Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 30 апреля 2015 года № С-39/6 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Енбекшильдерском районе»

Өзге акт · № С-3/6 · қабылданған 22.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-396/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 30 апреля 2015 года № С-39/6 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Енбекшильдерском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ С-3/6 ·22.07.2016
27.04.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 30 апреля 2015 года № С-39/6 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Енбекшильдерском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ С-3/6 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Енбекшильдерского районного маслихата от 30 апреля 2015 года № С-39/6 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Енбекшильдерском районе»
Атауы (қаз.)
Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № С-39/6 «Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-3/6
Қабылданған күні
22.07.2016
Көрсетілген редакция
27.04.2017 105769_184582.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BJ005501
ЭКБ идентификаторы
105769
Редакция идентификаторы
105769_184582
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:17

0 Еңбекшілдер аудандық

мәслихатының 2015 жылғы
30 сәуірдегі № С-39/6
«Еңбекшілдер ауданында тұратын
аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің тәртібі мен мөлшерін
айқындау туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № С-39/6 «Еңбекшілдер ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4815 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда аудандық «Жаңа дәуір» және «Сельская новь» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасындағы 2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді іске асыратын уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Еңбекшілдер аудандық бөлімі арқылы немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді.»;
аталған шешімнің қосымшасындағы 9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«9. Еңбекшілдер ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелген) есептейді».

2 2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшіне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Еңбекшілдер ауданының әкімі А. Қиықов
«22» шілде 2016 жыл

Қолданыстағы