О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-4/282 «Об утверждении перечня карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений, и перечня особо опасных вредных организмов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-4/282 «Об утверждении перечня карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений, и перечня особо опасных вредных организмов»
- Атауы (қаз.)
- «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 234
- Қабылданған күні
- 09.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2017 113871_213619.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015419
- ЭКБ идентификаторы
- 113871
- Редакция идентификаторы
- 113871_213619
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:50
0
«Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 4 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасы ______________ К. Мәсімов
2017 жылғы 29 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 26 маусым
9 Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ 234 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-4/282 бұйрығына
1-қосымша
Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі
Р/с №
Мемлекеттік тілдегі атауы
Латын тіліндегі атауы
1 1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ, карантиндік маңызы бар, карантиндік зиянды организмдер
1 1-параграф. Жәндіктер және кенелер
1.
Батыстық қарабасты жапырақ ширатқыш көбелек
Acleris gloverana (Walsingham)
2.
Шығыстық қарабасты жапырақ ширатқыш көбелек
Acleris variana (Fernald)
3.
Қайыңның қола зерқоңызы
Agrilus anxius Gory
4.
Бақытгүлдің жапырақ үңгі шыбыны
Nemorimyza maculosa (Malloch)
5.
Қытайлық мұртты қоңыз
Anoplophora chinensis (Forster)
6.
Азиялық мұртты қоңыз
Anoplophora glabripennis (Motschulsky)
7.
Африкалық қауын шыбыны
Bactrocera cucurbitae (Coquillett)
8.
Бидай қандаласы
Blissus leucopterus (Say)
9.
Callosobruchus тұқымдас дән қоңыздары
Callosobruchus spp.
10.
Кең тұмсықты қамба бізтұмсығы
Caulophilus latinasus (Say)
11.
Інжірдің балауызды жалған қалқаншалы сымыры
Ceroplastes rusci (Linnaeus)
12.
Америкалық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі
Choristoneura fumiferana (Clemens)
13.
Батыстық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі
Choristoneura occidentalis Freeman
14.
Жасыл бақша көбелегі
Chrysodeixis eriosoma (Doubleday)
15.
Жеміс бізтұмсығы
Conotrachelus nenuphar (Herbst)
16.
Емен шілтершісі
Corythucha arcuata (Say)
17.
Батыстық қарағай тінжегіші
Dendroctonus brevicomis Le Conte
18.
Таулық қарағай тінжегіші
Dendroctonus ponderosae Hopkins
19.
Шырша тінжегіші
Dendroctonus rufipennis (Kirby)
20.
Қарағайдың сары тінжегіші
Dendroctonus valens Le Conte
21.
Азиялық жеміс шыбыны
Drosophila suzukii (Matsumura)
22.
Америкалық эхинотрипс
Echinothrips americanus Morgan
23.
Картоптың бүрге-қоңызы
Epitrix cucumeris Harris
24.
Картоптың түйнектік бүрге-қоңызы
Epitrix tuberis Gentner
25.
Америкалық темекі бітесі
Frankliniella fusca (Hinds)
26.
Вест-үнділік гүл бітесі
Frankliniella insularis (Franklin)
27.
Шығыс гүл бітесі
Frankliniella tritici (Fitch)
28.
Қызанақ бітесі
Frankliniella schultzei (Trybom)
29.
Жүгері бітесі
Frankliniella williamsi Hood
30.
Қоңыр-мәрмәр қандала
Halymorpha halys Stål
31.
Америкалық жүгері көбелегі
Helicoverpa zea (Boddie)
32.
Шығыстық алты тікенекті қабықжегіш
Ips calligraphus (Germar)
33.
Шығыстық бес тікенекті қабықжегіш
Ips grandicollis (Eichhoff)
34.
Орегондық қарағай қабықжегіші
Ips pini (Say)
35.
Калифорниялық қабықжегіш
Ips plastographus
(Le Conte)
36.
Қарағайдың тұқым қандаласы
Leptoglossus occidentalis Heidemann
37.
Оңтүстік америкалық жапырақ үңгі шыбыны
Liriomyza huidobrensis Blanchard
38.
Калифорниялық бұршақтың үңгі шыбыны
Liriomyza langei Frick
39.
Пияздың үңгі шыбыны
Liriomyza nietzkei Spencer
40.
Көкөністің жапырақ үңгі шыбыны
Liriomyza sativae Blanchard
41.
Беденің америкалық үңгі шыбыны
Liriomyza trifolii (Burgess)
42.
Оңтүстік америкалық жүзім құрты
Margarodes vitis (Philippi)
43.
Көпқоректі бүкір шыбын
Megaselia scalaris
(Loew)
44.
Қарағайдың жапондық мұртты қоңызы
Monochamus alternatus Hope
45.
Каролиналық мұртты қоңыз
Monochamus carolinensis (Olivier)
46.
Қарағайдың теңбіл мұртты қоңызы
Monochamus clamator Le Conte
47.
Марморатор мұртты қоңызы
Monochamus marmorator Kirby
48.
Мутатор мұртты қоңызы
Monochamus mutator Le Conte
49.
Солтүстік-шығыс мұртты қоңызы
Monochamus notatus (Drury)
50.
Жалпақ қанат қалқанды мұртты қоңыз
Monochamus obtusus Casey
51.
Ақ теңбіл мұртты қоңыз
Monochamus scutellatus (Say)
52.
Оңтүстік қарағай мұртты қоңызы
Monochamus titillator (Fabricius)
53.
Ақ жиекті қоңыз
Pantomorus leucoloma Boheman
54.
Мақта күйесі
Pectinophora gossypiella (Saunders)
55.
Андылық картоп бізтұмсығы
Premnotrypes spp.
56.
Тұт ағашының қалқаншалы сымыры
Pseudaulacaspis pentagona (Targioni-Tozzetti)
57.
Ақ ұнтақты шығыс құрты
Pseudococcus citriculus Green
58.
Қаражидектің алақанат шыбыны
Rhagoletis mendax Curran
59.
Алма шыбыны
Rhagoletis pomonella Walsh
60.
Бөрітарақ тамырының сымыры
Rhizoecus hibisci Kawai & Takagi
61.
Алманың домалақ басты шырылдауық мұртты қоңызы
Saperda candida Fabricius
62.
Цитрус бітесі
Scirtothrips citri (Moulton)
63.
Үңдіқытайлық гүл бітесі
Scirtothrips dorsalis Hood
64.
Оңтүстік түн көбелегі
Spodoptera eridania (Cramer)
65.
Жүгерінің жапырақ көбелегі
Spodoptera frugiperda (Smith)
66.
Мысырлық мақта көбелегі
Spodoptera littoralis (Boisduval)
67.
Азиялық мақта көбелегі
Spodoptera litura (Fabricius)
68.
Гватемалалық картоп күйесі
Tecia solanivora (Povolny)
69.
Қызанақтың қызыл өрмекші кенесі
Tetranychus evansi Baker and Pritchard
70.
Гавай бітесі
Thrips hawaiiensis Morgan
71.
Пальма бітесі
Thrips palmi Karny
72.
Капр қоңызы
Trogoderma granarium Everts
73.
Күнбағыс жапырақжегісі
Zygogramma exclamationis (Fabricius)
74.
Алманың зерқоңызы
Agrilus mali (Motschulsky)
75.
Темекі аққанаты
Bemisia tabaci Gennadius
76.
Шабдалы жеміс жемірі
Carposina niponensis Wlsingham
77.
Жерорта теңізінің жеміс шыбыны
Ceratitis capitata (Wiedemann)
78.
Жапондық балауызды жалған қалқаншалы сымыр
Ceroplastes japonicus Green
79.
Қоснүктелі алтын түстес түн көбелегі
Chrysodeixis chalcites (Esper)
80.
Шынардың шілтерші қандаласы
Corythucha ciliata Say
81.
Сібір жібек көбелегі
Dendrolimus sibiricus Chetverikov
82.
Шыршаның үлкен тінжегіші
Dendroctonus micans (Kugelmann)
83.
Картоптың қанқызыл қоңызы
Epilachna vigintioctomaculata Motschulsky
84.
Батыс гүл бітесі
Frankliniella occidentalis Pergande
85.
Таяқша тәріздес жапондық қалқаншалы сымыр
Lopholeucaspis japonica (Cockerell)
86.
Қара теңбіл мұртты қоңыз
Monochamus impluviatus Motschulsky
87.
Қара жылтыр мұртты қоңыз
Monochamus nitens Bates
88.
Қара барқыт-теңбіл мұртты қоңыз
Monochamus saltuarius Gebler
89.
Шыршаның кіші қара мұртты қоңызы
Monochamus sutor Linnaeus
90.
Шыршаның үлкен қара мұртты қоңызы
Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim)
91.
Алмұрттың қанкөбелегі
Numonia pyrivorella (Matsumura)
92.
Картоп күйесі
Phthorimaea operculella (Zeller)
93.
Уссуриялық полиграф
Polygraphus proximus
Blandford
94.
Жапон қоңызы
Popillia japonica Newman
95.
Филлоксера
Viteus vitifoliae Fitch.
96.
Шағанның көк-жасыл қушық денелі зерқоңызы
Agrilus planipennis Fairmaire
97.
Батыс жүгері қоңызы
Diabrotica virgifera Le Conte
98.
Солтүстік жүгері қоңызы
Diabrotica barberi Smith & Lawrence
2 2-параграф. Жұмырқұрттар
99.
Қарағай діңінің жұмырқұрты
Bursaphelenchus xylophilus (Steiner & Buhrer) Nickle
100.
Картоптың бозғылт жұмырқұрты
Globodera pallida (Stone) Behrens
101.
Картоптың колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты
Meloidogyne chitwoodi Golden, O´Bannon, Santo & Finley
102.
Жалған колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты
Meloidogyne fallax Karssen
3-параграф. Саңырауқұлақтар
103.
Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі)
Atropellis pinicola Zeller & Goodding
104.
Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі)
Atropellis piniphilla (Weir.) Lohman & Cash
105.
Еменнің түтікшелі микозы
Ceratocystis fagacearum (Bretz.) Hunt
106.
Шағанның төбе қурауы
Chalara fraxinea
T. Kowalski
107.
Кәмила гүлінің күйігі
Ciborinia camelliae Koch
108.
Жүгері жапырақтарының теңбілі
Cochliobolus carbonum R.R. Nelson
109.
Қаражидектің тұтқыр шірігі
Diaporthe vaccinii Shear
110.
Мақта антракнозы
Glomerella gossypii (South) Edgerton
111.
Қоңыр монилиоз шірігі
Monilinia fructicola (Winter) Honey
112.
Қарағай қылқанының қоңыр дақты күйігі
Mycosphaerella dearnessii M.E. Bar
113.
Техастық тамыр шірігі
Phymatotrichopsis omnivora (Duggar) Hennebert
114.
Қандағаш фитофторозы
Phytophthora alni Brasier & S.A. Kirk
115.
Әсемдік және сүректі дақылдар фитофторозы
Phytophthora kernoviae Brasier
116.
Сүректі және бұта дақылдары фитофторозы
Phytophthora ramorum Weres et al.
117.
Пеларгонияның тат ауруы
Puccinia pelargonii-zonalis Doidge
118.
Картоп қаракүйесі
Thecaphora solani Thirum et O'Breien
119.
Бидайдың үнді (карнал) қаракүйесі
Tilletia indica Mitra
120.
Жаңғақтың ойық жара ауруы
Sirococcus clavigignenti-juglandacearum Nair, Kostichka & Kunt
121.
Жүгерінің құрғақ шірігі
Stenocarpella macrospora (Earle) Sutto
122.
Жүгерінің құрғақ шірігі
Stenocarpella maydis (Berkeley) Sutton
123.
Қызыл күрең церкоспороз
Cercospora kikuchii
(T. Matsu & Tomoyasu) Gardn.
124.
Бүлдірген антракнозы
Colletotrichum acutatum Simmonds
(C. xanthii Halsted)
125.
Күнбағыс фомопсисі
Diaporthe helianthi
Munt.-Cvet. et al.
126.
Бақытгүл аскохитозы
Didymella ligulicola
(K.F. Baker, Dimock & L.H. Davis) von Arx
127.
Бүлдірген мен таңқурайдың фитофторозды тамыр шірігі
Phytophthora fragariae Hickman
128.
Бақытгүлдің ақ таты
Puccinia horiana Henn.
129.
Картоптың қатерлі ісігі
Synchytrium endobioticum (Schilbersky) Percival
4 4-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар
130.
Асқабақ дақылдарының бактериялық теңбілденуі
Acidovorax citrulli (Shaad et al.)
131.
Бидайдың сары шырышты бактериозы
Rathayibacter tritici (Carlson & Vidaver) Zgurskaya et al.
132.
Жүгерінің бактериялық солуы
Pantoea stewartii subsp. stewartii (Smith) Mergaert et al.
133.
Жүзімнің алтындай сарғаю фитоплазмасы
Candidatus Phytoplasma vitis
134.
Жүзімнің бактериялық солуы
Xylophilus ampelinus (Panagopoulos) Willems et al.
135.
Пияз жапырағының күйігі
Xanthomonas axonopodis pv. allii (Roumagnac et al., 2004 a)
136.
Күріштің бактериялық күйігі
Xanthomonas oryzae pv. oryzae (Ishiyama) Swings et al.
137.
Күріштің бактериялық жолағы
Xanthomonas oryzae pv. oryzicola (Fang et al.) Swings et al.
138.
Картоптың қоңыр шірігі
Ralstonia solanacearum (Smith) Yabuuchi et al.
139.
Алма пролиферациясының фитоплазмасы
Candidatus Phytoplasma mali
140.
Алмұрттың сарқылуы фитоплазмасы
Candidatus Phytoplasma pyri
5 5-параграф. Вирустар мен вироидтар
141.
Қызыл шие жапырағын тілімдеуші черавирус
Cherry rasp leaf cheravirus
142.
Шабдалының латентті теңбілі вироиді
Peach latent mosaic viroid
143.
Шабдалының ұсақ жапырақтылық теңбілі неповирусы
Peach rosette mosaic nepovirus
144.
Картоптың андылық латентті тимо-вирусы
Andean potato latent tymovirus
145.
Картоп теңбілінің андылық комовирусы
Andean potato mottle comovirus
146.
Картоптың Т теповирусы
Potato T tepovirus
147.
Картоп сарғаюының альфамовирусы
Potato yellowing alfamovirus
148.
Қызанақ жапырағының сарғыш бұйралану бегомовирусы
Tomato yellow leaf curl begomovirus
149.
Қызылша жүйкесінің некротикалық сарғаюы бенивирусы
Beet necrotic yellow vein benyvirus
150.
Қынагүлдің некротикалық теңбілдігінің тосповирусы
Impatiens necrotic spot tospovirus
151.
Қараөрік шаркасының (шешегінің)потивирусы
Plum pox potyvirus
152.
Картоп түйнектерінің ұршық тәріздігінің вироиді
Potato spindle tuber viroid
153.
Темекінің сақиналы теңбілдігінің неповирусы
Tobacco ringspot nepovirus
154.
Қызанақтың сақиналы теңбілдігінің неповирусы
Tomato ringspot nepovirus
6 6-параграф. Өсімдіктер
155.
Түкті итошаған
Bidens pilosa L.
156.
Тікенекті сүттіген
Euphorbia dentata Michx.
157.
Калифорния күнбағысы
Helianthus californicus DC.
158.
Кірпікті күнбағыс
Helianthus ciliaris DC.
159.
Масаты тектес шырмауықгүл
Ipomoea hederacea L.
160.
Шұңқырлы шырмауықгүл
Ipomoea lacunosa L.
161.
Қолтықты аюбадана
Iva axillaris Pursh.
162.
Каролина алқасы
Solanum carolinense L.
163.
Салалы жапырақты алқа
Solanum elaeagnifolium Cav.
164.
Стригалар
Striga spp.
165.
Үштармақ ойраншөп
Ambrosia trifida L.
166.
Ұзын тікенекті ценхрус
Cenchrus longispinus (Hack.) Fern
167.
Тікенекті алқа
Solanum rostratum Dun.
168.
Үш гүлді алқа
Solanum triflorum Nutt.
2 2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянды организмдер
1 1-параграф. Жәндіктер
169.
Шығыс жеміс жемірі
Grapholita molesta (Busck)
170.
Америкалық ақ көбелек
Hyphantria cunea Drury
171.
Қарағайдың қара мұртты қоңызы
Monochamus galloprovincialis (Olivier)
172.
Қауын шыбыны
Myiopardalis pardalina (Bigot)
173.
Комсток сымыры
Pseudococcus comstocki (Kuwana)
174.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр
Quadraspidiotus perniciosus Comst.
175.
Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі
Tuta absoluta (Povolny)
176.
Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі (Lda)
Lymantria dispar asiatica Vnukovskij
2 2-параграф. Жұмырқұрттар
177.
Картоптың алтын түстес жұмырқұрты
Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens
3 3-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар
178.
Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі
Erwinia amylovora (Burrill) Winslow et al.
4 4-параграф. Өсімдіктер
179.
Жатаған (қызғылт) кекіре
Acroptilon repens DC
180.
Жусан жапырақты ойраншөп
Ambrosia artemisiifolia L.
181.
Көп жылдық ойраншөп
Ambrosia psilostachya DC.
182.
Арам сояулар
Cuscuta spp.
3 3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ бөтен текті түрлер
183.
Ерекше жүгері қоңызы
Diabrotica speciosa Germer
184.
Оңтүстік жүгері қоңызы
Diabrotica undecimpunctata howardi Barber