Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 279 «Об утверждении Правил предоставления тарифных льгот и Перечня товаров, в отношении которых предоставляются тарифные льготы»

Бұйрық · № 737 · қабылданған 27.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-279/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 279 «Об утверждении Правил предоставления тарифных льгот и Перечня товаров, в отношении которых предоставляются тарифные льготы» Қолданыста Бұйрық ·№ 737 ·27.11.2015
27.11.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 279 «Об утверждении Правил предоставления тарифных льгот и Перечня товаров, в отношении которых предоставляются тарифные льготы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 737 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 279 «Об утверждении Правил предоставления тарифных льгот и Перечня товаров, в отношении которых предоставляются тарифные льготы»
Атауы (қаз.)
«Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
737
Қабылданған күні
27.11.2015
Көрсетілген редакция
27.11.2015 97403_43039.kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012832
ЭКБ идентификаторы
97403
Редакция идентификаторы
97403_43039
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:23

0 «Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының бұйрығына

өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы
30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 3-тармағына және «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Тарифтік

жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың
тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 279 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
11069 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12
маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың
2-қосымшасына сәйкес тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес
редакцияда жазылсын.

2 2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 12 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «____» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 30 қараша

8 Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 27 қарашадағы
№ 737 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 279 бұйрығына
2-қосымша
Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)
Тауардың атауы¹
1. Құрылтайшының жарғылық капиталына салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарлар
8432
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес тауарлардан басқа:
8432 10 000 0,
8432 21 000 0,
8432 29 300 0,
8432 30 190 0)
Жерді дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары, көгалдар мен спорт алаңдарына арналған аунақтар
8433
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес тауарлардан басқа:
8433 51 000 1,
8433 51 000 9,
8433 59 110 1,
8433 59 110 9,
8433 59 850 9,
8433 20 900 0)
Пресс жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер, сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престер; пішен шалғылары және көгал шалғылары, жұмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе калибрлеуге арналған машиналар
8434
Сауын қондырғылары мен аппараттары, сүт өңдеуге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар
8435
Шарап жасауға, сидр, жеміс шырындарын және осыған ұқсас сусындар өндірісі үшін ұсақтағыштар және осыған ұқсас жабдықтар
8436
Ауыл шаруашылығына, бағбандыққа, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына немесе бал ара шаруашылығына арналған жабдықтар, механикалық немесе жылытқыш құрылғылары бар тұқым өсіруге арналған жабдықтарды қоса алғанда, өзгелер; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер
8437
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес тауарлардан басқа 8437 10 000 0)
Тұқымды, астықты және құрғақ бұршақ дәнді дақылдарды тазалауға, сұрыптауға немесе іріктеуге арналған машиналар, ауыл шаруашылығы фермаларында пайдаланылатын жабдықтардан басқа ұн тарту өнеркәсібіне арналған немесе дәнді немесе құрғақ бұршақ дәнді дақылдарды өңдеуге арналған жабдықтар
8438
Мал немесе ұшпайтын өсімдік майларын немесе май бөліп алуға немесе жасауға арналған жабдықтардан басқа, аталған топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген азық-түлік өнімдерін немесе сусындарды өнеркәсіптік жолмен жасауға немесе өндіру үшін жабдықтар
8701
(ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарына сәйкес, тауарлардан басқа:
8701 20 101 3,
8701 20 101 8,
8701 20 109 0,
8701 20 901 4)
Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа)
8709
Зауыттарда, қоймаларда, кемежайларда немесе әуежайларда жүктерді шағын қашықтықтарға тасымалдау үшін пайдаланылатын, көтергіш немесе тиегіш қондырғылармен жабдықталмаған өздігінен жүретін өндірістік мақсаттағы өзге электр көлік құралдары, теміржол платформаларында пайдаланылатын тракторлар; жоғарыда аталған көлік құралдарының жаңа, сол сияқты бұрын пайдалануда болған бөлшектері
8716 39 300 9
Жүктерді тасымалдауға арналған өзге жаңа жартылай тіркемелер
8716 39 590 9
Жүктерді тасымалдауға арналған өзге жаңа тіркемелер
8716 39 800 8
Жүктерді тасымалдауға арналған өзге бұрын пайдалануда болған тіркемелер мен жартылай тіркемелер
8802 11 000
Бос снарядталған аппараттың массасымен 2000 кг аспайтын тікұшақтар
8802 30 000 7
Бос снарядталған аппараттың массасымен 2000 кг асатын, бірақ 15 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары, өзгелер
8802 40 001 6
Бос снарядталған аппараттың массасымен
15 000 кг асатын, бірақ 20 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары, өзгелер
8802 40 003 4
Бос снарядталған аппараттың массасымен
20 000 кг асатын, бірақ 90 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан аспайтын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары
8802 40 003 5
Бос снарядталған аппараттың массасымен
20 000 кг асатын, бірақ 90 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын, бірақ 300 адамнан аспайтын жолаушы орындары, отырғыштардың арасында екі өту жолы бар магистральды, кең фюзеляжды азаматтық жолаушы ұшақтары
8802 40 003 6
Бос снарядталған аппараттың массасымен
20 000 кг асатын, бірақ 90 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын, бірақ 300 адамнан аспайтын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары
8901 10 100 1
Теңіз паромдары
9406 00 310 0
Жиналатын құрылыс конструкциялар, жылыжайлар
9406 00 800 9
Өзге материалдардан жасалған жиналатын құрылыс конструкциялары
2.Қант өндіретін кәсіпорындарға үшінші елдерден әкелінетін тауарлар
1701 13
Тростниктік шикі қант
1701 14
Өзге тростниктік шикі қант
Ескертпе:
¹ Тарифтік жеңілдіктер қолдану мақсаттары үшiн тауарлар СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшiн келтiрiлген.

Қолданыстағы