Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2015 года № 1023 «Об утверждении Правил допуска к полетам эксплуатантов авиации общего назначения»

Бұйрық · № 279 · қабылданған 12.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-1023-ekb-142900/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2015 года № 1023 «Об утверждении Правил допуска к полетам эксплуатантов авиации общего назначения» Қолданыста Бұйрық ·№ 279 ·12.05.2020
12.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2015 года № 1023 «Об утверждении Правил допуска к полетам эксплуатантов авиации общего назначения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 279 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 октября 2015 года № 1023 «Об утверждении Правил допуска к полетам эксплуатантов авиации общего назначения»
Атауы (қаз.)
«Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
279
Қабылданған күні
12.05.2020
Көрсетілген редакция
12.05.2020 142900_462433.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020648
ЭКБ идентификаторы
142900
Редакция идентификаторы
142900_462433
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:33

0 «Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-33) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі - осы Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының және 1992 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 6-қосымшасының талаптарына сәйкес әзірленді.»;
2-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалар сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыш пен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларға (бұдан әрі - пайдаланушы) ұшуға рұқсат беру тәртібін және «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сипаттау.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), www.egov.kz, www.elicense.kz, «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы ұшуды орындаудың жоспарланған күніне дейін 60 (алпыс) жұмыс күні бұрын: «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларына ұшуды орындау құқығына куәлікті алуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшада 8-тармақта көзделген жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларына ұшуды орындау құқығына куәлікті алуға арналған өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды жібереді.
Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріп отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі–Стандарт) нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды беруі электрондық немесе қағаз түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау күні мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген қолхат береді. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды электрондық түрде портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті және құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды.»;
7- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құжаттар топтамасымен өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайды. Жауапты орындаушы өтінім берілген сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы, анықтығы және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды. Жауапты орындаушы жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде:
1) Стандартта көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы еркін нысанда бас тарту туралы дәлелді жауапты (бұдан әрі - бас тарту) жібереді;
2) көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады;
3) Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды;
4) құжаттар сәйкес келген жағдайда – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен зерттеп-қарау жүргізу туралы шешім қабылданады және сертификаттық тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны зерттеп-қарау жүргізілгені туралы хабардар етеді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жұмыс күні ішінде Пайдаланушыны зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі – Акт) өтініш беруші объектілерінің нақты жай- күйін, қорытындыларды, ұсынымдарды және пайдаланушыны ұшуға жіберу не жібермеу туралы қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады. Зерттеп-қарау актісіне комиссия мүшелері қол қояды, ол жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға ұшуды орындау құқығына куәлік беру үшін негіз болып табылады және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.»;
15 және16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15.Актіні алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды орындау құқығына куәлік беруді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде мемлекеттік корпорацияда жүзеге асырылады.
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.»;
Мынадай келесі мазмұндағы 21,22 және 23-тармақтармен толықтырылсын:
«21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
22. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының
2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
23. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.».
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің 2020 жылғы
12 мамыры № 279 бұйрығына
қосымша
Жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушыларды ұшуға
рұқсат беру қағидаларына
2-қосымша
«Жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ци­я­ны пай­да­ла­ну­шы­ға ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
«Қа­зақ­стан­ның авиа­ци­я­лық әкім­ші­лі­гі» АҚ
2
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қа­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция);
2) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал).
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік (жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ци­я­ны пай­да­ла­ну­шы ) (бұ­дан әрі – ку­ә­лік) бе­ру – 60 (ал­пыс) жұ­мыс кү­ні;
ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын (жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ци­я­ны пай­да­ла­ну­шы ) (бұ­дан әрі – ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы) бе­ру – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
жал­пы мақ­сат­та­ғы авиа­ци­я­ны пай­да­ла­ну­шы­лар­ға ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік (ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы) неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­а­бы.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9:00-ден 20:00-ге дей­ін.
2) пор­тал­дың - тәу­лік бойы жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс күн­де­рі және ме­ре­ке күн­де­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жү­гін­ген кез­де өті­нім­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13:00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9:00-ден 18:30-ға дей­ін.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (не се­нім­хат бой­ын­ша оның уәкі­лет­ті өкі­лі) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
1) мы­на­дай құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім:
2) 1992 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Ке­ңе­сі­нің қа­улы­сы­мен ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған Ха­лы­қа­ра­лық аза­мат­тық авиа­ция ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның 6-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ұшу­ды жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық;
3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жо­ғар­ғы Ке­ңе­сі­нің 1992 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі қа­улы­сы­мен ра­ти­фи­ка­ци­я­лан­ған Ха­лы­қа­ра­лық аза­мат­тық авиа­ция ту­ра­лы кон­вен­ци­я­ның 6-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді рет­теу жө­нін­де­гі пай­да­ла­ну­шы­ның нұс­қа­улы­ғы неме­се тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі ұй­ым­ға ар­нал­ған шарт;
4) ұшу­ды қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған шар­ттар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
5) пай­да­ла­ну­шы­ның авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік бағ­дар­ла­ма­сы;
6) пай­да­ла­ну ерекше­лік­те­рі­нің жо­ба­сы;
7) әуе ке­ме­сін эки­паж­сыз жал­ға алу шар­тта­ры­ның (ке­лі­сім­шар­ттың) кө­шір­ме­сі (жал­ға алын­ған әуе ке­ме­сі болған жағ­дай­да).
Құ­жат­тар­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де қо­са бе­ре оты­рып, осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім ұсы­ны­ла­ды.
Же­ке тұл­ға жү­гін­ген жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім­ді,мы­на­дай құ­жат­тар­ды қо­са бе­ре оты­рып:
әуе ке­ме­сі­нің, ұшу ап­па­ра­ты­ның және қо­сал­қы құ­ры­л­ғы­ның осы үл­гі­сін бас­қа­ру­ға рұқ­са­ты бар пи­лот­тың қол­да­ны­с­та­ғы ку­ә­лі­гі­нің кө­шір­ме­сі;
аза­мат­тық әуе ке­ме­сін, ұшу ап­па­ра­тын, қо­сал­қы құ­ры­л­ғы­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің және аза­мат­тық әуе ке­ме­сі­нің қол­да­ны­с­та­ғы ұшу­ға жа­рам­ды­лы­ғы сер­ти­фи­ка­ты­ның кө­шір­ме­сі;
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру түр­ле­рі ту­ра­лы Заң­да­ры­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес сақ­тан­ды­ру­ды қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған құ­жат­тың кө­шір­ме­сі;
өзі­нің әуе ке­ме­ле­рі­нің ба­қы­лан­бай­тын әуе ке­ңі­сті­гін­де ұшуы ке­зін­де ұшу­ды ұй­ым­да­сты­ру мен қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша жа­сал­ған шар­ттар­дың кө­шір­ме­сі;
ұшу­ды жүр­гі­зу жө­нін­де­гі нұс­қа­улық;
тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді рет­теу жө­нін­де­гі пай­да­ла­ну­шы­ның нұс­қа­улы­ғы неме­се тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі ұй­ым­ға ар­нал­ған шарт;
Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дың бар­лық кө­шір­ме­ле­рі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қо­лы­мен рас­та­ла­ды.
Же­ке тұл­ға­ның құ­жат­та­рын пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де қо­са бе­ре оты­рып, осы Қа­ғи­да­лар­дың 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­нім ұсы­ны­ла­ды.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы, ұшу­ды орын­дау құқы­ғы­на ку­ә­лік (ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сы) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі (қа­жет болған жағ­дай­да) ар­қы­лы ала­ды.
Ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ер­кін ны­сан­да­ғы өті­нім­ді, қа­жет­ті негіз­де­ме­ні және бұ­рын бе­рі­л­ген ку­ә­лік­ті қо­са бе­ре­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды:
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – қа­ғаз жет­кіз­гіш­те­гі өті­ніш­тің қа­был­дан­ға­нын рас­тау құ­жат­тар топ­та­ма­сы­ның қа­был­дан­ған кү­ні мен уа­қы­ты және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу­дың жос­пар­лан­ған кү­ні көр­се­ті­л­ген тір­кеу ту­ра­лы бел­гі бо­лып та­бы­ла­ды;
пор­тал ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу кү­ні мен уа­қы­тын көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе жі­бе­рі­ле­ді.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­де­рі
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
2) өті­ніш бе­ру­ші­нің және (неме­се) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­луы.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Ми­ни­стр­лік­тің - www.​miid.​gov.​kz, www.​mid.gоv.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» де­ген бө­лі­мін­де;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның: www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бо­ла­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі және мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414 және 8 800 080 7777 не Ми­ни­стр­лік­тің мы­на­дай те­ле­фон­да­ры бой­ын­ша 8 (7172) 75-48-41, 75-45-89.

Қолданыстағы