Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 1107 · қабылданған 02.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-367-ekb-107994/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 1107 ·02.12.2016
27.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1107 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1107
Қабылданған күні
02.12.2016
Көрсетілген редакция
27.05.2020 107994_467589.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014485
ЭКБ идентификаторы
107994
Редакция идентификаторы
107994_467589
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:05

0

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11685 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес «апостиль» мөртабаны бар қағаз жеткізгіштегі құжат не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің берілетін жері және күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.»;
7 және 7-1 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құжат Мемлекеттік корпорация арқылы түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы:
1) құжаттарды қабылдауды және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 15 (он бес) минут ішінде өтінішті тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушіге орындауға тапсыруды жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш пен қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қоюды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жазып жібереді;
4) маман келесі дәйекті іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;
1) құжаттарды апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркейді, ресми құжаттың төлнұсқалығын тексереді, ұсынылған құжатты 14 (он төрт) сағат 35 (отыз бес) минут ішінде апостильдеуге дайындайды не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол және мөр қойып, көрсетілетін қызмет берушінің қызметкеріне қайтарады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжатты алған кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді, ол Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне тізілім бойынша дайын құжатты не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Мемлекеттік корпорациядан түсетін өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тіркелмейді.
7-1. Құжат портал арқылы түскен кезде құрылымдық бөлімшелердің арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін өтініш пен қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жазып жібереді;
3) маман келесі дәйекті іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;
1) құжаттарды апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркейді, ресми құжаттың төлнұсқалығын тексереді, апостильдеуге ұсынылған құжатты не 6 (алты) сағат 50 (елу) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол және мөр қойып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қайтарады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжатты алған кезде 15 (он бес) минут ішінде дайын құжатты беретін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізілімге сәйкес береді.»;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2016 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1107 бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасының әділет
органдарынан және өзге мемлекеттік
органдарынан, сондай-ақ нотариустардан
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы
1.
Іс-әрекеттер (жұмыс барысы, ағымы) №
2
3
4
5
6
2.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің (қыз­мет­кер­ле­рі­нің) тіз­бе­сі
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Бө­лім бас­шы­сы не бө­лім ма­ма­ны (бө­лім бас­шы­сы бір­лі­гі қа­рас­ты­рыл­ма­ған­да)
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
3.
Рә­сім­дер­дің (іс-әре­кет­тер­дің) дәй­ек­ті­лі­гі си­патта­ма­сы
Тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдау
Бөлім басшысына немесе бөлім маманына (бөлім басшысы бірлігі қарастырылмағанда) құжаттардықарауға жазып жібереді
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тек­се­ру, ті­зі­лім­ге тір­кеу, тал­дау жүр­гі­зу, өті­ніш пен құ­жат­тар­ды қа­рау, құ­жат­қа «апо­стиль» мөр­та­ба­нын қою не мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою
Дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізілім бойынша беру
4.
Аяқ­та­лу ны­са­ны («апо­стиль» мөр­та­ба­ны қой­ы­л­ған құ­жат не мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап)
Көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру
Көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде белгі соғу және құжаттарды қарауға ұсыну
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға жол­дау
Ұсыну үшін кеңсеге беру
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжатты тізілім бойынша алуы
5.
Әр рәсімнің ұзақтығы
20минут
15 минут
14 сағат
35 минут
20 минут
15 минут

Қолданыстағы