Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Жалагашского района от 30 января 2015 года № 10 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Жалагашский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния"

Қаулы · № 19 · қабылданған 01.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-10/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Жалагашского района от 30 января 2015 года № 10 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Жалагашский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния" Күшін жойған Қаулы ·№ 19 ·01.02.2016
11.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Жалагашского района от 30 января 2015 года № 10 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Жалагашский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния"

Күшін жойған Қаулы ·№ 19 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Жалагашского района от 30 января 2015 года № 10 "Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Жалагашский районный отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния"
Атауы (қаз.)
"Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
01.02.2016
Көрсетілген редакция
11.05.2016 99901_Some(98600).kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16LF005373
ЭКБ идентификаторы
99901
Редакция идентификаторы
99901_Some(98600)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:42

0 “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

“Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №10 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4856 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 ақпанда “Әділет” құқықтық-ақпарат жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
“2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері” деген бөлімде:
15-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
“3) кедейшілік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу; ”;
5) тармақша алынып тасталсын;
16-тармақта:
7), 8), 9) және 14) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
“10-1) әлеуметтік келісім-шарт негізінде көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету; ”;
17-тармақтың 1) және 3) тармақшалары алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы