Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 227 «Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Министерством здравоохранения и социального развития Республики Казахстан»

Бұйрық · № 380 · қабылданған 22.09.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-227-ekb-172017/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 227 «Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Министерством здравоохранения и социального развития Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 380 ·22.09.2022
19.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 227 «Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Министерством здравоохранения и социального развития Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 380 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 227 «Об утверждении статистических форм ведомственных статистических наблюдений и инструкций по их заполнению, разработанных Министерством здравоохранения и социального развития Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
380
Қабылданған күні
22.09.2022
Көрсетілген редакция
19.10.2023 172017_661337.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029770
ЭКБ идентификаторы
172017
Редакция идентификаторы
172017_661337
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:54

0

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасы міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық статистикалық байқауларының нысандарын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
5-қосымшада:
реттік нөмірі 3.9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.9
мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ды жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру, адам тру­до­устрой­ство лиц с ин­ва­лид­но­стью, че­ло­век
»;
6-қосымшада:
3-тармақта:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1-жол бойынша басқа еңбек қызметінде жұмыспен қамтылған, бірақ басқа жұмыс тапқысы келетін, қосымша табыс (кіріс) тапқысы және бірнеше еңбек шарты бойынша жұмыс істегісі келетін, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында жұмыс күшіне қажеттілік болған кезде жұмыс берушіге бағытталатын зейнеткерлерді, оқушыларды, студенттерді, мүгедектігі бар адамдарды және басқа адамдарды қоса алғанда адамдардың жалпы саны туралы деректер келтіріледі.»;
жиырма төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3.9-жол бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуының сақталуы көрсетіледі (мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындары) (жастар практикасын, әлеуметтік жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды есепке алусыз).».

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі

Қолданыстағы