О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 367 «Об утверждении Правил проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 367 «Об утверждении Правил проведения научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры»
- Атауы (қаз.)
- «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 149
- Қабылданған күні
- 31.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2020 103742_456690.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013828
- ЭКБ идентификаторы
- 103742
- Редакция идентификаторы
- 103742_456690
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:57
0 «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын
жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 367 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының
14-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12500 болып тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу қағидаларының:
8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу үшін тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын бекітілген ғылыми-жобалау құжаттама, келісімшарт негізінде мердігер жүргізеді.
Мердігер халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану бойынша уәкілетті органмен келіседі.
Мердігер облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы
16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама жібереді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған қағаз және электрондық түрде осы бұйрықтың көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқытық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін жолдауды;