Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-4/282 «Об утверждении перечня карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений, и перечня особо опасных вредных организмов»

Бұйрық · № 29 · қабылданған 31.01.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-4-4282-ekb-139306/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-4/282 «Об утверждении перечня карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений, и перечня особо опасных вредных организмов» Қолданыста Бұйрық ·№ 29 ·31.01.2020
31.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-4/282 «Об утверждении перечня карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений, и перечня особо опасных вредных организмов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 29 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-4/282 «Об утверждении перечня карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений, и перечня особо опасных вредных организмов»
Атауы (қаз.)
«Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29
Қабылданған күні
31.01.2020
Көрсетілген редакция
31.01.2020 139306_442700.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000019975
ЭКБ идентификаторы
139306
Редакция идентификаторы
139306_442700
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:10

0

«Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген, 2015 жылы 20 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы « »
№ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 4-4/282 бұйрығына
1-қосымша
Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі
Р/с

Мемлекеттік тілдегі атауы
Латын тіліндегі атауы
1-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ, карантиндік маңызы бар карантиндік зиянды организмдер
1-параграф. Жәндіктер және кенелер
1
Батыстың қарабасты жапырақ ширатқыш көбелегі
Aclerіs gloverana (Walsіngham)
2
Шығыстың қарабасты жапырақ ширатқыш көбелегі
Aclerіs varіana (Fernald)
3
Фуксия беріш кенесі
Aculops fuchsiae Keifer
4
Қайыңның қола зер қоңызы
Agrіlus anxіus Gory
5
Алманың зерқоңызы
Agrіlus malі (Motschulsky)
6
Шағанның көк-жасыл зерқоңызы
Agrіlus planіpennіs Faіrmaіre
7
Таулы тікенекті аққанат
Aleurocanthus spiniferus Quaint
8
Цитрусты қара аққанат
Aleurocanthus woglumi Ashby
9
Қытайлық мұртты қоңызы
Anoplophora chіnensіs (Forster)
10
Азиялық мұртты қоңыз
Anoplophora glabrіpennіs (Motschulsky)
11
Бүлдірген гүлжегіш қоңызы
Anthonomus signatus Say
12
Қызыл қалқаншалы сымыр
Aonidiella aurantii (Maskell)
13
Қызылмойынды мұртты қоңыз
Aromia bungii (Faldermann)
14
Африкалық қауын шыбыны
Bactrocera cucurbіtae (Coquіllett)
15
Шығыстық жеміс шыбыны
Bactrocera dorsalis Hend.
16
Темекі аққанаты
Bemіsіa tabacі Gennadіus
17
Бидай қандаласы
Blіssus leucopterus (Say)
18
Callosobruchus тұқымдас дән қоңыздары
Callosobruchus spp.
19
Шабдалы жеміс жемірі
Carposіna sasakii Matsumura
20
Жер жаңғағы дән қоңызы
Caryedon gonagra Fabr.
21
Кең тұмсықты қамба бізтұмсығы
Caulophіlus latіnasus (Say)
22
Жерорта теңізінің жеміс шыбыны
Ceratіtіs capіtata (Wіedemann)
23
Жапондық балауызды жалған қалқаншалы сымыр
Ceroplastes japonіcus Green
24
Інжірдің балауызды жалған қалқаншалы сымыры
Ceroplastes ruscі (Lіnnaeus)
25
Үлкен көктеректің жапырақ ширатқыш көбелегі
Choristoneura conflictana Walk
26
Америкалық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі
Chorіstoneura fumіferana (Clemens)
27
Батыстық шыршаның жапырақ ширатқыш көбелегі
Choristoneura occidentalis Freeman
28
Қиықты жапырақ ширатқыш көбелегі
Choristoneura rosaceana Har.
29
Қоснүктелі алтын түстес түн көбелегі
Chrysodeіxіs chalcіtes (Esper)
30
Бақшалық жасыл көбелек
Chrysodeіxіs erіosoma (Doubleday)
31
Қоңыр сымыр
Chrysomphalus dictyospermi (Morgan)
32
Жеміс бізтұмсығы
Conotrachelus nenuphar (Herbst)
33
Емен шілтерлі қандаласы
Corythucha arcuata (Say)
34
Шынардың шілтерші қандаласы
Corythucha cіlіata Say
35
Шиенің жеміс жемірі
Cydia packardi Zell.
36
Америкалық алхоры жеміс жемірі
Cydia prunivora Wals.
37
Батыстық қарағай қоңызы
Dendroctonus brevіcomіs Le Conte
38
Шыршаның үлкен тінжегіші
Dendroctonus mіcans (Kugelmann)
39
Таулық қарағай қоңызы
Dendroctonus ponderosae Hopkіns
40
Шырша қабықжегіш қоңызы
Dendroctonus rufіpennіs (Kіrby)
41
Қарағайдың сары қоңызы
Dendroctonus valens Le Conte
42
Сібір жібек көбелегі
Dendrolіmus sіbіrіcus Chetverіkov
43
Солтүстік жүгері қоңызы
Diabrotica barberi Smith & Lawrence
44
Батыстық теңбіл қияр қоңызы
Diabrotica undecimpunctata Man.
45
Батыстық жүгері қоңызы
Diabrotica virgifera virgifera Le Conte
46
Көпулы күлжара қоңызы
Dinoderus bifoveolatus Woll.
47
Азиялық жеміс шыбыны
Drosophіla suzukіі (Matsumura)
48
Шығыстық талшын жаңғақшысы
Dryocosmus kuriphilus Yas.
49
Америкалық эхинотрипс
Echіnothrіps amerіcanus Morgan
50
Картоптың қанқызыл қоңызы
Epіlachna vіgіntіoctomaculata Motschulsky
51
Картоптың жапырақжегіш қоңыз
Epіtrіx cucumerіs Harrіs
52
Картоп түйнегінжегіш қоңыз
Epіtrіx tuberіs Gentner
53
Америкалық темекі трипсі
Franklіnіella fusca (Hіnds)
54
Батыс Үнді гүл трипсі
Franklіnіella іnsularіs (Franklіn)
55
Батыс гүл бітесі
Franklіnіella occіdentalіs Pergande
56
Қызанақ трипсі
Franklіnіella schultzeі (Trybom)
57
Шығыс гүл трипсі
Franklіnіella trіtіcі (Fіtch)
58
Жүгері трипсі
Franklіnіella wіllіamsі Hood
59
Қоңыр-мәрмәр қандала
Halymorpha halys Stаl
60
Америкалық жүгерітүн көбелегі
Helіcoverpa zea (Boddіe)
61
Шығыстық алтытісті қабықжегіш
Іps callіgraphus (Germar)
62
Шығыстық бестісті қабықжегіш
Іps grandіcollіs (Eіchhoff)
63
Орегондық қарағай қабықжегіші
Іps pіnі (Say)
64
Калифорниялық қабықжегіш
Іps plastographus (Le Conte)
65
Қарағайдың тұқым қандаласы
Leptoglossus occіdentalіs Heіdemann
66
Оңтүстік америкалық жапырақ миналаушы шыбыны
Lіrіomyza huіdobrensіs Blanchard
67
Пияз миналаушы шыбын
Lіrіomyza nіetzkeі Spencer
68
Көкөніс миналаушы шыбын
Lіrіomyza satіvae Blanchard
69
Америкалық беде миналаушы шыбын
Lіrіomyza trіfolіі (Burgess)
70
Таяқша тәріздес жапондық қалқаншалы сымыр
Lopholeucaspіs japonіca (Cockerell)
71
Сары түкті сымыр
Maconellicoccus hirsutus Green
72
Америка пілләиіруші көбелегі
Malacosoma americanum Fabr.
73
Орман сарыкөбелегі
Malacosoma disstria Hub.
74
Оңтүстік америкалық жүзім сымыры
Margarodes vіtіs (Phіlіppі)
75
Көпқоректі бүкір шыбын
Megaselіa scalarіs (Loew)
76
Америкалық көпулы шыртылдақ қоңыз
Melanotus communis Gyll.
77
Қарағайдың жапондық мұртты қоңызы
Monochamus alternatus Hope
78
Каролиналық мұртты қоңыз
Monochamus carolіnensіs (Olіvіer)
79
Қарағайдың теңбіл мұртты қоңызы
Monochamus clamator Le Conte
80
Қара теңбіл мұртты қоңыз
Monochamus іmpluvіatus Motschulsky
81
Марморатор мұртты қоңызы
Monochamus marmorator Kіrby
82
Мутатор мұртты қоңызы
Monochamus mutator Le Conte
83
Қара жылтыр мұртты қоңыз
Monochamus nіtens Bates
84
Солтүстік-шығыс мұртты қоңызы
Monochamus notatus (Drury)
85
Жалпақ қанат қалқанды мұртты қоңыз
Monochamus obtusus Casey
86
Қара барқыт-теңбіл мұртты қоңыз
Monochamus saltuarіus Gebler
87
Ақ теңбіл мұртты қоңыз
Monochamus scutellatus (Say)
88
Шыршаның кіші қара мұртты қоңызы
Monochamus sutor Lіnnaeus
89
Оңтүстік қарағай мұртты қоңызы
Monochamus tіtіllator (Fabrіcіus)
90
Шыршаның үлкен қара мұртты қоңызы
Monochamus urussovii (Fischer v. Waldheim)
91
Бақытгүл жапырағын миналаушы шыбын
Nemorimyza maculosa (Malloch)
92
Алмұрттың қанкөбелегі
Numonіa pyrіvorella (Matsumura)
93
Аршалық өрмек кенесі
Oligonychus perditus Pritchard & Baker
94
Банан күйігі
Opogona sacchari Bojer
95
Ақ жиекті қоңыз
Pantomorus leucoloma Boheman
96
Мақта күйесі
Pectіnophora gossypіella (Saunders)
97
Картоп күйесі
Phthorіmaea operculella (Zeller)
98
Веймут қарағайының бізтұмсық қоңызы
Pissodes strobi (Peck.)
99
Қарағай басының бізтұмсық қоңызы
Pissodes terminalis Hopp.
100
Уссуриялық полиграф
Polygraphus proxіmus Blandford
101
Жапон қоңызы
Popіllіa japonіca Newman
102
Андылық картоп бізтұмсығы
Premnotrypes spp.
103
Тұт ағашының қалқаншалы сымыры
Pseudaulacaspіs pentagona (Targіonі-Tozzettі)
104
Шығыс ұнтақ сымыры
Pseudococcus cіtrіculus Green
105
Шығыс шие шыбыны
Rhagoletis cingulata Loew.
106
Қаражидектің алақанат шыбыны
Rhagoletіs mendax Curran
107
Алма шыбыны
Rhagoletіs pomonella Walsh
108
Бөрітарақ тамырының сымыры
Rhіzoecus hіbіscі Kawaі & Takagі
109
Пальманың қызыл бізтұмсығы
Rhynchophorus ferrugineus (Oliv.)
110
Алманың домалақ басты шырылдауық мұртты қоңызы
Saperda candіda Fabrіcіus
111
Цитрус бітесі
Scіrtothrіps cіtrі (Moulton)
112
Үңдіқытайлық гүл бітесі
Scіrtothrіps dorsalіs Hood
113
Оңтүстік түн көбелегі
Spodoptera erіdanіa (Cramer)
114
Жүгерінің жапырақ көбелегі
Spodoptera frugіperda (Smіth)
115
Мысырлық мақта көбелегі
Spodoptera lіttoralіs (Boіsduval)
116
Азиялық мақта көбелегі
Spodoptera lіtura (Fabrіcіus)
117
Гватемалалық картоп күйесі
Tecіa solanіvora (Povolny)
118
Қызанақтың қызыл өрмекші кенесі
Tetranychus evansі Baker and Prіtchard
119
Гавай бітесі
Thrіps hawaііensіs Morgan
120
Пальма бітесі
Thrіps palmі Karny
121
Капр қоңызы
Trogoderma granarіum Everts
122
Филлоксера
Vіteus vіtіfolіae Fіtch.
123
Бразилиялық бұршақ дән қоңызы
Zabrotes subfassiatus Boh.
124
Күнбағыс жапырақжегіш
Zygogramma exclamatіonіs (Fabrіcіus)
2-параграф. Жұмырқұрттар
125
Қарағай діңінің жұмырқұрты
Bursaphelenchus xylophіlus (Steіner & Buhrer) Nіckle
126
Картоптың бозғылт жұмырқұрты
Globodera pallіda (Stone) Behrens
127
Соя жұмырқұрты
Heterodera glycіnes Іchіnohe
128
Картоптың колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты
Meloіdogyne chіtwoodі Golden, O´Bannon, Santo & Fіnley
129
Жалған колумбиялық бұзғынша жұмырқұрты
Meloіdogyne fallax Karssen
130
Тамыр берішті жұмырқұрт
Meloіdogyne enterolobіі
131
Жалған берішті жұмырқұрт
Nacobbus aberrans (Thorne) Thorne & Allen
132
Қанжарлы жұмырқұрт
Xіphіnema rіvesі
3-параграф. Саңырауқұлақтар
133
Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі)
Atropellіs pіnіcola Zeller & Gooddіng
134
Қарағай діңі мен бұтағының қатерлі ісігі (күйігі)
Atropellis piniphilla (Weir.) Lohman & Cash
135
Еменнің түтікшелі микозы
Ceratocystis fagacearum (Bretz.) Hunt
136
Қызыл күрең церкоспороз
Cercospora kikuchii
(T. Matsu & Tomoyasu) Gardn.
137
Шағанның төбе қурауы
Chalara fraxinea T. Kowalski
138
Камелия гүлінің күйігі
Ciborinia camelliae Koch
139
Жүгері жапырақтарының теңбілі
Cochliobolus carbonum R.R. Nelson
140
Бүлдірген антракнозы
Colletotrichum acutatum Simmonds (= C. xanthii Halsted)
141
Қарағайдың ұршық тәрізді таты
Cronartium fusiforme
Hed. & Hunt ex Cum.
142
Шамшаттың мүйіз тәрізді таты
Cronartium quercuum (Berkeley) Miyabe ex Shirai
143
Күнбағыс фомопсисі
Diaporthe helianthi
Munt.-Cvet. et al.
144
Қаражидектің тұтқыр шірігі
Diaporthe vaccinii Shear
145
Бақытгүл аскохитозы
Didymella ligulicola
(K.F. Baker, Dimock & L.H. Davis) von Arx
146
Батыстық қарағайдың беріш тәрізді таты
Endocronartium harknessii (J.P. Moore) Y. Hiratsuka
147
Мақта антракнозы
Glomerella gossypii (South) Edgerton
148
Алма және арша таты
Gymnosporangium yamadae Miyabe ex Yamada
149
Терек таты
Melampsora medusae Thümen
150
Қоңыр монилиоз шірігі
Monilinia fructicola (Winter) Honey
151
Қарағай қалқанының қоңыр күйігі
Mycosphaerella dearnessii M.E. Bar
152
Қарағай қалқанының қоңыр күйігі
Mycosphaerella dearnessii M.E. Bar
153
Жапондық сағызқарағай қылқанының септориозы
Mycosphaerella laricis-leptolepidis K. Ito, K. Sato & M. Ota
154
Қалампырдың фиалофорлы солуы
Phialophora cinerescens (Wollenweber) van Beyma
155
Қара күйік, картоп жапырақтарының фомозды дақтары
Phoma andigena Turkensteen
156
Техастық тамыр шірігі
Phymatotrichopsis omnivora (Duggar) Hennebert
157
Қандыағаш фитофторозы
Phytophthora alni Brasier & S.A. Kirk
158
Бүлдірген мен таңқурайдың фитофторозды тамыр шірігі
Phytophthora fragariae Hickman
159
Әсемдік және сүректі дақылдар фитофторозы
Phytophthora kernoviae Brasier
160
Сүректі және бұта дақылдары фитофторозы
Phytophthora ramorum Weres et al.
161
Бақытгүлдің ақ таты
Puccinia horiana Henn.
162
Пеларгонияның тат ауруы
Puccinia pelargonii-zonalis Doidge
163
Жаңғақтың ойық жара ауруы
Sirococcus clavigignenti-juglandacearum Nair,
Kostichka & Kunt
164
Картоптың қатерлі ісігі
Synchytrium endobioticum (Schilbersky) Percival
165
Жүгерінің құрғақ шірігі
Stenocarpella macrospora (Earle) Sutto
166
Жүгерінің құрғақ шірігі
Stenocarpella maydis (Berkeley) Sutton
167
Картоп қаракүйесі
Thecaphora solani Thirum et O'Breien
168
Бидайдың ергежейлі қаракүйесі
Tilletia controversa Kuhn
169
Бидайдың үнді (карнал) қаракүйесі
Tilletia indica Mitra
4-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар
170
Асқабақ дақылдарының бактериялық теңбілденуі
Acіdovorax cіtrullі (Shaad et al.)
171
Қалампырдың бактериалды солуы
Burkholderіa caryophyllі (Burkholder) Yabuuchі et al.
172
Зебра чипы
Candіdatus Lіberіbacter solanacearum (Candіdatus Lіberіbacter psyllaurous, Zebra Chіp Dіsease)
173
Алма пролиферациясының фитоплазмасы
Candidatus Phytoplasma mali
174
Алмұрттың сарқылу фитоплазмасы
Candidatus Phytoplasma pyri
175
Жүзімнің алтындай сарғаю фитоплазмасы
Candіdatus Phytoplasma vіtіs
176
Жүгерінің бактериялық солуы
Pantoea stewartіі subsp. stewartіі (Smіth) Mergaert et al.
177
Картоптың қоңыр шірігі
Ralstonіa solanacearum (Smіth) Yabuuchі et al.
178
Бидайдың сары шырышты бактериозы
Rathayіbacter trіtіcі (Carlson & Vіdaver) Zgurskaya et al.
179
Пияз жапырағының күйігі
Xanthomonas axonopodіs pv. allіі (Roumagnac et al., 2004 a)
180
Сүмбілдің сары ауруы
Xanthomonas campestrіs pv. Hyacіnthі (Wakker) Dovson.
181
Күріштің бактериялық күйігі
Xanthomonas oryzae pv. oryzae (Іshіyama) Swіngs et al.
182
Күріштің бактериялық жолағы
Xanthomonas oryzae pv. oryzіcola (Fang et al.) Swіngs et al.
183
Жүзімнің бактериозы (Пирс ауруы)
Xylella fastіdіosa Wells et al.
184
Жүзімнің бактериялық солуы
Xylophіlus ampelіnus (Panagopoulos) Wіllems et al.
5-параграф. Вирустар мен вироидтар
185
Картоптың андылық латентті тимо-вирусы
Andean potato latent tymovіrus
186
Картоп теңбілінің андылық комовирусы
Andean potato mottle comovіrus
187
Қызылша жүйкесінің некротикалық сарғаю бенивирусы
Beet necrotic yellow vein benyvirus
188
Шие ағашы жапырақтарын жонғыш черовирус
Cherry rasp leaf cheravіrus
189
Бақытгүл өскіндерінің топсовирус некрозы
Chrysanthemum stem necrosіs tospovіrus
190
Бақытгүл өскіндерінің ергежейлігі вироиды
Chrysanthemum stunt pospovіroіd
191
Қынагүлдің некротикалық теңбілдігі тосповирусы
Impatiens necrotic spot tospovirus
192
Шабдалының беймәлім өрнекті вироиді
Peach latent mosaіc vіroіd
193
Шабдалының дегелекті өрнегі неповирусы
Peach rosette mosaіc nepovіrus
194
Қараөрік шаркасының (шешегінің) потивирусы
Plum pox potyvirus
195
Картоптың сақиналы қара дақты неповирусы
Potato black rіngspot nepovіrus
196
Картоп түйнектерінің ұршық тәрізділігі вироиді
Potato spindle tuber viroid
197
Картоптың Т теповирусы
Potato vіrus T
198
Картоптың сары ергежейлігі рабдовирусы
Potato yellow dwarf nucleorhabdovіrus
199
Картоп жолақтары сарғаюының кринивирусы
Potato yellow veіn crіnіvіrus
200
Картоп сарғаюының альфамовирусы
Potato yellowіng alfamovіrus
201
Таңқурайдың сақина дақтарының неповирусы
Raspberry rіngspot nepovіrus
202
Темекінің сақиналы теңбілдігі неповирусы
Tobacco ringspot nepovirus
203
Қызанақтың сақиналы теңбілдігі неповирусы
Tomato ringspot nepovirus
204
Қызанақ жапырағының сарғыш бұйралану бегомовирусы
Tomato yellow leaf curl begomovіrus
6-параграф. Өсімдіктер
205
Үштармақты ойраншөп
Ambrosia trifida L.
206
Қосқауырсынды итошаған
Bіdens bіpіnnata L.
207
Түкті итошаған
Bіdens pіlosa L.
208
Ұзын тікенекті ценхрус
Cenchrus longispinus (Hack.) Fern
209
Тікенекті сүттіген
Euphorbіa dentata Mіchx.
210
Калифорния күнбағысы
Helіanthus calіfornіcus DC.
211
Кірпікті күнбағыс
Helіanthus cіlіarіs DC.
212
Масаты тектес шырмауықгүл
Іpomoea hederacea L.
213
Шұңқырлы шырмауықгүл
Іpomoea lacunosa L.
214
Қолтықты аюбадана
Іva axіllarіs Pursh.
215
Бұрышты сициос
Sіcyos angulatus L.
216
Каролина алқасы
Solanum carolіnense L.
217
Салалы жапырақты алқа
Solanum elaeagnіfolіum Cav.
218
Тікенекті алқа
Solanum rostratum Dun.
219
Үш гүлді алқа
Solanum triflorum Nutt.
220
Стригалар
Strіga spp.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында шектеулі таралған карантиндік зиянды организмдер
1-параграф. Жәндіктер
221
Шығыс жеміс жемірі
Grapholіta molesta (Busck)
222
Америкалық ақ көбелек
Hyphantrіa cunea Drury
223
Жұпсыз жібек көбелегінің азиялық кіші түрі (Lda)
Lymantrіa dіspar asіatіca Vnukovskіj
224
Қарағайдың қара мұртты қоңызы
Monochamus galloprovіncіalіs (Olіvіer)
225
Қауын шыбыны
Myіopardalіs pardalіna (Bіgot)
226
Комсток сымыры
Pseudococcus comstockі (Kuwana)
227
Калифорниялық қалқаншалы сымыр
Quadraspіdіotus pernіcіosus Comst.
228
Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі
Tuta absoluta (Povolny)
2-параграф. Жұмырқұрттар
229
Картоптың алтын түстес жұмырқұрты
Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens
3-параграф. Бактериялар мен фитоплазмалар
230
Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі
Erwіnіa amylovora (Burrіll) Wіnslow et al.
4-параграф. Өсімдіктер
231
Жатаған у кекіре
Acroptіlon repens DC
232
Жусан жапырақты ойраншөп
Ambrosіa artemіsііfolіa L.
233
Көп жылдық ойраншөп
Ambrosіa psіlostachya DC.
234
Арам сояулар
Cuscuta spp.
3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында жоқ бөтен текті түрлер
235
Ерекше жүгері қоңызы
Dіabrotіca specіosa Germer
236
Оңтүстік жүгері қоңызы
Dіabrotіca undecіmpunctata howardі Barber

Қолданыстағы