Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-3/269 «Об утверждении Правил ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости»

Бұйрық · № 153 · қабылданған 04.05.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-4-3269-ekb-142547/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-3/269 «Об утверждении Правил ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости» Қолданыста Бұйрық ·№ 153 ·04.05.2020
04.05.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-3/269 «Об утверждении Правил ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости»

Қолданыста Бұйрық ·№ 153 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-3/269 «Об утверждении Правил ежегодного государственного технического осмотра тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости»
Атауы (қаз.)
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына ө
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
153
Қабылданған күні
04.05.2020
Көрсетілген редакция
04.05.2020 142547_461230.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020571
ЭКБ идентификаторы
142547
Редакция идентификаторы
142547_461230
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:38

0

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11710 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

0 Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 4 мамыры № 153
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-3/269 бұйрығымен
бекітілген
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап - тексеруден өткізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрленді және тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбiн айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) иеленуші – меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде машинаға иелік ететін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы));

2 2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

3 3) тiркеу құжаты – машинаның жол қозғалысына қатысуға және пайдалануға жіберілгенін растайтын, машинаға арналған ресми құжат болып табылатын техникалық паспорт;

4

4) «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, өзіне бекітіліп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

5 5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

3

3. Осы Қағидалардың 19-тармағында айқындалған машиналарды қоспағанда иеленушілерге (көрсетілетін қызметті алушыларға) тиесілі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органында (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші)) мемлекеттік (уақытша) тіркеуде тұрған машиналар жылына бір рет мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өтуі тиіс.

4

4. Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру олардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу деректерінің тиесілілігін нақтылау, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы қағидаларын өрескел бұзушылықтарды (техниканың аталған түріне шығарушы зауыттың берген реттеуші құжаттамаларымен) және ақаулықтарды ескерту мақсатында жүргiзiледi.

5 5. Осы Қағидалардың мақсаттарын жүзеге асыру үшін тіркеу пункттері ретінде жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) түсініледі.

2 2-тарау. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тәртiбi

6 6. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуді жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

7

7. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын ескере отырып, машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін (бұдан әрі – кесте) жасайды, онда машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізетін орны, күні және уақыты туралы мәліметтер қамтылады.
Кестені жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) ауыл шаруашылығы саласындағы функцияны жүзеге асырытын құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді.

8

8. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мерзімді баспа басылымдарында жариялау жолымен иеленушілерді (көрсетілетін қызметті алушыларды) машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсыну мерзімдері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

9 9. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүзеге асыратын машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру осындай жұмыстар басталар алдында машиналардың тікелей орналасқан жері бойынша кестеге сәйкес жүргізіледі.

10

10. Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізу үшін иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қағаз түрінде не «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және ұсынылуын, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

11

11. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсе маманы құжаттарды келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде тіркеуді жүзеге асырады және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жолдайды, ол жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты инженер-инспекторын тағайындайды.
Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері құжаттар келіп түскен жағдайда, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды тіркеу және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

12 12. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты инженер-инспекторы құжаттарды келіп түскен күні «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тіркейді, ұсынылған құжаттардың толықтығын, тексереді.

Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ пайдалана отырып, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
Иеленуші (көрсетілетін қызметті алушы) құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда «Е-лицензиялау» МДБ АЖ пайдалана отырып өткізу күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама дайындайды.

13 13. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруден өткізуге дайын екендігі туралы хабарламаға немесе уәжді бас тартуға қол қояды.

Жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеруді өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама немесе уәжді бас тарту портал арқылы электрондық құжат түрінде иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) «жеке кабинетіне» жіберіледі немесе басып шығарылып, жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен, тіркеу пунктінің мөртаңбасымен куәландырылады және жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

14 14. Машиналарды техникалық қарап-тексеру машина иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.

15 15. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізген кезде:

1 1) машиналардың кiмге тиесiлi екенiн нақтылайды, типінің, моделiнiң, шығарылған жылының, машинаның, шассидің, қозғалтқыштың, рамасының, зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлік белгiсiнiң тiркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестiгiн тексередi;

2 2) машиналардың техникалық жай-күйінің машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтік техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді.

16 16. Агрегаттар мен механизмдер ажыратылмай, диагностикалық аспаптар мен бақылау құралдарын пайдалана отырып тексерiледi. Тiркемелердiң техникалық жай-күйi тракторлық поездың құрамында (тарту-ілу құрылғысы мен тежегішті бұғаттағыштың ақаусыздығын бақылау үшін) тексеріледі.

17 17. Машиналарды техникалық қарап-тексеруге қойылатын талаптармен реттелетін нормативтiк техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өтпеген болып саналады.

18 18. Шығарылғанына 5 (бес) жылға дейінгі жаңа машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу тіркеу пункттерінде тіркелгеннен кейін алғашқы 5 (бес) жыл ішінде бір рет олардың техникалық жай-күйі тексерілмей жүргізіледі.

19

19. Техникалық қарап-тексеруден өткен машиналарға тіркеу құжатына (техникалық паспортына) «Ақаусыз» деген жазу жазылады, ал техникалық қарап-тексеруден өтпеген машиналарға «Ақауы бар» деген жазу жазылады, ол жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторының қолымен және тіркеу пунктінің мөртабанымен расталады.

20 20. Тұрақты есепте тұрған жерiнен басқа өңірлерге 2 (екі) және одан да көп айдан астам мерзімге шыққан машиналар олардың уақытша болған жерінде техникалық қарап-тексеруден өткізуге ұсынылады.

21 21. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткен жеке тұлғалардың машиналары туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеру журналына енгізеді.

22

22. Заңды тұлғалардың машиналарын мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) инженер-инспекторы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу актісін ресімдейді. Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу актісі екі данада жасалады, оның біреуі заңды тұлғаның өкіліне беріледі, ал екіншісі тіркеу пунктінде қалады.

23 23. Жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

24 24. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) техникалық ақаулық анықталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы операторды хабардар етеді.

Туындаған ақаулықты жою жұмыстары жүргізілгеннен кейін оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші) қол қояды.

3 3-тарау. Шағымдану тәртібі

25

25. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

26 26. Иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мыналар қарауы тиіс:

жергілікті атқарушы орган (көрсетілетін қызметті беруші), уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

27 27. Жергілікті атқарушы органның (көрсетілетін қызметті берушінің), уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге бара отырып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарауға өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген иеленушіге (көрсетілетін қызметті алушыға) ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

28 28. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

1 Өтініш

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен механизмдердi
, монтаждалған арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда, олардың
тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылық, мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi
жоғары арнайы машиналарды
жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
__________________________________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық
маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы)
__________________________________________________________________________________________
(жеке тұлға үшін - аты, әкесінің аты ( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты
мекенжайы; заңды тұлға үшін - атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жерінің
мекенжайы (заңды мекенжайы))
Өтініш
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
машинаны/ларды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзуді сұраймын.
Өтініш берушінің қолы _____________ 20__ _ жылғы « ___ » ___________________________________
20___ жылғы « ___ » _______ ____сағат____минутта қабылданды.
Инженер-инспектор ___________________________________________________ __________________
қолы
Техникалық қарап-тексеруден__________________20________ жылғы « ___ » ___________
(өтті/өтпеді)
________________________________________________________________________________________

2 «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдердi, монтаждалған арнаулы
жабдығы бар тiркемелердi қоса
алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерiн,
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық қарап-
тексеруден өткiзу қағидаларына
2-қосымша
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) өті­ні­мі:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
2) www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зім­де­рі:
Өті­ніш тір­кел­ген сәт­тен ба­стап ма­ши­на­ның ті­ке­лей тұр­ған жерi бой­ын­ша 10 (он) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
Ма­ши­на­ны тір­кеу пунк­тіне әкел­ген кез­де өті­ніш тір­кел­ген сәт­тен ба­стап 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: қа­ғаз тү­рін­де
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық/қа­ғаз тү­рін­де.
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Тір­кеу құ­жа­ты­на (тех­ни­ка­лық пас­порт­қа) ин­же­нер-ин­спек­тор­дың қо­лы­мен және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мөр­та­ба­ны­мен рас­тал­ған «Ақа­уы бар» не «Ақа­у­сыз» де­ген жа­з­ба ен­гі­зу
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7.
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі - жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру - са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 17.30-ға дей­ін.
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де:
1) ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
2) тiр­кеу құ­жа­ты.
пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де:
1) элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
2) тір­кеу құ­жа­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бар­лық қа­жет­ті құ­жат­тар­ды:
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге тап­сыр­ған кез­де – қа­ғаз жет­кіз­гіш­те­гі өті­ніш­тің қа­был­дан­ға­нын құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау кү­ні мен уа­қы­ты көр­се­ті­ле оты­рып, оның кө­шір­ме­сіне қой­ы­л­ған бел­гі рас­тай­ды;
пор­тал ар­қы­лы тап­сыр­ған кез­де – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін сұ­ра­ным­ның қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе көр­се­ті­ле­ді.
9.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға ар­нал­ған, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
«Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» 2013 жы­л­ғы 15 сәу­ір­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 19-1-ба­бы 2-тар­ма­ғы 1) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі фак­ті­сі анық­тал­ған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры 8 (7172) 701 998, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414, 8 800 080 7777.
Үшін­ші тұ­лға­лар­дың қыз­мет­ті алу шар­тта­ры:
Пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет­тен» ұсы­ны­л­ған мә­лі­мет­тер сұ­ра­ты­лып отыр­ған тұл­ға­ның ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, сон­дай-ақ пор­тал­да­ғы ха­бар­ла­ма­ға жа­у­ап ре­т­ін­де бір рет­тік па­роль­ді бе­ру жо­лы­мен неме­се қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма­ны жі­бе­ру жо­лы­мен субъ­ек­ті­нің пор­тал­да тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы үшін­ші тұ­лға­лар­дың элек­трон­дық сұ­рау са­луы.

3 Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу журналы

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен механизмдердi,
монтаждалған арнаулы жабдығы
бар тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиорациялық және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерiн,
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарды жыл сайынғы
мемлекеттiк техникалық қарап-
тексеруден өткiзу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу журналы
Р/с

Қа­рап-тек­се­ру  жүр­гiзiл­ген күнi
Ма­ши­на­ның ата­уы және мар­ка­сы
Нө­мiр­лерi
Мем­ле­кет­тік тір­кеу
нө­мі­рі
бел­гiсi
Иесiнiң  аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі
Тех­ни­ка­лық жай-күйi  ту­ра­лы қо­ры­тын­ды  (ақа­уы бар, ақа­у­сыз)
Ма­ши­на ие­ле­ну­ші­нің қо­лы
Шас­си­дің
неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі­нің
(VIN ко­ды)
қоз-ғалт-қыш-тың
1
2
3
4
5
6
7
8
9

4 Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу актiсі

Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен механизмдердi,
монтаждалған арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда, олардың
тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылық, мелиорациялық
және жол-құрылыс машиналары мен
механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi
жоғары арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттiк техникалық
қарап-тексеруден өткiзу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Машиналарды мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу актiсі
20__ жылғы «___» ________
Мен,________________________________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның және облыстық
маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы инженер-инспекторының аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
____________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________ бiрге
(қарап-тексеруге қатысушы адамдардың аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)
____________________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
теңгерімінде тұрған машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткiздiм.
Машиналарды техникалық қарап-тексеруден өткізу кезiнде мыналар анықтады:
1. Машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге _________ бірлік (саны)
мынадай машиналар ұсынылды:
Р/с

Ма­ши­на­ның ата­уы
Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі
Шы­ға­ру­шы за­уыт­тың рет­тік нө­мі­рі
Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
Ма­ши­на­лар­дың мем­ле­кет­тiк тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­ден өт­кен­дi­гi ту­ра­лы қо­ры­тын­ды
ма­ши­на­ның (ра­ма­сы­ның)
қоз­ғалт­қы­штың
1
2
3
4
5
6
7
Техникалық қарап-тексеруден _____________________________ бірлік машина өттi.
(саны)
Техникалық қарап-тексеруден_____________________ бірлік машина өтпедi, оның
(саны)
iшiнде мынадай себептермен:
техникалық ақауы бар _____________________________________________ бірлік;
(саны)
конструкциясы нормативтiк-техникалық құжаттамаларға сәйкес
келмейді ________________________________________________________ бірлік:
(саны)
мемлекеттік тіркеу деректеріне сәйкес келмейді_______________________ бірлік.
2. ___________ машина мемлекеттік техникалық қарап-тексеруге ұсынылмады:
(саны)
Р/с №
Ма­ши­на­ның мар­ка­сы
Мем­ле­кет­тiк тiр­кеу нө­мі­рі бел­гiсi
Ма­ши­на­лар­ды мем­ле­кет­тік тех­ни­ка­лық қа­рап-тек­се­ру­ге ұсын­бау се­беп­терi
1
2
3
4
Заңды тұлғаның басшысы _____________________________________________________
(қолы аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)
Бухгалтер (немесе есеп жүргiзушi адам) _________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)
Инженер-инспектор __________________________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)
Машина иеленуші немесе
оған уәкілеттік берілген адам:
___________________________________________________________________________
(қолы, аты, әкесінің аты (бар болса) , тегі)

Қолданыстағы