Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 427 «Об утверждении минимальных социальных стандартов в сфере оказания гарантированной государством юридической помощи»

Бұйрық · № 742 · қабылданған 01.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-427/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 427 «Об утверждении минимальных социальных стандартов в сфере оказания гарантированной государством юридической помощи» Қолданыста Бұйрық ·№ 742 ·01.09.2022
01.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 427 «Об утверждении минимальных социальных стандартов в сфере оказания гарантированной государством юридической помощи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 742 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 30 июля 2015 года № 427 «Об утверждении минимальных социальных стандартов в сфере оказания гарантированной государством юридической помощи»
Атауы (қаз.)
«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
742
Қабылданған күні
01.09.2022
Көрсетілген редакция
01.09.2022 171207_592404.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029384
ЭКБ идентификаторы
171207
Редакция идентификаторы
171207_592404
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:21

0 «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 427 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11920 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын :
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы және білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Құқықтық ақпарат беру» ең төмен әлеуметтік стандарты

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 742 бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
1-қосымша
«Құқықтық ақпарат беру» ең төмен әлеуметтік стандарты

1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: жеке және заңды тұлғалар.

3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

1.1 «Құқықтық ақпарат беру»

ең төмен әлеуметтік стандартына
қосымша
Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
Құқықтық ақпарат беру
1. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының мәселелері бойынша тегін негізде барлық жеке және заңды тұлғаларға ең төмен әлеуметтік стандартына құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет кепілдік берген заң көмегін тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан ауызша, жазбаша нысандарда, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында не көріп танысу түрінде ақпарат ұсыну.
2. Келіп түскен жолданымның негізінде әкімшілік рәсім козғалады. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды және қозғалған сәтінен бастап есептеледі және әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
3. Егер арыз иесі жолданымының құқықтық сипаты болмаса, құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
4. Құқықтық ақпарат беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

2 «Құқықтық консультация беру» ең төмен әлеуметтік стандарты

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 742 бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
2-қосымша
«Құқықтық консультация беру» ең төмен әлеуметтік стандарты

1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның 26-бабының 2 тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.

3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

2.1 «Құқықтық консультация беру»

ең төмен әлеуметтік стандартына
қосымша
Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
Құқықтық консультация беру
1. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
2. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
3. «Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысы.
1. Ауызша және жазбаша консультациялар нысанында көрсету, оның ішінде арыздарды, шағымдарды, өтінішхаттарды және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау.
2. «Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысының 3- тармақшасы, 1 тармағына сәйкес, ауызша және жазбаша консультациялар үшін заң көмегіне ақы төлеудің, арыздардың, шағымдардың, өтінішхаттардың және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың бір сағат үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш есебіндегі мөлшерлемемен жасалуының бір сағат үшін сәйкестігі.
3. Мынадай шарттардың бірі болған кезде:
1) арыз иесі мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар санатына жатпаса;
2) арыз иесі жолданымының құқықтық сипаты болмаса құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тартылады.
4. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуден бас тарту уәжді болуға тиіс және оған уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

3 «Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандарты

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2022 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 742 бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 427 бұйрығына
3-қосымша
«Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі» ең төмен әлеуметтік стандарты

1 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

2 2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары: Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 26-бабының 3-тармағында белгіленген жеке тұлғалар шеңбері.

3 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандартқа қосымшада көрсетілген.

3.1 «Адвокаттардың, заң консультанттарының

жеке тұлғалардың мүдделерін
қорғауы мен білдіруі»
ең төмен әлеуметтік стандартына
қосымша
Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/ нормативтің атауы
Норманы/нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акті
Норманың/ нормативтің мөлшері
1
Адвокаттардың, заң консультанттарының жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi;
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
4. «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
5. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
6. «Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысы.
1. Адвокаттардың, заң консультанттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен өкілдік етуі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің талаптарына сәйкес көрсетіледі.
2. Заң көмегіне ақы төлеу сағаттық тариф бойынша «Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысында белгіленген мөлшерде есептеледі.

Қолданыстағы