О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 495 «Об утверждении регламентов государственных услуг «Регистрация и выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан», «Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан», «Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан», «Присвоение и продление статуса бежен
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 495 «Об утверждении регламентов государственных услуг «Регистрация и выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан», «Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан», «Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан», «Присвоение и продление статуса бежен
- Атауы (қаз.)
- «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 м
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 24.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2020 119191_456681.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016357
- ЭКБ идентификаторы
- 119191
- Редакция идентификаторы
- 119191_456681
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:02
0
«Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру», «Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру», «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу» және «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11632 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» деген кіші бөлімде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық көші-қон қызметі бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы «терезе» арқылы жүзеге асырылады, оларда көші-қон қызметі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және лауазымы көрсетіледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Министрліктің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон қызметі бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасымалдағыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Е.З. Тургумбаев) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
1 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
1-қосымша
2 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
2-қосымша
3 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
3-қосымша
4 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
4-қосымша
5 Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
5-қосымша
6 Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың сызбасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
6-қосымша
«Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру
және ұзарту» мемлекеттік
қызметінің регламентіне 1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекет
логикалық реттілігі мен ҚФБ-ның арасындағы өзара байланыстың
сызбасы
1. Қызметті алушының құжаттарды жинауы
2. Құжаттарды қабылдау (көші-қон полициясы қызметкері) --- иә
3. Арнайы есептер бойынша тексеру (көші-қон полициясы қызметкері)
4. Комиссияда қарау
5. Босқын мәртебесін беру туралы қорытынды шығару
6. Қабылданған шешім туралы хабарлау
7. Босқын мәртебесін беруде бас тарту туралы уәкілетті органның шешіміне шағымдану
7 мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 45 бұйрығына
7-қосымша
«Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру және
ұзарту» мемлекеттік қызметінің
регламентіне 2-қосымша
мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процесстерінің анықтамасы