О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 16-НҚ «Об утверждении Правил проведения оценки документов Системы государственного планирования Республики Казахстан, планов развития национальных управляющих холдингов, национальных холдингов и национальных компаний и планов мероприятий национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, акционером которых является государ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 16-НҚ «Об утверждении Правил проведения оценки документов Системы государственного планирования Республики Казахстан, планов развития национальных управляющих холдингов, национальных холдингов и национальных компаний и планов мероприятий национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, акционером которых является государ
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 16-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3-НҚ
- Қабылданған күні
- 10.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2023 178644_620766.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031892
- ЭКБ идентификаторы
- 178644
- Редакция идентификаторы
- 178644_620766
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:25
0
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 16-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 16-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12513 болып тіркелген) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 88 және 170-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне және сараптамалық-талдау қызметіне сәйкес аудиторлық іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) жүзеге асырады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын ұлттық жобаның іске асырылуын бағалау кезiнде Жоғары аудиторлық палата және тексеру комиссиялары келiсiм бойынша бірлескен қызметті жүзеге асырады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Бағалау қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай нысан бойынша ұлттық жобаның іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпаратты;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша ұлттық компанияның даму жоспары мен іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бағалаудың қорытындысы туралы ақпаратты дайындайды.»;
24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. №790 қаулының 89-тармағына сәйкес, Жоғары аудиторлық палатаның өзі жүргізетін аудиторлық іс-шаралар шеңберінде ұлттық жобаның іске асырылуына жүргізген бағалауының қорытындысы мемлекеттік тиімділік аудитінің және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижесі бойынша Жоғары аудиторлық палатаның қаулысы қабылданғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ұлттық жобаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға жіберіледі.
25. Жоғары аудиторлық палатаның ұлттық жобалардың, даму жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуына жүргізген бағалауының қорытындысы Қазақстан Республикасының Президентіне берілетін тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізіледі.
26. Өздері жүргізетін аудиторлық іс-шаралардың және сараптамалық-талдау қызметінің шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бағалау мен іске асырудың негізгі қорытындылары Қазақстан Республикасының Парламентіне жіберілетін, өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Жоғары аудиторлық палатаның жылдық есебіне енгізіледі.»;
1-қосымшада:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құжаттарын қарау нәтижелері.»;
2-қосымшада:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ұлттық холдингтің/компанияның мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау қызметінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының құжаттарын қарау нәтижелері.».