О внесении изменения в решение Сатпаевского городского маслихата от 30 июня 2015 года № 355 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сатпаев и поселка Жезказган»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Сатпаевского городского маслихата от 30 июня 2015 года № 355 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Сатпаев и поселка Жезказган»
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 20.09.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2021 115200_508300.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KF004364
- ЭКБ идентификаторы
- 115200
- Редакция идентификаторы
- 115200_508300
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:51
0 Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдедегі «Шарайна» № 28 (2166) газетінде және 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
28 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«28. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 наурыздағы «Өрлеу» жобасына қатысуға арналған құжаттар нысандарын бекіту туралы» № 37 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген).».