О внесении изменения в решение Жаркаинского районного маслихата от 30 марта 2015 года № 5С-40/5 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Жаркаинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жаркаинского районного маслихата от 30 марта 2015 года № 5С-40/5 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Жаркаинском районе»
- Атауы (қаз.)
- «Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Жарқайың аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-2/4
- Қабылданған күні
- 18.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2018 101759_383128.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16BL005311
- ЭКБ идентификаторы
- 101759
- Редакция идентификаторы
- 101759_383128
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:33
0 «Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Жарқайың аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Жарқайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Жарқайың аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 наурыздағы № 5С-40/5 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4758 болып тіркелген, 2015 жылдың 1 мамырында «Жарқайың тынысы» аудандық газетінде және 2015 жылдың 1 мамырында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тірлілген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі
А. Үйсімбаев
18.04.2016