Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности»

Бұйрық · № 767 · қабылданған 15.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2014-no-959-ekb-95016/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 767 ·15.09.2015
15.09.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 767 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 959 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления охранной деятельности»
Атауы (қаз.)
«Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
767
Қабылданған күні
15.09.2015
Көрсетілген редакция
15.09.2015 95016_29811.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012232
ЭКБ идентификаторы
95016
Редакция идентификаторы
95016_29811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:22

0 «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10371 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 (28537) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптары мен күзет қызметн жұзеге асыру үшін сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесінде:
3-тармақта:
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының тиісті бөлігінде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;».;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе күзетші лауазымына қабылданғанға дейін бір жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________________Ә. Исекешев
201 жылғы «___» ______________
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________Е. Досаев
201 жылғы «___» _________

Қолданыстағы