Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 280 «Об утверждении Правил биржевой торговли»

Бұйрық · № 317-НҚ · қабылданған 29.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-280-ekb-200217/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 280 «Об утверждении Правил биржевой торговли» Қолданыста Бұйрық ·№ 317-НҚ ·29.08.2024
29.08.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 280 «Об утверждении Правил биржевой торговли»

Қолданыста Бұйрық ·№ 317-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 280 «Об утверждении Правил биржевой торговли»
Атауы (қаз.)
«Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
317-НҚ
Қабылданған күні
29.08.2024
Көрсетілген редакция
29.08.2024 200217_718657.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035012
ЭКБ идентификаторы
200217
Редакция идентификаторы
200217_718657
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:51

0 «Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық сауда қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қабылданған шешім туралы үміткерге аккредиттеу туралы немесе тауар биржасы аккредиттеуден негізді бас тарту туралы шешім шығарғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жазбаша хабарланады.»;
21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«21-тарау. Мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын қоспағанда, тауар биржасы арқылы сатып алуды өткізу тәртібі»;
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«139. Табиғи монополиялар субъектілерінің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың сатып алулары, сондай-ақ стандартталған тауарларды ұлттық компаниялардың тауар биржалары арқылы сатып алулары осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосарланған қарсы аукцион режимінде жүзеге асырылады.»;
140, 141, 142 және 143-тармақтар алып тасталсын;
144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«144. Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бойынша сауда-саттық өткізу кезінде клирингтік ұйымға сатып алу сомасының кемінде бір пайызы мөлшерінде биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз ету енгізіледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі

Қолданыстағы