О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 30 октября 2015 года № 38-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района имени Габита Мусрепова от 30 октября 2015 года № 38-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в районе имени Габита Мусрепова»
- Атауы (қаз.)
- «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-4
- Қабылданған күні
- 24.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2017 103418_171791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SE003779
- ЭКБ идентификаторы
- 103418
- Редакция идентификаторы
- 103418_171791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:02
0 «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы № 38-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 3487 тіркелді, 2016 жылғы 4 қаңтарда аудандық «Есіл Өңірі», 2016 жылғы 4 қаңтарда «Новости Приишимья» газеттерінде жарияланды) Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауың Қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) мына өзгерістер енгізілсін:
Қағидалардың 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегі Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, «Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 88 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10474 тіркелді), Мемлекет басшысының Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 72-тармағына сәйкес «Ерекше кезең» экономикалық саясатының шараларын ескере отыра әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.»;
Қағидалардың 2-тармағы 13) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«13) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
Қағидалардың 17- тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«17. Әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 3-қосымшаның 18) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасын ұсыну және тізім бойынша, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын көрсетіледі. Әлеуметтік көмекті төлеу өтіп кеткен тоқсанға жүргізіледі.»;
Қағидалардың 31-тармағы алынып тасталсын;
Қағидалардың 3-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
______________________ Е. Сұлтанов
2016 жылғы « 24» мамыр
3 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит
Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының 2016 жылғы
24 мамырдағы № 3-4
шешіміне қосымша
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларына 3-қосымша
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуге арналған негіздемелердің түпкілікті тізбесі