О внесении изменений в совместное нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 19-НҚ и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 602 «Об утверждении Правил переподготовки и повышения квалификации работников органов государственного аудита и финансового контроля»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместное нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 19-НҚ и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 602 «Об утверждении Правил переподготовки и повышения квалификации работников органов государственного аудита и финансового контроля»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 602 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2-НҚ
- Қабылданған күні
- 02.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.02.2023 178653_620999.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031898
- ЭКБ идентификаторы
- 178653
- Редакция идентификаторы
- 178653_620999
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:29
0
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 602 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1
1. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-НҚ нормативтік қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 602 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12573 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:»;
көрсетілген бірлескен нормативтік қаулымен және бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» (бұдан әрі – Заң), «Білім туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) біліктілікті арттыру – мемлекеттік аудитордың бұрын алған кәсіби білімін, шеберлігі мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
2) білім беру бағдарламасы – әрбір оқу пәні (курс) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын білім беру бағдарламасы;
3) білімді қорытынды бақылау – тыңдаушылардың тиісті оқыту курсы бойынша алған теориялық және практикалық білімдерін бағалау, оның нәтижелері бойынша оқытудан өткені туралы куәландыратын құжат беру жөнінде шешім қабылданады;
4) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты меңгеруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
5) қосымша білім беру – біліктілікті арттыру және қайта даярлау нысанында іске асырылатын, қызметкерлердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
6) оқу жоспары – қандай да бір бағдарламаның шеңберінде оқу пәндерінің құрамы, олардың әрбір оқу пәніне берілетін академиялық сағаттар саны бойынша бөлінуі белгіленген құжат;
7) оқыту ұйымы – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған ұйымдар:
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлеріне – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы;
ішкі мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;
8) өз бетінше білім алу – қызметкерлердің кәсіби қызметінің барлық кезеңінде өз бетінше жаңа теориялық білім алуға және бар білімдерін жетілдіруге бағытталған білім беру процесі;
9) өтінім беруші – қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға өтінім беретін сыртқы және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары;
10) тыңдаушы – қайта даярлаудан және (немесе) біліктілігін арттырудан өтетін адам;
11) уәкілетті органдар – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында әдістемелік басшылықты жүзеге асыратын әрі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыратын органдар:
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлеріне – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы;
ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген оқыту үшін қаражатты өтеу бойынша талап Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабы 1-тармағының 3), 5), 6) тармақшаларында, 2-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарынан мемлекеттік қызметтен босатылған тыңдаушыларға қолданылмайды.».