Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 30 апреля 2015 года № 239 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов»

Бұйрық · № 6001-17-7-6/389 · қабылданған 22.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-239-ekb-117214/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 30 апреля 2015 года № 239 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов» Күшін жойған Бұйрық ·№ 6001-17-7-6/389 ·22.11.2017
13.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 30 апреля 2015 года № 239 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 6001-17-7-6/389 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Руководителя Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарата Верховного Суда Республики Казахстан) от 30 апреля 2015 года № 239 «Об утверждении стандарта государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из судебных органов»
Атауы (қаз.)
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6001-17-7-6/389
Қабылданған күні
22.11.2017
Көрсетілген редакция
13.04.2020 117214_460562.kaz
Соңғы өзгеріс
13.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016135
ЭКБ идентификаторы
117214
Редакция идентификаторы
117214_460562
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:12

0 «Сот органдарынан шығатын ресми

құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының
аппараты) Басшысының 2015 жылғы
30 сәуірдегі № 239 бұйрығына өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11584 болып тіркелген, 2015 жылдың 23 шілдесінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармағының 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
4-тармағының 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:
1) құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге - 1 (бір) жұмыс күні;
облыстар, Алматы және Астана қалаларында орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 1 (бip) жұмыс күні;
басқа Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне - 5 (бес) жұмыс күн;
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне

кірмейді;»;
6-тармағының 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесi: құжатқа қол қойған тұлға қолының түпнұсқалығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба – апостиль қойылған құжат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
«15-1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсетуден мынадай негіздермен бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бірыңғай қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1536 болып тіркелген) және осы Стандарттың талаптарына сәйкес келмеуі.»;
24-тармағының 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Мемлекеттік корпорация: www.gov4с.kz.».

2 2. Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
______________ Д. Абаев
27 қараша 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Т. Сүлейменов
11 желтоқсан 2017 жыл

Қолданыстағы