Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 30 января 2015 года № 114-166 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования города Астаны»

Қаулы · № 114-2446 · қабылданған 07.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-114-166/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 30 января 2015 года № 114-166 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования города Астаны» Күшін жойған Қаулы ·№ 114-2446 ·07.12.2016
06.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 30 января 2015 года № 114-166 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования города Астаны»

Күшін жойған Қаулы ·№ 114-2446 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 30 января 2015 года № 114-166 «Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Управление экономики и бюджетного планирования города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 114-166 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
114-2446
Қабылданған күні
07.12.2016
Көрсетілген редакция
06.03.2018 108676_325765.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G161142446A
ЭКБ идентификаторы
108676
Редакция идентификаторы
108676_325765
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:01

0 «Астана қаласының Экономика

және бюджеттік жоспарлау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы
30 қаңтардағы № 114-166
қаулысына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 114-166 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 884 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы № 27 (3232) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 12 наурыздағы № 27 (3250) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақта:
20) тармақша алынып тасталсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы жолымен жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру барысы туралы мониторингті жүзеге асыру;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) мемлекеттік басқару органдарының штаттық сан лимиттеріне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын және жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестелеріне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімі өкімдерінің жобаларын әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:
«34-1) іске асыру жоспарланған мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жергілікті жобаларының тізбесін келісу, қалыптастыру және оны жергілікті өкілетті органға ұсыну;».

2

2. «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы