Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 30 января 2015 года № 25/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Ереже · № 11/5-VI · қабылданған 28.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-252-v/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 30 января 2015 года № 25/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 11/5-VI ·28.03.2017
25.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 30 января 2015 года № 25/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 11/5-VI · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 30 января 2015 года № 25/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 25/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/5-VI
Қабылданған күні
28.03.2017
Көрсетілген редакция
25.10.2018 111833_369045.kaz
Соңғы өзгеріс
25.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VS004994
ЭКБ идентификаторы
111833
Редакция идентификаторы
111833_369045
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:36

0 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің

мөлшерін және тәртібін айқындау
қағидасын бекіту туралы»
Шемонаиха аудандық
мәслихатының 2015 жылғы
30 қаңтардағы № 25/2-V
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 76 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» Шемонаиха аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 25/2-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3693 нөмірімен тіркелген, «Уба-Информ» газетінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 9 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:
1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.»;
5 - тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;»;
9) тармақша алып тасталсын.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы