О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 115 «Об утверждении Перечня и формы документов, подтверждающих соответствие организатора игорного бизнеса квалификационным требованиям»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 115 «Об утверждении Перечня и формы документов, подтверждающих соответствие организатора игорного бизнеса квалификационным требованиям»
- Атауы (қаз.)
- «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 293
- Қабылданған күні
- 29.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2020 148103_489477.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021575
- ЭКБ идентификаторы
- 148103
- Редакция идентификаторы
- 148103_489477
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:03
0 «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтықтың жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі
2020 жылғы 29 қазаны
№ 293 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына 1-қосымша
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
р/с№
Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар
1
2
Букмекерлік кеңсе үшін
1
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
2
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер
3
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Күзет қызметі туралы заң) 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**
4
«Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ойын бизнесі туралы заң) 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары
5
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 40 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт
Тотализатор үшін
1
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы Азаматтық қорғау туралы заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
2
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы мәліметтер
3
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**
4
«Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің, тотализатордың жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары
5
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 10 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт
Казино үшін
1
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешеніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
2
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер
3
қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары
4
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы Күзет қызметі туралы заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**
5
Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары
6
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасасқан шарт
Ойын автоматтары залы үшін
1
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 581-бабының 1-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізінде үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
2
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы туралы мәліметтер
3
қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинациялары
4
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы Күзет қызметі туралы заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**
5
Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ойын мекемесінің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары
6
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 60 000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт
Ескертпе:
* өтініш берушілер мәліметті «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінен алады (жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар түрінде);
** өтініш берушілер мәліметтерді «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінен алады.
2 Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
4-қосымша
Нысан
Күзет қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы туралы мәліметтер
№
Күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі және күні
Күзет қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғаның атауы
Күзет қызметтерін көрсететін заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Лицензияны берген орган
Күзет қызметін жүзеге асыру үшін лицензияның нөмірі және күні
1
2
3
4
5
6