Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 368 «Об утверждении Правил ведения Национального перечня элементов нематериального культурного наследия»

Бұйрық · № 231-НҚ · қабылданған 13.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-368/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 368 «Об утверждении Правил ведения Национального перечня элементов нематериального культурного наследия» Қолданыста Бұйрық ·№ 231-НҚ ·13.05.2025
13.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 368 «Об утверждении Правил ведения Национального перечня элементов нематериального культурного наследия»

Қолданыста Бұйрық ·№ 231-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 368 «Об утверждении Правил ведения Национального перечня элементов нематериального культурного наследия»
Атауы (қаз.)
«Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 368 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
231-НҚ
Қабылданған күні
13.05.2025
Көрсетілген редакция
13.05.2025 210046_760223.kaz
Соңғы өзгеріс
13.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036103
ЭКБ идентификаторы
210046
Редакция идентификаторы
210046_760223
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:26

0 «Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің

ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 368 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12594 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармақ 333) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2025 жылғы 13 мамырдағы
№ 231-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 368 бұйрығымен
бекітілген
Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармақ 333) тармақшасына сәйкес әзірленіп, Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін (бұдан әрі – Ұлттық тізбе) жүргізу тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы (бұдан әрі – МЕММ) – ұрпақтан ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктер мен пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ олармен байланысты құралдар, заттар;

2

2) материалдық емес мәдени мұраны сақтаушылар – Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларын жасауда, сақтауда және қайта жаңғыртуда маңызды рөл атқаратын, мәдени әртүрлілікті байытатын және адамдардың шығармашылық қабілетін дамытатын жергілікті және этникалық қоғамдастықтар, топтар және кейбір жағдайда жекелеген адамдар;

3 3) уәкілетті орган – мәдениет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

4 4) Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі – Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұрасының мәдени құндылықтар тізбесі.

3 3. Материалдық емес мәдени құндылықтарға мына элементтер (бұдан әрі –элемент):

1 1) МЕММ жеткізгіші ретінде тілді қоса алғанда, пайымның ауызша дәстүрлері мен нысандары;

2 2) қазақ тілінің сөздік қоры;

3 3) орындаушылық өнерлер;

4 4) салттар;

5 5) әдет-ғұрыптар;

6 6) мейрамдар;

7 7) табиғат пен әлемге жататын білім және салттар;

8 8) дәстүрлі кәсіптермен байланысты білім және дағдылар жатады.

4 4. Ұлттық тізбені қалыптастыру мен жүргізудің мақсаты МЕММ элементтерінің сақталуын, қорғалуын, құжатталуын, сәйкестендірілуін және жалпы халық арасында насихатталуын қоса алғанда, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету, оларды жаңғыртудағы рөлін арттыру болып табылады.

2 2-тарау. Ұлттық тізбені қалыптастыру және жүргізу тәртібі

5 5. Ұлттық тізім бұл халықтың әдет-ғұрпын, оны көрсету және білдіру түрлерін, білімдері мен дағдыларын, сондай-ақ олармен байланысты құралдар мен заттарды қамтитын және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін Қазақстан халқының мәдени құндылықтарының тізімі болып табылады.

6 6. Ұлттық тізімді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді.

7 7. Ұлттық тізім мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың МЕММ элементі туралы қажетті мәліметтері көрсетілген өтінім негізінде қалыптастырылады.

8 8. Ұлттық тізімді қалыптастыру кезінде уәкілетті орган өтінімді қабылдау басталғанға дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Ұлттық тізімге енгізу үшін өтінім қабылданатыны жөнінде хабарландыруды өз Интернет-ресурсында орналастырады.

9

9. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар Ұлттық тізімге енгізу үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта және электронды тасымалдағышта NKN-Perechen@gmail.com электронды мекенжайына жолдайды, оған міндетті түрде МЕММ элементінің фотосуреттері, бейне немесе аудиоматериалдары (таныстыру үшін) қоса беріледі.

10

10. Уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Ұлттық тізімге енгізу бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімді (бұдан әрі – ұсыным) алу үшін материалдарды уәкілетті орган жанынан құрылған мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) мүшелеріне жолдайды.

11

11. Комиссия мүшелері өтінімді алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде МЕММ элементі туралы мәліметтердің маңыздылығы мен сабақтастығы, сондай-ақ МЕММ элементтерін Қазақстан аумағында тұратын этностар, топтар немесе жекелеген тұлғалар өздерінің мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде танып қолдануын айқындау бөлігінде қарастырып, талдайды.

12

12. МЕММ элементін Ұлттық тізімге енгізуді айқындау жөніндегі ұсыным мәдениет саласындағы уәкілетті орган жанынан құрылған құрамына тарих, мәдениет және өнер салаларындағы танымал қайраткерлер, ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ шығармашылық бірлестік өкілдері кіретін комиссия отырыстарында ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

13 13. Комиссияның ұсынымы негізінде уәкілетті орган 10 (он) жұмыс күні ішінде МЕММ элементтерін Ұлттық тізімге енгізеді.

14 14. Ұлттық тізімге енгізілген әрбір МЕММ элементіне тіркеу нөмірі беріледі.

15 15. Бекітілген Ұлттық тізім уәкілетті органның ресми Интернет-ресурсында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылады.

1 Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі

Материалдық емес мәдени
мұра элементтерінің ұлттық тізбесін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына қосымша
Нысан
Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесі

МЕММ эле­мен­ті­нің то­лық ата­уы
МЕММ эле­мен­ті­нің тү­рі
МЕММ эле­мен­ті­нің си­патта­ма­сы (қан­дай да бір эт­нос­қа ти­е­сі­лі­гі, сон­дай-ақ жан­ры, пай­да бо­лу та­рихы, МЕММ-ны сақ­та­у­шы­лар және та­ғы бас­қа си­паттай­тын мә­лі­мет­тер)
МЕММ эле­мен­ті
нің та­рал­ған же­рі (об­лыс, қа­ла, аудан, ауыл)
Фо­то­су­рет­тер, ви­део неме­се аудио
ма­те­ри­ал­дар (да­на)
МЕММ эле­мен­ті­нің сақ­та­лу дең­гейі
Ұлт­тық ті­зім­ге МЕММ эле­мен­тін ен­гіз­ген мә­де­ни құн­ды­лық­тар­ды зер­де­ле­умен ай­на­лы­са­тын же­ке және заң­ды тұл­ға
ту­ра­лы ақ­па­рат (ТАЖ мен бай­ла­ныс те­ле­фо­нын көр­се­те оты­рып)
1
2
3
4
5
6
7
8
Ескерту:
МЕММ – материалдық емес мәдени мұра.
ТАЖ – тегі, аты-жөні (болған жағдайда).

Қолданыстағы