Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 293 «Об утверждении Правил проведения аудита по налогам и предоставления аудиторского заключения по налогам»

Бұйрық · № 21 · қабылданған 16.01.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-293-ekb-128728/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 293 «Об утверждении Правил проведения аудита по налогам и предоставления аудиторского заключения по налогам» Қолданыста Бұйрық ·№ 21 ·16.01.2019
16.01.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 293 «Об утверждении Правил проведения аудита по налогам и предоставления аудиторского заключения по налогам»

Қолданыста Бұйрық ·№ 21 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 293 «Об утверждении Правил проведения аудита по налогам и предоставления аудиторского заключения по налогам»
Атауы (қаз.)
«Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21
Қабылданған күні
16.01.2019
Көрсетілген редакция
16.01.2019 128728_387325.kaz
Соңғы өзгеріс
16.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018215
ЭКБ идентификаторы
128728
Редакция идентификаторы
128728_387325
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 21:20

0 «Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша

аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 293 бұйрығына (Нормативті – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11244 тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 60-бабын қолдану мақсатында «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.»;
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салықтар бойынша аудит Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзімі шегінде аудиттелетін субъектіге қатысты кешенді салық тексеру жүргізілмеген кезең үшін жүзеге асырылады.»;
9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, орындаушы аудитор қол қояды, аудиторлық ұйым басшысының қолтаңбасымен бекітіледі.»;
Қағидаларға қосымшада:
оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
« Аудиторлық ұйымның басшысы
______________________________________
______________________________________
(басшының Т.А.Ә. (болған кезде), қолы, аудиторлық ұйымның атауы, лицензияның №, берілген күні)»;
бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудиторлық ұйым_________________________________________________________
(аудиторлық ұйымның атауы, БСН)
салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған 20__ жылғы «__» ___________________
___ шарттың негізінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі),
«Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының
Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес
_________________________________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (болған кезде), резидент заңды тұлғаның атауы жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) қатысты 20__ жылғы «__» _______ бастап
20__ жылғы «__» _______ кезеңге салықтар бойынша аудит жүргізілді және салықтар
бойынша аудиторлық қорытынды жасалды.»;
4-бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салықтар бойынша аудитті жүргізген тұлғалар:
_________________________________________________________________________
(Атқарушы-аудиторлардың Т.А.Ә. (болған кезде), қолы, біліктілік куәлігінің №, берілген күні).».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы