Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 233 «Об установлении норм расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу»

Бұйрық · № 8 · қабылданған 09.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-233/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 233 «Об установлении норм расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу» Күшін жойған Бұйрық ·№ 8 ·09.01.2017
23.01.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 233 «Об установлении норм расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 8 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 233 «Об установлении норм расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу»
Атауы (қаз.)
«Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
8
Қабылданған күні
09.01.2017
Көрсетілген редакция
23.01.2018 109721_294051.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014777
ЭКБ идентификаторы
109721
Редакция идентификаторы
109721_294051
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:28

0 «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10878 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 156-бабы 1-тармағының 24), 42) және 43) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауга бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде колданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшаға сәйкес салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруынаСалық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалғандербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшаға сәйкес салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары белгіленсін.
Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржыминистрінің
2017 жылғы 9 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 233 бұйрығына
7-қосымша
Салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызметіс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары
р/с №
Ел
Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары
(АҚШ долларымен)
тұруға
1
Америка ҚұрамаШтаттары, Канада, Жапония, ҚытайХалықРеспубликасы, БатысжәнеШығысЕуропа
30-ға дейін
2
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы және Филиппин
25-ке дейін
3
ТәуелсізМемлекеттерДостастығыелдері
10-ға дейін
4
Басқа да елдер
15-ке дейін

2 ҚазақстанРеспубликасы

Қаржыминистрінің
2017 жылғы 9 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
2-қосымша
ҚазақстанРеспубликасы
Қаржыминистрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 233 бұйрығына
8-қосымша
Салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары
р/с

Оқуорны
Күндікшығыстар нормалары (айлықесептіккөрсеткіш)
тұруға
1
Облыс, ауданорталықтары
4 АЕК-кедейін
2
Астана, Алматы, Атырау қалалары
5 АЕК-кедейін

Қолданыстағы