Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 4-4/61 «Об утверждении Правил проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и государственной регистрации пестицидов»

Бұйрық · № 378 · қабылданған 14.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-4-461-ekb-162069/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 4-4/61 «Об утверждении Правил проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и государственной регистрации пестицидов» Қолданыста Бұйрық ·№ 378 ·14.12.2021
14.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 4-4/61 «Об утверждении Правил проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и государственной регистрации пестицидов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 378 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 4-4/61 «Об утверждении Правил проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и государственной регистрации пестицидов»
Атауы (қаз.)
«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
378
Қабылданған күні
14.12.2021
Көрсетілген редакция
14.12.2021 162069_556533.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100025963
ЭКБ идентификаторы
162069
Редакция идентификаторы
162069_556533
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:02

0 «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Пестицидтерді тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 7) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және пестицидтердi тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттiк тiркеу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) орындаушы ұйым – пестицидтердің биологиялық, шаруашылық тиiмдiлiктерiн бағалауды жүзеге асыратын, бұл үшін қажетті ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтылымы, тиісті бейіндегі және білікті мамандары, «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына сәйкес аккредитациясы бар ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдар, сондай-ақ, пестицидтерді талдау әдістерін әзірлеуді, токсикологиялық бағалауды, бейімдеуді және байқаудан өткізуді, олардың қалдық мөлшерлерін зерделеуді жүзеге асыратын «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредитациясы бар ұйымдардың зертханалары;»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Пестицидтердi мемлекеттік тіркеу үшін тiркелушi (өтінім беруші) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда Ведомствоға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінімді ұсынады.
Пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім осы Қағидалардың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтай отырып, толтырылады.
Пестицидті мемлекеттік тіркеуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның мазмұны мен пестицидке тіркеу куәлігін беру процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны, сондай-ақ өзге де мәліметтер Стандартта жазылған.
Тіркелушінің (өтініш берушінің) порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұраным қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Ведомство кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Тіркелуші (өтініш беруші) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Тіркелуші (өтініш беруші) құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және тіркелушіге (өтініш берушіге) жолдайды.
Тіркелуші (өтініш беруші) Стандартта көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті мемлекеттік органдарға сұраным жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға 10 жыл мерзімге пестицидті мемлекеттік тіркеуді келісу немесе пестицидті мемлекеттік тіркеуді келісуден бас тарту туралы ұсынымдарды қамтыған сараптама қорытындысын жібереді.
Келісуші мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған кезде, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабы 3-тармағына сәйкес пестицидті мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.
Уәкілетті мемлекеттік органдармен келісулер мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидті ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданудан ықтимал тәуекелдердің болуы немесе болмауы және пестицидтің әсер етуші затының немесе пестицидтің өзінің Тізбеде және (немесе) Тізілімде болмауы тұрғысынан жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімін алу үшін Ведомство пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға мынадай құжаттарды қоса береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
2) пестицидтi экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);
3) балара шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);
4) пестицидті өндіруші немесе тіркелуші (өтініш беруші) әзірлеген пестицидтiң қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;
5) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмелері;
6) қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының электрондық көшірмесі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімін алу үшін Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың пестицидтiң әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындысының (нотариалды куәландырылған көшірмесі) электрондық көшірмесін қоса береді.
Пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындыда Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген «Еуразиялық экономикалық одақта санитарлық шараларды қолдану туралы» санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 15-бөлімінің 17-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі.
Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидке арналған тіркеу дерекнамасының материалдарын қарағаннан және уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімін алғаннан кейін мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) пестицидті мемлекеттік тіркеу және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке тіркеу куәлігін беру туралы қорытынды;
2) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту.
Келісуші уәкілеттті мемлекеттік органдардың жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер анықталған кезде Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері тіркелушіге (өтініш берушіге) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындысы бойынша Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидке тіркеу куәлігін беру туралы немесе пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Нәтиже Ведомство басшысының не оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында тіркелушінің (өтініш берушінің) «жеке кабинетіне» портал арқылы жіберіледі.
Пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған электрондық өтінімді қарауды, пестицидті мемлекеттік тіркеуді уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді, шешім қабылдауды және пестицидке тіркеу куәлігін ресімдеуді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды тіркелуші (өтінім беруші) осы Қағидаларда белгіленген тиісті құжаттары бар электрондық өтінімді ұсынған күннен бастап 18 (он сегіз) жұмыс күнінен кешіктірмей Ведомство жүзеге асырады.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілген қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер шағымды қарайтын орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, онда шағымды жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен тіркелушінің (өтінім берушінің) шағымы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабы 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен тіркелушінің (өтінім берушінің) шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 14-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі
КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі

1 «Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 378 бұйрығына 1-қосымша
Пестицидтердi тiркеу
(ұсақмөлдекті және өндірістік)
сынақтарынан өткізу және
мемлекеттiк тiркеу қағидаларына
11-қосымша
«Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен­де­гі мем­ле­кет­тік ин­спек­ция ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы).
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру тә­сі­лі
( қол жет­кі­зу ка­нал­да­ры)
Өті­нім­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі:
1) пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гін бер­ген кез­де – 18 (он се­гіз) жұ­мыс кү­ні;
2) тір­кел­ген пе­сти­цид­ті пай­да­ла­ну (қол­да­ну) са­ла­сы ке­ңей­ген кез­де – 18 (он се­гіз) жұ­мыс кү­ні;
3) пе­сти­цид­тер­ді уа­қыт­ша тір­ке­ген кез­де – 18 (он се­гіз) жұ­мыс кү­ні;
4) тір­кел­ген пе­сти­цид­ті өн­ді­ру ре­цеп­ту­ра­сы мен тех­но­ло­ги­я­сы сақ­та­ла оты­рып, оны өн­ді­ру­ші ауы­с­қан неме­се қо­сы­л­ған кез­де – 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні;
5) пе­сти­цид­тер­дi қай­та тiр­ке­ген кез­де – 18 (он се­гіз) жұ­мыс кү­ні;
6) тiр­ке­лу­шi (өті­нім бе­ру­ші) ауы­с­қан кез­де – 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні;
7) тiр­ке­лу­шi­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) ата­уы өзгер­ген кез­де – 30 (отыз) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тiк көр­сетiлетiн қыз­мет­тiң ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гі не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту нәти­же­сiн ұсы­ну ны­са­ны – элек­трон­дық.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) ақы­сыз негіз­де.
7
Жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін қо­са ал­ған­да са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру одан кей­ін­гі жа­қын жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі:
Пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гін алу үшін:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 30 қаң­тар­да­ғы № 4-4/61 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11687 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген Пе­сти­цид­тер­дi тiр­кеу (ұсақ­мөл­дек­ті және өн­ді­рі­стік) сы­нақ­та­ры­нан өт­кі­зу және мем­ле­кет­тiк тiр­кеу қа­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 10-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­ті мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге ар­нал­ған өті­нім;
2) Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тiң био­ло­ги­я­лық және ша­ру­а­шы­лық тиiм­дiлi­гiн ба­ға­лау жө­нін­де­гі ұсақ­мөл­дек­ті сы­нақ­тар­дың нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп және Қа­ғи­да­лар­ға 8-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тiң био­ло­ги­я­лық және ша­ру­а­шы­лық тиiм­дiлi­гiн ба­ға­лау жө­нін­де­гі өн­ді­рі­стік сы­нақ­тар­дың нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі (бұ­дан әрі – пе­сти­цид­тің ұсақ­мөл­дек­ті және өн­дiрiстiк сы­нақ­та­ры­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тер);
3) Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тің өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін­де­гі және қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­рін­де­гі қал­дық мөл­ше­ле­рі­нің құ­ра­мын анық­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) Қа­ғи­да­лар­ға 9-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тiң өн­ді­рі­стік сы­нақ­та­рын ба­ға­лау ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
5) Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тер­ге ар­нал­ған қы­сқа­ша де­рекна­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
6) рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры­ның (ак­кре­дит­теу, сер­ти­фи­кат) негі­зін­де Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­де қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ғы­лы­ми ұй­ым­дар­дың пе­сти­цид­тiң әсер ету­ші за­ты мен пре­па­рат­тық ны­са­нын ток­си­ко­ло­ги­я­лық-ги­ги­е­на­лық ба­ға­лау жө­нін­де­гі қо­ры­тындыс­ы­ның (но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
7) пе­сти­цид­тi эко­ло­ги­я­лық-ток­си­ко­ло­ги­я­лық және ток­си­ко­ло­ги­я­лық-ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ба­ға­ла­уы ту­ра­лы есеп­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры­ның (ак­кре­дит­теу, сер­ти­фи­кат) негі­зін­де Укра­и­на­да, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­де қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ғы­лы­ми ұй­ым­дар зерт­те­уле­рі­нің нәти­же­ле­рін (но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі) ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді);
8) ба­ла­ра ша­ру­а­шы­лы­ғы мен мал ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ған пе­сти­цид­тi ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық, эко­ло­ги­я­лық-ток­си­ко­ло­ги­я­лық ба­ға­лау ту­ра­лы есеп­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры­ның (ак­кре­дит­теу, сер­ти­фи­кат) негі­зін­де Укра­и­на­да, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­де қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ғы­лы­ми ұй­ым­дар зерт­те­уле­рі­нің нәти­же­ле­рін (но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі) ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді);
9) пе­сти­цид­те­гi әсер ету­ші затты анық­та­удың тал­да­ма­лық әді­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Тiр­ке­лу­шi (өті­нім бе­ру­ші) әді­сті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жағ­дай­ла­ры­на бей­ім­де­уді жүр­гі­зе­ді;
10) пе­сти­цид­тің та­мақ өнім­де­рін­де­гі, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін­де­гі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­рін­де­гі және био­ло­ги­я­лық ор­та­да­ғы қал­дық мөл­шер­ле­рін (қа­жет бол­са ме­та­бо­лит­тер­ді) анық­тау жө­нін­де­гі әді­сте­ме­лік нұс­қа­у­лар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
11) өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі және қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­рі құ­ра­мын­да­ғы пе­сти­цид нор­ма­тив­те­рі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі (пе­сти­цид­тiң өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін­де­гі ең жо­ға­ры рұқ­сат еті­л­ген дең­гейі, пе­сти­цид­тiң су ай­дын­да­ры суын­да­ғы шек­ті жол бе­рі­л­ген кон­цен­тра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – ШЖК), пе­сти­цид­тiң жұ­мыс ай­ма­ғын­да­ғы ауа­да­ғы ШЖК, пе­сти­цид­тiң жұ­мыс ай­ма­ғын­да­ғы ауа­да­ғы және ат­мо­сфе­ра­лық ауа­да­ғы бо­лжам­ды қа­уiп­сіз әсер ету дең­гейi, то­пы­рақ­та­ғы ШЖК (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның неме­се Укра­и­на­да, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­де ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен);
12) өн­ді­ру­ші мен тiр­ке­лу­шi (өті­нім бе­ру­ші) ара­сын­да пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, сон­дай-ақ пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ші­ге ти­іс­ті уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар бер­ген пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ли­цен­зия неме­се рұқ­сат;
13) пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ші неме­се пе­сти­цид­ті тір­ке­у­ші (өті­ніш бе­ру­ші) әзір­ле­ген пе­сти­цид­тiң қа­уіп­сіз­дік пас­пор­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
14) Қа­ғи­да­лар­ға 12-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тi та­сы­мал­дау, сақ­тау, қол­да­ну және за­рар­сыздан­ды­ру жө­нін­де­гі ұсы­ным­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
15) Қа­ғи­да­лар­ға 13-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тің қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де ақ­па­ра­ты бар ыдыс­та­ғы заттаң­ба­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гін алу үшін (тір­кел­ген пе­сти­цид­ті пай­да­ла­ну (қол­да­ну) са­ла­сы ке­ңей­ген кез­де):
1) Қа­ғи­да­лар­ға 14-2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тір­кел­ген пе­сти­цид­ті пай­да­ла­ну (қол­да­ну) са­ла­сын ке­ңей­ту­ге ар­нал­ған өті­нім;
2) пе­сти­цид­тің ұсақ­мөл­дек­ті және өн­дiрiстiк сы­нақ­та­ры­ның нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
3) Қа­ғи­да­лар­ға 9-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тiң өн­ді­рі­стік сы­нақ­та­рын ба­ға­лау ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тің өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін­де­гі және қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­рін­де­гі қал­дық мөл­шер­ле­рі­нің құ­ра­мын анық­тау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
5) пе­сти­цид­тің та­мақ өнім­де­рін­де­гі, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін­де­гі, қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­рін­де­гі қал­дық мөл­шер­ле­рін (қа­жет болған жағ­дай­да ме­та­бо­лит­тер­ді) анық­тау жө­нін­де­гі әді­сте­ме­лік нұс­қа­у­лар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да бей­ім­дел­ген әді­сте­ме­лер­ді ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді);
6) өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі және қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­рі құ­ра­мын­да­ғы пе­сти­цид нор­ма­тив­те­рі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі (пе­сти­цид­тiң өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін­де­гі ең жо­ға­ры жол бе­рі­л­ген дең­гейі, су ай­дын­да­ры су­ла­рын­да­ғы ШЖК, жұ­мыс ай­ма­ғын­да­ғы ауа­да­ғы ШЖК, пе­сти­цид­тiң жұ­мыс ай­ма­ғын­да­ғы ауа­да­ғы және ат­мо­сфе­ра­лық ауа­да­ғы бо­лжам­ды қа­уiп­сіз әре­кет ету дең­гейi, то­пы­рақ­та­ғы ШЖК) (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның неме­се Укра­и­на­ның, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­дің ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­га­ны бе­кіт­кен);
7) Қа­ғи­да­лар­ға 12-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тi та­сы­мал­дау, сақ­тау, қол­да­ну және за­рар­сыздан­ды­ру жө­нін­де­гі ұсы­ным­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
8) Қа­ғи­да­лар­ға 13-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тің қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де ақ­па­ра­ты бар ыдыс­та­ғы заттаң­ба­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Пе­сти­цид­тер­ді уа­қыт­ша тір­кеу үшін:
1) Қа­ғи­да­лар­ға 15-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­ті уа­қыт­ша тір­ке­у­ге ар­нал­ған өті­нім;
2) ғы­лы­ми зерт­теу ме­ке­ме­сі­нің анық­тал­ған зи­ян­ды неме­се аса қа­уіп­ті зи­ян­ды ор­га­низмдер­ге неме­се ка­ран­т­ин­дік объ­ек­ті­лер­ге қар­сы қол­да­ны­ла­тын пе­сти­цид­тің, тәу­е­ке­лі тө­мен био­ло­ги­я­лық пре­па­рат­тың уа­қыт­ша тір­ке­лу­ін тал­дай және негіз­дей оты­рып, олар­дың уа­қыт­ша тір­ке­лу­ін жүр­гі­зу­дің орын­ды­лы­ғы ту­ра­лы ке­мін­де 2 (екі) ұсы­ны­мы­ның бо­луы;
3) Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ мем­ле­кет­те­рін­де ұқсас қол­да­ну са­ла­сы бой­ын­ша (сол да­қыл­да және сол зи­ян­ды ор­га­низмдер­ге қар­сы) пе­сти­цид­тің, тәу­е­ке­лі тө­мен био­ло­ги­я­лық пре­па­рат­тың мем­ле­кет­тік тір­ке­лу­ін рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы.
Тір­кел­ген пе­сти­цид­ті өн­ді­ру ре­цеп­ту­ра­сы мен тех­но­ло­ги­я­сы сақ­та­ла оты­рып, оны өн­ді­ру­ші ауы­с­қан неме­се қо­сы­л­ған кез­де:
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 15-1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тір­кел­ген пе­сти­цид­ті өн­ді­ру ре­цеп­ту­ра­сы мен тех­но­ло­ги­я­сы сақ­та­ла оты­рып, оны өн­ді­ру­ші­ні ауы­сты­ру­ға неме­се қо­су­ға ар­нал­ған өті­нім;
2) тір­ке­лу­ші (өті­нім бе­ру­ші) және пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ші ара­сын­да­ғы пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­сы жоқ бол­са, но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі), сон­дай-ақ пе­сти­цид­тің жа­ңа өн­ді­ру­ші­сіне ти­іс­ті мем­ле­кет­тік уәкі­лет­ті ор­ган­дар бер­ген пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ли­цен­зия неме­се рұқ­сат (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті емес тір­ке­лу­ші­лер­ге (өті­нім бе­ру­ші­лер­ге) са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­ла­ры жоқ бол­са, но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­ле­рі);
3) пе­сти­цид­тің және оның әсер ету­ші затта­ры (оның ішін­де әсер ету­ші затта­ғы іле­с­пе қо­с­па­лар бой­ын­ша) құ­ра­мы­ның тір­кел­ген пе­сти­цид­тің және оның әсер ету­ші за­ты­ның құ­ра­мы­м­ен бір­дей­лі­гін рас­тай­тын, ак­кре­дит­тел­ген (сер­ти­фи­кат­тал­ған) зерт­ха­на­лар­да жүр­гі­зі­л­ген зерт­ха­на­лық тал­да­удың де­ректе­рі;
4) бұ­рын бе­рі­л­ген пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гі түп­нұс­қа­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гін қа­ғаз тү­рін­де ал­ған жағ­дай­да).
Пе­сти­цид­тер­дi қай­та тiр­кеу үшін:
1) Қа­ғи­да­лар­ға 16-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тi қай­та тiр­ке­у­ге ар­нал­ған өтiнiм;
2) бұ­рын берiл­ген пе­сти­цид­тер­ге ар­нал­ған тір­кеу ку­әлi­гі түп­нұс­қа­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гін қа­ғаз тү­рін­де ал­ған жағ­дай­да);
3) Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тер­ге ар­нал­ған қы­сқа­ша де­рекна­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры­ның (ак­кре­дит­теу, сер­ти­фи­кат) негі­зін­де Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­де қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ғы­лы­ми ұй­ым­дар­дың пе­сти­цид­тiң әсер ету­ші за­ты мен пре­па­рат­тық ны­са­нын ток­си­ко­ло­ги­я­лық-ги­ги­е­на­лық ба­ға­лау жө­нін­де­гі қо­ры­тындыс­ы­ның (но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
5) пе­сти­цид­тi эко­ло­ги­я­лық-ток­си­ко­ло­ги­я­лық және ток­си­ко­ло­ги­я­лық-ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ба­ға­ла­уы ту­ра­лы есеп­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры­ның (ак­кре­дит­теу, сер­ти­фи­кат) негі­зін­де Укра­и­на­да, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­де қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ғы­лы­ми ұй­ым­дар­дың зерт­те­уле­рі нәти­же­ле­рін (но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі) ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді);
6) ба­ла­ра ша­ру­а­шы­лы­ғы мен мал ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ған ве­те­ри­на­ри­я­лық-са­ни­та­ри­я­лық, эко­ло­ги­я­лық-ток­си­ко­ло­ги­я­лық ба­ға­лау ту­ра­лы есеп­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (рұқ­сат бе­ру құ­жат­та­ры­ның (ак­кре­дит­теу, сер­ти­фи­кат) негі­зін­де Укра­и­на­да, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­де қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ғы­лы­ми ұй­ым­дар­дың зерт­те­уле­рі нәти­же­ле­рін (но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі) ұсы­ну­ға жол бе­рі­ле­ді);
7) пе­сти­цид­те­гi әсер ету­ші затты анық­та­удың тал­да­ма­лық әді­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. Тiр­ке­лу­шi (өті­нім бе­ру­ші) әді­сті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жағ­дай­ла­ры­на бей­ім­де­уді жүр­гі­зе­ді;
8) пе­сти­цид­тің та­мақ өнім­де­рін­де­гі, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін­де­гі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­рін­де­гі және био­ло­ги­я­лық ор­та­да­ғы қал­дық мөл­шер­ле­рін (қа­жет бол­са ме­та­бо­лит­тер­ді) анық­тау жө­нін­де­гі әді­сте­ме­лік нұс­қа­у­лар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
9) өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мі және қор­ша­ған ор­та объ­ек­ті­ле­рі құ­ра­мын­да­ғы пе­сти­цид­тiң нор­ма­тив­те­рі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі (пе­сти­цид­тiң өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өні­мін­де­гі ең жо­ға­ры рұқ­сат еті­л­ген дең­гейі, су ай­дын­да­ры суын­да­ғы пе­сти­цид­тің шек­ті жол бе­рі­л­ген кон­цен­тра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – ШЖК), пе­сти­цид­тiң жұ­мыс ай­ма­ғын­да­ғы ауа­да­ғы ШЖК, пе­сти­цид­тiң жұ­мыс ай­ма­ғын­да­ғы ауа­да­ғы және ат­мо­сфе­ра­лық ауа­да­ғы бо­лжам­ды қа­уiп­сіз әсер ету дең­гейi, то­пы­рақ­та­ғы ШЖК (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да неме­се Укра­и­на­да, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­де ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен);
10) өн­ді­ру­ші мен тiр­ке­лу­шi (өті­нім бе­ру­ші) ара­сын­да пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, сон­дай-ақ пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ші­ге ти­іс­ті уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар бер­ген пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ге ар­нал­ған ли­цен­зия неме­се рұқ­сат;
11) пе­сти­цид­ті өн­ді­ру­ші неме­се пе­сти­цид­ті тір­ке­у­ші (өті­ніш бе­ру­ші) әзір­ле­ген пе­сти­цид­тiң қа­уіп­сіз­дік пас­пор­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
12) Қа­ғи­да­лар­ға 12-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тi та­сы­мал­дау, сақ­тау, қол­да­ну және за­рар­сыздан­ды­ру жө­нін­де­гі ұсы­ным­дар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
13) Қа­ғи­да­лар­ға 13-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша пе­сти­цид­тің қа­зақ және орыс тіл­де­рін­де ақ­па­ра­ты бар ыдыс­та­ғы заттаң­ба­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
Тiр­ке­лу­шi (өті­нім бе­ру­ші) ауы­с­қан кез­де:
1) Қа­ғи­да­лар­ға 17-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тiр­ке­лу­шi­ні (өті­нім бе­ру­ші­ні) ауы­сты­ру­ға ар­нал­ған өті­нім;
2) тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) аты­нан жа­зы­л­ған тір­ке­лу­ші­нің ауы­с­қа­ны ту­ра­лы хат, сон­дай-ақ пе­сти­цид­ті мем­ле­кет­тік тір­кеу құқық­та­рын жа­ңа тір­ке­лу­ші­ге (өті­нім бе­ру­ші­ге) бе­ру­ді неме­се тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) қай­та ұй­ым­да­сты­ры­луын рас­тай­ын құ­жат­тар (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­ла­ры жоқ бол­са но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­ле­рі);
3) жа­ңа тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) аты­нан жа­зы­л­ған пе­сти­цид­ті мем­ле­кет­тік тір­кеу құқық­та­рын ал­ға­нын және пе­сти­цид­тің са­уда­лық ата­уы­ның, әсер ету­ші затты өн­ді­ру­ші мен пе­сти­цид­тің пре­па­рат­тық ны­са­нын өн­ді­ру­ші­нің сақ­тал­ға­нын, пе­сти­цид­ті қол­да­ну (пай­да­ла­ну) ре­гла­мент­те­рін рас­та­ған хат;
4) бұ­рын бе­рі­л­ген пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гі түп­нұс­қа­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гін қа­ғаз тү­рін­де ал­ған жағ­дай­да);
5) Стан­дарт­тың 8-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген, жа­ңа тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) аты­нан ре­сім­дел­ген құ­жат­тар;
6) заң­ды тұ­лға­лар үшін заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік* неме­се анық­та­ма (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі емес тір­ке­лу­ші­лер (өті­нім бе­ру­ші­лер) үшін са­лы­сты­рып тек­се­ру­ге ар­нал­ған түп­нұс­қа­сы жоқ бол­са, но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі).
Тiр­ке­лу­шi­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) ата­уы өзгер­ген кез­де:
1) Қа­ғи­да­лар­ға 18-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тiр­ке­лу­шi­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) ата­уын өзгер­ту­ге ар­нал­ған өті­нім;
2) тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) аты­нан пе­сти­цид­тің са­уда­лық ата­уын, әсер ету­ші затты өн­ді­ру­ші­ні және пе­сти­цид­тің пре­па­рат­тық ны­са­нын өн­ді­ру­ші­ні, пе­сти­цид­ті қол­да­ну (пай­да­ла­ну) ре­гла­мент­те­рін сақ­тай оты­рып, тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­шi­нің) ата­уын өзгер­ту ту­ра­лы хат, сон­дай-ақ тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) ата­уы­ың өзгер­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тар (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін түп­нұс­қа­ла­ры жоқ бол­са, но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­лер);
3) бұ­рын бе­рі­л­ген пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гі түп­нұс­қа­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (пе­сти­цид­ке ар­нал­ған тір­кеу ку­ә­лі­гін қа­ғаз тү­рін­де ал­ған жағ­дай­да);
4) заң­ды тұ­лға­лар үшін заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік* неме­се анық­та­ма (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі емес тір­ке­лу­ші­лер (өті­нім бе­ру­ші­лер) үшін са­лы­сты­рып тек­се­ру­ге түп­нұс­қа­сы жоқ бол­са, но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­сі).
Ес­керт­пе: * «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық ак­ті­ле­ріне заң­ды тұ­лға­лар­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу және фи­ли­ал­дар мен өкіл­дік­тер­ді есеп­тік тір­кеу мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу ту­ра­лы» 2012 жы­л­ғы 24 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­ге дей­ін бе­рі­л­ген заң­ды тұл­ға­ны (фи­ли­ал­ды, өкіл­дік­ті) мем­ле­кет­тік (есеп­тік) тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік заң­ды тұл­ға­ның қыз­ме­ті тоқ­та­ты­л­ған­ға дей­ін жа­рам­ды бо­лып та­бы­ла­ды.
Ве­дом­ство тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ре­зи­ден­ті­нің) мем­ле­кет­тік қай­та тір­ке­луі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту­ға ар­нал­ған негіз­дер
1) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның пе­сти­цид­ті мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге ке­лі­су ту­ра­лы сұ­ра­ным­ға те­ріс жа­у­а­бы;
2) тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін осы Стан­дарт­тың мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет құ­жат­тар тіз­бе­сіне сәй­кес ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
3) тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қа­жет­ті оның ұсын­ған ма­те­ри­ал­да­ры­ның, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
4) ұсақ­мөл­дек­ті және өн­ді­рі­стік сы­нақ­тар­ды жүр­гі­зу үшін мә­лім­дел­ген пе­сти­цид­тің хи­ми­я­лық құ­ра­мы­ның, пе­сти­цид­ті өн­ді­ру ре­цеп­ту­ра­сы­ның және тех­но­ло­ги­я­сы­ның мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге ұсы­ны­л­ған пе­сти­цид­тің хи­ми­я­лық құ­ра­мы­на, өн­ді­ру ре­цеп­ту­ра­сы­на және тех­но­ло­ги­я­сы­на сәй­кес кел­ме­уі;
5) пе­сти­цид­тер­ге қа­ты­сты өнер­та­быст­ар­ға па­тент ие­ле­ну­ші­лер­дің құқық­та­ры­ның бұ­зы­луы;
6) тір­ке­лу­ші­ге (өті­нім бе­ру­ші­ге) пе­сти­цид­тер­ді өн­ді­ру (фор­му­ля­ци­я­лау), пе­сти­цид­тер­ді өт­кі­зу, пе­сти­цид­тер­ді аэро­золь­ді және фу­ми­га­ци­я­лық тә­сіл­дер­мен қол­да­ну жө­нін­де­гі қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­ла­тын сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
7) тір­ке­лу­ші­нің (өті­нім бе­ру­ші­нің) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы­на негіз болған заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­нің бо­луы.
Ұсақ­мөл­дек­ті және өн­ді­рі­стік сы­нақ­тар­дан өт­кі­зу жос­пар­ла­рын­да тір­кел­ме­ген пе­сти­цид­тер­дің бол­мауы, ғы­лы­ми зерт­те­улер жүр­гізу­ге шар­ттың бол­мауы ұсақ­мөл­дек­ті және өн­ді­рі­стік сы­нақ­тар­дан өт­кізу­ге және (неме­се) ғы­лы­ми-зерт­те­улер­ді жүр­гізу­ге ар­нал­ған пе­сти­цид­тер­дің тір­кел­ме­ген үл­гі­ле­рін әке­лу­ге уәжді бас тар­ту үшін негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
10
Өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры 8 (7172) 55-59-61, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

2 Пестицидтерге арналған тіркеу куәлігі Регистрационное удостоверение на пестицид

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 378 бұйрығына 2-қосымша
Пестицидтердi тiркеу
(ұсақмөлдекті және өндірістік)
сынақтарынан өткізу және
мемлекеттiк тiркеу
қағидаларына
14-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
______________________
(Ведомство)
Министерство сельского
хозяйства Республики
Казахстан
_____________________
(Ведомство)
№ ________
Пестицидтерге арналған тіркеу куәлігі
Регистрационное удостоверение на пестицид
Осы куәлік ______________________________________________
Настоящее удостоверение выдано
______________________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаны атауы аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі /
наименование юридического или фамилия, имя, отчество
(при его наличии физического лица)
__________________________________________________ берілді, себебі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді тiркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес/ в том, что в соответствии с Правилами проведения регистрационных (мелкоделяночных и производственных) испытаний и государственной регистрации пестицидов, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 4-4/61 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11687),
_______________________________________________________________
(пестицидтің сауда атауы/ торговое название пестицида)
_______________________________________________________________
(препаративтiк нысаны/ препаративная форма)
_______________________________________________________________
пестицидті өндіруші/ производитель пестицида
20___ жылғы «____» ____________дейін __________мерзімге №___________ мемлекеттік тіркеуді алды және мынадай регламенттермен Қазақстан Республикасының аумағына пестицидтерді өндіруге, әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат беріледі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________
получил государственную регистрацию за №____________ сроком на ___________ до «____» _________20___ года и разрешается к производству (формуляции), ввозу, хранению, транспортировке, реализации и применению на территории Республики Казахстан со следующими регламентами:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________
__________________________________________ ____________
(Ведомство басшысы, лауазымы/ (Электрондық цифрлық қолтаңбасы/
Руководитель ведомства, должность) Электронная цифровая подпись)

Қолданыстағы