Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 231 «Об утверждении минимальных требований к аудиторским организациям, которые проводят обязательный аудит»

Бұйрық · № 600 · қабылданған 18.11.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-231-ekb-109076/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 231 «Об утверждении минимальных требований к аудиторским организациям, которые проводят обязательный аудит» Қолданыста Бұйрық ·№ 600 ·18.11.2016
18.11.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 231 «Об утверждении минимальных требований к аудиторским организациям, которые проводят обязательный аудит»

Қолданыста Бұйрық ·№ 600 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 231 «Об утверждении минимальных требований к аудиторским организациям, которые проводят обязательный аудит»
Атауы (қаз.)
«Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
600
Қабылданған күні
18.11.2016
Көрсетілген редакция
18.11.2016 109076_140659.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014673
ЭКБ идентификаторы
109076
Редакция идентификаторы
109076_140659
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:15

0 «Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10875 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2. Ұйымдарға міндетті аудит жүргізу үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйым мынадай:
1) мүшесі аудиторлық ұйым болып табылған өткiзiлген сыртқы сапаны бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымның халықаралық аудит стандарттары және Этика кодексі талаптарының сақталуын растайтын аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымның қорытындысының бар болуы;
2) біліктілік талаптарына сәйкес аудиторлық ұйымдардың есептілікті уәкілетті органға уақтылы ұсынбағаны немесе ұсынбағаны үшін салынатын бір әкімшілік өндіріп алуды қоспағанда, аудиторлық қызметтер көрсетуге шартты жасаған күнге дейін соңғы бір жыл ішінде «Әкiмшiлiк бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінің 247 бабына сәйкес аудиторлық қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін салынатын әкiмшiлiк жазалардың және (немесе) есепті кезең ішінде өз азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша ақпараттың болмауы ең аз талаптарға сәйкес келеді.
3-тармақтың бірінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілде өзгермейді.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (A.T. Бектурова) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
_______________ Д.Ақышев
201_ жылғы «____»________

Қолданыстағы