Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1133 «О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций»

Бұйрық · № 11-1-4/269 · қабылданған 30.09.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-1133-ekb-146879/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1133 «О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций» Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/269 ·30.09.2020
30.09.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1133 «О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций»

Қолданыста Бұйрық ·№ 11-1-4/269 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1133 «О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций»
Атауы (қаз.)
«Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
11-1-4/269
Қабылданған күні
30.09.2020
Көрсетілген редакция
30.09.2020 146879_483498.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021324
ЭКБ идентификаторы
146879
Редакция идентификаторы
146879_483498
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:32

0 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12572 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтаң кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 292-бабының 1-тармағына, 296-2-бабының 1-тармағына, және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрықпен бекітілген инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптардың:
4-тармағы 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:
пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату, сонымен қатар шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату кезінде толтырылады);
қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;
технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі).»;

2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы