Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 227 «Об утверждении Правил реализации или использования имущества, арестованного на основании приговора суда по уголовному делу в части конфискации имущества либо на основании решения о передаче имущества государству»

Бұйрық · № 90 · қабылданған 20.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-227/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 227 «Об утверждении Правил реализации или использования имущества, арестованного на основании приговора суда по уголовному делу в части конфискации имущества либо на основании решения о передаче имущества государству» Қолданыста Бұйрық ·№ 90 ·20.02.2024
20.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 227 «Об утверждении Правил реализации или использования имущества, арестованного на основании приговора суда по уголовному делу в части конфискации имущества либо на основании решения о передаче имущества государству»

Қолданыста Бұйрық ·№ 90 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 227 «Об утверждении Правил реализации или использования имущества, арестованного на основании приговора суда по уголовному делу в части конфискации имущества либо на основании решения о передаче имущества государству»
Атауы (қаз.)
«Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
90
Қабылданған күні
20.02.2024
Көрсетілген редакция
20.02.2024 193554_688262.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034033
ЭКБ идентификаторы
193554
Редакция идентификаторы
193554_688262
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:07

0 «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы 227  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүлікті одан әрі пайдалану туралы шешімді уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қоспағанда, тізілімге енгізілетін мүлік оны сатуға дейін веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға олардың теңгеріміне беру үшін ұсынылуға жатады.
Мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынғанға дейін уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мынадай құжаттардың:
1) мүліктің құнын бағалау туралы есептің;
2) жекелеген файлдармен енгізілетін мүліктің әрбір түрі бойынша суреттердің, ал жылжымайтын мүлік пен көлік құралы үшін әртүрлі жағынан түсірілген кемінде бес суреттің электрондық көшірмелерін тізілімге енгізуді қамтамасыз етеді.
Үлес меншігіндегі мүлікті сатушы сауда-саттыққа шығару алдында нарықтық құны бойынша үлес меншігінің қалған қатысушыларына ұсынады.
Мұндай қатысушылар сатушы жазбаша ұсынысты жіберген күннен бастап бір ай ішінде жылжымайтын мүлікті, 10 (он) жұмыс күні ішінде өзге мүлікті сатып алу-сату шартына қол қоймаған кезде мүліктің осы үлесі сауда-саттыққа шығарылады.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8, 12, 15, 18 және 19-позицияларында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіптің заңдылығын қолдау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарға қолданылмайды.
Осы Қағидаларға 1-қосымшаның 12-позициясында көрсетілген мүлікке қатысты осы тармақтың екінші бөлігінің талаптары осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің, мемлекеттік саяси қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға қолданылмайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Iс Басқармасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасыңың
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы