Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1123 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в энергоаудиторы»

Бұйрық · № 566 · қабылданған 08.08.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-1123/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1123 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в энергоаудиторы» Күшін жойған Бұйрық ·№ 566 ·08.08.2023
10.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1123 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в энергоаудиторы»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 566 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1123 «Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в энергоаудиторы»
Атауы (қаз.)
«Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
566
Қабылданған күні
08.08.2023
Көрсетілген редакция
10.06.2024 184869_703297.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033263
ЭКБ идентификаторы
184869
Редакция идентификаторы
184869_703297
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:28

0 «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларында:
2-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (сұрау салу);
2) жоғары инженерлік-техникалық білім туралы дипломның электрондық көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын оқу орталығы берген энергия аудиті бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы курстардан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) кандидаттың еңбек қызметін және кемінде 5 (бес) жыл жалпы техникалық өтілінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, оның ішінде энергия аудиторлық ұйымда энергия аудиторы кемінде 1 (бір) жыл;
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №234 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша III және одан жоғары рұқсат беру тобының білімін біліктілік тексеру хаттамасының электрондық көшірмесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10830 болып тіркелген).
».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы