Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 1001 · қабылданған 07.08.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-367-ekb-114037/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 1001 ·07.08.2017
27.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1001 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1001
Қабылданған күні
07.08.2017
Көрсетілген редакция
27.05.2020 114037_467591.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015466
ЭКБ идентификаторы
114037
Редакция идентификаторы
114037_467591
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:14

0

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11685 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық /қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес «апостиль» мөртабаны бар қағаз жеткізгіштегі құжат, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат беру не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің берілетін жері және күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат беру не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған, көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольды қолданған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.»;
7 және 7-1 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құжат Мемлекеттік корпорация арқылы түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы:
1) құжаттарды қабылдауды және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 15 (он бес) минут ішінде өтінішті тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушіге орындауға тапсыруды жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш пен қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде реестрді Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қоюды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жазып жібереді;
4) маман келесі дәйекті іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;
құжаттарды апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркейді, ресми құжаттың төлнұсқалығын тексереді, ұсынылған құжатты 14 (он төрт) сағат 35 (отыз бес) минут ішінде апостильдеуге дайындайды, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат беру не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол және мөр қойып, көрсетілетін қызмет берушінің қызметкеріне қайтарады;
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжатты алған кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді, ол Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне тізілім бойынша дайын құжатты, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хат беру не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
Мемлекеттік корпорациядан түсетін өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тіркелмейді.
7-1. Құжат портал арқылы түскен кезде құрылымдық бөлімшелердің арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін өтініш пен қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жазып жібереді;
3) маман келесі дәйекті іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;
құжаттарды апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркейді, ресми құжаттың төлнұсқалығын тексереді, 6 (алты) сағат 50 (елу) минут ішінде апостильдеуге ұсынылған құжатты, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хатты не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол және мөр қойып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қайтарады;
көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжатты алған кезде 15 (он бес) минут ішінде дайын құжатты беретін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін, көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жолыққан кезде қарастырудың тоқтатылғаны жөніндегі хатты не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізілімге сәйкес береді.»;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2017 жылғы 7 шілдедегі
№ 1001 бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан
және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ
нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль
қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы
1.
Іс-әре­кет­тер (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­мы) №
2
3
4
5
6
2.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­ле­рі­нің (қыз­мет­кер­ле­рі­нің) тіз­бе­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Бө­лім бас­шы­сы не бө­лім ма­ма­ны (бө­лім бас­шы­сы бір­лі­гі қа­рас­ты­рыл­ма­ған­да)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі
3.
Рә­сім­дер­дің (іс-әре­кет­тер­дің) дәй­ек­ті­лі­гі си­патта­ма­сы
Ті­зі­лім­ге сәй­кес құ­жат­тар­ды қа­был­дау
Бө­лім бас­шы­сы­на неме­се бө­лім ма­ма­ны­на (бө­лім бас­шы­сы бір­лі­гі қа­рас­ты­рыл­ма­ған­да) құ­жат­тар­ды­қа­ра­у­ға жа­зып жі­бе­ре­ді
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тек­се­ру, ті­зі­лім­ге тір­кеу, тал­дау жүр­гі­зу, өті­ніш пен құ­жат­тар­ды қа­рау, құ­жат­қа «апо­стиль» мөр­та­ба­нын қою, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өті­ні­шпен жо­лық­қан кез­де қа­рас­ты­ру­дың тоқ­та­ты­л­ға­ны жө­нін­де­гі хат не мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сіне қол қою
Дай­ын құ­жат­тар­ды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­ріне ті­зі­лім бой­ын­ша бе­ру
4.
Аяқ­та­лу ны­са­ны («апо­стиль» мөр­та­ба­ны қой­ы­л­ған құ­жат, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өті­ні­шпен жо­лық­қан кез­де қа­рас­ты­ру­дың тоқ­та­ты­л­ға­ны жө­нін­де­гі хат не мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Бі­рың­ғай элек­трон­дық құ­жат ай­на­лы­мы жүй­е­сін­де ре­естр­ді тір­кеу және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қол­хат бе­ру
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің Бі­рың­ғай элек­трон­дық құ­жат ай­на­лы­мы жүй­е­сін­де бел­гі со­ғу және құ­жат­тар­ды қа­ра­у­ға ұсы­ну
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға жол­дау
Ұсы­ну үшін кең­се­ге бе­ру
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі­нің құ­жат­ты ті­зі­лім бой­ын­ша алуы
5.
Әр рә­сім­нің ұз­ақ­тығы
20­ми­нут
15 ми­нут
14 са­ғат
35 ми­нут
20 ми­нут
15 ми­нут

2 Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және
өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ
нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль
қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің
АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетілген кезде
Қызмет Электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілгенде
Қызметті электрондық түрде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсеткенде
*ҚФБ – Құрылымдық-функционалдық бірлік: қызмет беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимыл жасауы;

Қолданыстағы