Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 416 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан в мирное время»

Бұйрық · № 238 · қабылданған 03.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-416-ekb-112202/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 416 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан в мирное время» Күшін жойған 20.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 416 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан в мирное время»

Күшін жойған Бұйрық № 238 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 416 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан в мирное время»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
238
Қабылданған күні
03.04.2017
Көрсетілген редакция
20.04.2026 112202_817624.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015122
ЭКБ идентификаторы
112202
Редакция идентификаторы
112202_817624
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:30
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы

30 сәуірдегі № 416 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12913 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың нормалары бекітілсін.»;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтаудың нормалары.»;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарында аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын заттай мүлікпен жабдықтау нормалары.»;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әйел әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының әйел әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтау нормасы.».

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті (С.В. Каверников) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (С.В. Каверников) жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б.Т. Сұлтанов
2017 жылғы «__»___________