О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 115 «Об утверждении Перечня и формы документов, подтверждающих соответствие организатора игорного бизнеса квалификационным требованиям»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 115 «Об утверждении Перечня и формы документов, подтверждающих соответствие организатора игорного бизнеса квалификационным требованиям»
- Атауы (қаз.)
- «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 167
- Қабылданған күні
- 26.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2024 201136_722483.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035147
- ЭКБ идентификаторы
- 201136
- Редакция идентификаторы
- 201136_722483
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:29
0 «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10876 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 154) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесінде:
«Букмекерлік кеңсе үшін» бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына санитариялық-эпидемиологиялық және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабының 2-тармағына өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
2
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер
3
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Күзет қызметі туралы заң) 5-бабы 1-тармағына сәйкес күзет қызметімен айналысуға лицензия алған заңды тұлғалармен шарттың (шарттардың) болуы туралы мәліметтер**
4
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Ойын бизнесі туралы заң) 15-бабы 2-тармағына сәйкес букмекерлік кеңсенің жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдерінде әзірленген қағидалары**
5
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) Ойын бизнесі туралы заңының 13-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес 40000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасасқан шарт
»;
«Тотализатор үшін» бөлімінде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабының 4-тармағына санитариялық-эпидемиологиялық және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) 61-бабының 2-тармағына өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
2
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер
»;
«Казино үшін» бөлімінде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
1
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы Азаматтық қорғау туралы заңы 61-бабының 2-тармағына сәйкес өртке қарсы және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94-бабы 4-тармағына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (растайтын құжат ұсына отырып: сертификат немесе үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақ үй кешенін аккредиттеу туралы куәлік), үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөліктерінің) болуы туралы мәліметтер*
2
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысандағы бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтар туралы (растайтын құжаттарды ұсына отырып: тауарға арналған декларация, тауарлық-материалдық құндылықтар бойынша жүкқұжаты, шот-фактурлар, сатып алу-сату шарты) болуы туралы мәліметтер
»;
«Ойын зал автоматтары» бөлімінде:

2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
1 Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2024 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 167 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
№
Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі
Ғимараттың мекенжайы
Жылжымайтын мүлікке құқық беретін құжаттың атауы, күні, нөмірі
Кассалар туралы мәліметтер (саны, мекенжайы, орналасқан орны, электронды кассаның мекенжайы (болған жағдайда)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі салаларында рұқсат беру құжаттарының болуы
Ескертпе (эпидемиялық маңызы жоғары объектілер үшін-санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды алу, эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін-қызметтің басталғаны туралы хабарлама)
1
2
3
4
5
6
7
2 Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2024 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 167 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 115 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
№ р/с
Ойын жабдығының атауы
Ойын жабдығының түрі
Сатып алынған жабдықтың шартының нөмірі мен күні
Жабдықты қабылдау-тапсыру актісінің нөмірі мен күні
Мақсаты (букмекерлік кеңсеге немесе тотализаторға немесе казиноға немесе ойын автоматтары залдарына арналған)
Саны
Сериялық немесе инвентарлық нөмірі
Өндіруші
Техникалық жай-күйі (жаңа, бұрын пайдаланылған)
Сәйкестік сертификатының нөмірі және күні, берген орган (жаңа ойын автоматтары үшін)
Жабдықтарды тестілеу күні (жаңа ойын автоматтары үшін)
Бақылау-кассалық аппараттың (фискализатор) нөмірі (болған жағдайда)
Т ехнологиялық тұрғыдан ойын автоматына енгізілген ұтыс пайызы (ойын автоматтары үшін)
Тауар белгісінің тауы
Ойын
мекемесінің
интернет-ресурсы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16