоғарғы заңгерлік білімі немесе Қарулы Күштерде, өзге де әскерлер мен әскери құрамаларда командалық лауазымдарда немесе құқық қорғау және арнайы органдарда басшы лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі жоқ
Диплом немесе еңбек қызметін растайтын мәліметтер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінен немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ЕжХӘҚМ АЖ) ақпараттық жүйесінен алу
3.
арнайы даярлықты өтпеген
Мамандандырылған оқу орталығының куәлігі
Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады
4.
психикалық, мінез-құлықтық бұзылулармен (аурулармен), оның ішінде психикалық белсенді заттарды қолдануға байланысты, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған
Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан медициналық анықтамалар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) алу
5.
қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар
Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Арнайы есеп» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚСжАЕАК АЕ ААЖ) алу
6.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған
Адамның қылмыстық және/немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен (бұдан әрі – ҚСжАЕАК АС) алу
7.
күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымында болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған
8.
бұрын күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған
9.
мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған
Еңбек қызметін растайтын мәліметтер
ҚСжАЕАК АС-тен алу
10.
бұрын жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымын атқарған кезеңде, онымен осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған адам атқара алмайды
ҚР ЕжХӘҚМ АЖ-дан алу
2-тарау. Күзетші лауазымын:
1.
Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ
Жеке куәлік
ЖТ МДБ-дан алу
2.
жасы 19-дан төмен
3.
арнайы даярлықты өтпеген
Мамандандырылған оқу орталығының куәлігі
Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады
4.
психикалық, мінез-құлықтық бұзылулармен (аурулармен), оның ішінде психикалық белсенді заттарды қолдануға байланысты, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған
Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан медициналық анықтамалар
ҚР ДСМ АЖ-дан алу
5.
қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар
Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама
ҚСжАЕАК АЕ ААЖ-дан алу
6.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған
Адамның қылмыстық және/немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтер
ҚСжАЕАК АС-тен алу
7.
күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған, сондай-ақ күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде немесе осы лауазымында болған кезеңде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған
8.
бұрын күзетшісі болып жұмысқа қабылданғанға дейін бір жыл ішінде немесе осы лауазымда болған кезеңде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149, 434, 436, 438, 439, 440, 443, 450, 453, 462, 463, 464, 469, 470, 476, 477, 478, 479, 481, 482, 483, 484, 485, 486, 487, 488, 489, 490, 494, 495, 496, 504, 506, 653, 654, 658, 659, 665, 667, 669, 670, 673, 675-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған
9.
мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған
Еңбек қызметін растайтын мәліметтер
ҚСжАЕАК АС-тен алу
10.
бұрын осыған ұқсас лауазымды атқарған кезеңде, онымен осыдан үш жыл бұрын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 11), 12), 15), 16) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты бұзылған адам атқара алмайды
ҚР ЕжХӘҚМ АЖ-дан алу
3-тарау. Жеке күзет ұйымдары, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктері террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін:
1.
радиобайланыстың
Радиожиіліктерге және жабдықтарға меншік құқығына құжаттар не жалға алу шарты
Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады
2.
объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін кемінде екі мобильді топтарының (жедел ден қою топтарының)
Меншік құқығындағы көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
Осы талапқа сәйкестікті лицензиар бөлімшесі автокөлік құралдарын тіркеу базасы (автоіздеу) бойынша тексереді
Штаттық орналастыру және қызметкерлер санының нормативін негізге ала отырып, мобильді топтарды (жедел ден қою топтарын) құру және қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтар
Осы талапқа сәйкестігі лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыру орны бойынша тексеруі арқылы расталады
3.
қызметтік, оның ішінде атыс қаруының болуын көздейтін талаптарға сәйкес келуі тиіс
Қаруды сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат
ЕЛ МДБ АЖ-дан алу
4-тарау. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарына
қойылатын біліктілік талаптары
1.
Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2, 3-тарауларында көзделген талаптар;
Күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптардың 1, 2, 3-тарауларында көзделген құжаттар тізбесі
2.
Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісуі.
Уәкілетті органның ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруына келісуі
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруына келісім-хат

Қолданыстағы