О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 30 апреля 2015 года № 139 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 30 апреля 2015 года № 139 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере архитектуры, градостроительства и строительства»
- Атауы (қаз.)
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 139 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 89
- Қабылданған күні
- 05.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 17.01.2020 101249_440950.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16C0004850
- ЭКБ идентификаторы
- 101249
- Редакция идентификаторы
- 101249_440950
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:08
0 «Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер регламенттерін
бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 139
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 25 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13151 тіркелген) сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 139 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4350 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 маусымда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жобалау қызметіне лицензия беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру», «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру», «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттеріндегі және қосымшаларындағы мәтінінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық)», «ХҚКО», «Орталық», деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес
акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж. М. Бексарыға жүктелсін.
4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 25 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы» бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.