О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 245 «Об утверждении Правил и условий энергоснабжения потребителей, имеющих аварийную бронь»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 245 «Об утверждении Правил и условий энергоснабжения потребителей, имеющих аварийную бронь»
- Атауы (қаз.)
- «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 184
- Қабылданған күні
- 22.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2023 181861_634429.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032556
- ЭКБ идентификаторы
- 181861
- Редакция идентификаторы
- 181861_634429
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:52
0 «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11025 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарында:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) титан, магний және алюминий электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері;»;
3-тармақ:
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) феррохромдарды электр тәсілімен үздіксіз өндіретін ірі металлургиялық кәсіпорындардың объектілері.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе: осы Қағидалардың 3-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, ҮЭО тізбесіне енгізілген объектілер үшін осы объектінің жүктемесін 2023 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болатын көлемде жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосу сақталады.
Бұл ретте жүйелік оператор қажет болған жағдайда жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосылған жүктеме көлемін ұлғайту жағына қарай қайта қарайды.».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.