Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 декабря 2015 года № 4/705 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области регулирования использования водного фонда, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, а также животного мира, оказываемых в городе Алматы"

Қаулы · № 1/50 · қабылданған 13.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-4705-ekb-119044/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 декабря 2015 года № 4/705 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области регулирования использования водного фонда, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, а также животного мира, оказываемых в городе Алматы" Күшін жойған Қаулы ·№ 1/50 ·13.02.2018
16.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 декабря 2015 года № 4/705 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области регулирования использования водного фонда, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, а также животного мира, оказываемых в городе Алматы"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1/50 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 30 декабря 2015 года № 4/705 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области регулирования использования водного фонда, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, а также животного мира, оказываемых в городе Алматы"
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін су қорын пайдалануды реттеу, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сондай-ақ жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/705 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1/50
Қабылданған күні
13.02.2018
Көрсетілген редакция
16.09.2020 119044_482180.kaz
Соңғы өзгеріс
16.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18R0001456
ЭКБ идентификаторы
119044
Редакция идентификаторы
119044_482180
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:50

0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы

қаласында көрсетілетін су қорын пайдалануды
реттеу, орман шаруашылығы және ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар, сондай-ақ
жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік
қызметтер регламенттерін бекіту туралы»
2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/705
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін су қорын пайдалануды реттеу, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сондай-ақ жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 4/705 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 1247 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 ақпанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) аталған қаулымен бекітілген «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.»;
5 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.»;

2

2) аталған қаулымен бекітілген «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
4 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат туралы хат немесе Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;

3 3) аталған қаулымен бекітілген «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:

4 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жергілікті атқарушы органның су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде жергілікті атқарушы орган мен конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт немесе Стандарттың 9-1 тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы, осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2

2. Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Алматы қаласы әкімдігінің

2018 жылғы « 13 » ақпандағы
№ 1/50 қаулысына 1 қосымша
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы
жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда
ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен
жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу
сапасындағы жерасты суларын пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

9 Алматы қаласы әкімдігінің

2018 жылғы « 13 » ақпандағы
№ 1/50 қаулысына 2 қосымша
«Су объектілерін оқшауланған
немесе бірлесіп пайдалануға
конкурстық негізде беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы