О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 20-НҚ «Об утверждении Правил ведения реестра лиц, имеющих сертификат государственного аудитора»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 20-НҚ «Об утверждении Правил ведения реестра лиц, имеющих сертификат государственного аудитора»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2-НҚ
- Қабылданған күні
- 24.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2022 165640_565109.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027242
- ЭКБ идентификаторы
- 165640
- Редакция идентификаторы
- 165640_565109
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:59
0 «Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есеп комитеті:
1) Тізілімге мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың енгізілуін жүзеге асырады;
2) Есеп комитетінің интернет-ресурсында мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізімін жариялайды;
3) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерге тиісті ақпарат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.»;
7-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қағаз және электрондық жеткізгіштегі тізілім мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда); туған күні (күні, айы, жылы); жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және кімнің бергені;
2) тұрғылықты жері (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте); телефон нөмірі (жұмыс, үй, ұялы); электрондық поштасының мекенжайы;
3) тиісті деңгейдегі мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену туралы сертификатының берілген күні және нөмірі;
4) Ұлттық комиссия отырысының мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы хаттамасының күні және нөмірі;
5) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауаптылыққа тартылуы туралы мәліметтер (болған жағдайда);
6) кандидаттың білімін растайтын құжаттың күні және нөмірі;
7) жеке деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) өзгергені туралы мәліметтер;
8) жұмыс орны мен атқаратын лауазымы туралы мәліметтер (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);
9) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіндегі және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі туралы мәліметтер (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);
10) аудит саласындағы халықаралық ұйымдардағы және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі жалпы еңбек өтілі туралы мәліметтер (болған жағдайда) (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);
11) білімі туралы мәліметтер (дипломның нөмірі, берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы, біліктілігі);
12) бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі туралы мәліметтер (сертификаттың күні және нөмірі);
13) Ұлттық комиссия отырысының сертификатты қайтарып алу және телнұсқасын беру туралы хаттамасының күні және нөмірі.»;
9-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қағаз жеткізгіштегі тізілім осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдарды тіркеу кітабы нысанында жүргізіледі.
Жыл аяқталған соң, Тізілім нөмірленеді, тігіледі және оған мөр басылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ұлттық комиссияның жұмыс органы он жұмыс күні ішінде адамдар туралы мәліметтерге:
1) Заңның 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша Ұлттық комиссияның мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы шешімі қабылданған күннен бастап;
2) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамның қайтыс болғаны туралы құжат келіп түскен күннен бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.».