О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 30 июля 2015 года № 181 «Об утверждении регламентов государственной услуги в области животноводства»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 30 июля 2015 года № 181 «Об утверждении регламентов государственной услуги в области животноводства»
- Атауы (қаз.)
- «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 336
- Қабылданған күні
- 14.11.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2019 108365_404970.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16G0003256
- ЭКБ идентификаторы
- 108365
- Редакция идентификаторы
- 108365_404970
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:18
0 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мал шаруашылығы саласындағы мемелекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 181 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2728 болып тіркелген, 2015 жылдың 27 тамызында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі –Регламент):
5 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
жиынтық актіні бағыттар бойынша тіркейді, 3 (үш) жұмыс күні ішінде бөлім ұсынған аудан бойынша жиынтық актілерді деректердің бар-жоғы және толықтығы тұрғысынан қарастырады. Сәйкес келмеу белгіленген жағдайда, оларды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, аудан бойынша жиынтық актілерді қайтарып беру себептерін көрсете отырып, пысықтау үшін бөлімге қайтарып береді;
жиынтық актілер сәйкес болған жағдайда, жиынтық актіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жібереді;»;
8 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:
жиынтық актіні бағыттар бойынша тіркейді, 3 (үш) жұмыс күні ішінде бөлім ұсынған аудан бойынша жиынтық актілерді деректердің бар-жоғы және толықтығы тұрғысынан қарастырады. Сәйкес келмеу белгіленген жағдайда, оларды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, аудан бойынша жиынтық актілерді қайтарып беру себептерін көрсете отырып, пысықтау үшін бөлімге қайтарып береді;
жиынтық актілер сәйкес болған жағдайда, жиынтық актіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына жібереді;»;
Регламенттің 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Жамбыл облысы әкімдігінің
2016 жылғы 14 қарашадағы № 336
қаулысына қосымша
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі және
сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы