О внесении дополнения в постановление акимата Жалагашского района от 30 января 2015 года № 10 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Жалагашский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата Жалагашского района от 30 января 2015 года № 10 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Жалагашский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния"
- Атауы (қаз.)
- "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 207
- Қабылданған күні
- 01.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2016 94444_Some(98634).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15LF005179
- ЭКБ идентификаторы
- 94444
- Редакция идентификаторы
- 94444_Some(98634)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:10
0 “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы
№10 қаулысына толықтыру енгізу туралы
“Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4856 болып тіркелген, “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде 2015 жылғы 23 ақпанда, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2015 жылғы 25 ақпанда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
“3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру” деген бөлімде:
21-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
“10-1) тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енген ұйымдардан мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жауапты болады; ”.