О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 367 «Об утверждении регламента государственной услуги «Апостилирование официальных документов, исходящих из органов юстиции и иных государственных органов, а также нотариусов Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 17.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2020 128765_467581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018207
- ЭКБ идентификаторы
- 128765
- Редакция идентификаторы
- 128765_467581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:20
0
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11685 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1-тармағының екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерімен (бұдан әрі - Департамент) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетіледі.»;
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялануы және енгізу үшін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;