Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Акмолинского областного маслихата от 30 сентября 2015 года № 5С-41-8 «Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городах и других населенных пунктах Акмолинской области»

Ереже · № 6С-7-15 · қабылданған 12.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-5-41-8/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Акмолинского областного маслихата от 30 сентября 2015 года № 5С-41-8 «Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городах и других населенных пунктах Акмолинской области» Күшін жойған 14.09.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение Акмолинского областного маслихата от 30 сентября 2015 года № 5С-41-8 «Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городах и других населенных пунктах Акмолинской области»

Күшін жойған Ереже № 6С-7-15 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Акмолинского областного маслихата от 30 сентября 2015 года № 5С-41-8 «Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городах и других населенных пунктах Акмолинской области»
Атауы (қаз.)
Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-8 «Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6С-7-15
Қабылданған күні
12.12.2016
Көрсетілген редакция
14.09.2022 109270_591366.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16B0005722
ЭКБ идентификаторы
109270
Редакция идентификаторы
109270_591366
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:57
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-8 «Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 5С-41-8 «Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5012 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қазанда «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысының қалаларында және басқа да елдi мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалар иттер мен мысықтардың барлық иелерiне (бұдан әрі - иелер), меншік нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды асырайтын барлық заңды және жеке тұлғаларға (адамдарды құтқару бойынша жұмысты атқаратын ұйымдардан, сондай-ақ құқық қорғау органдарынан басқа) қолданылады.»;
3-тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ветеринариялық төлқұжат - жануарлардың есебін жүргізу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетілетін уәкілетті органмен белгіленген нысандағы құжат.»;
6-тармақ келесі мазмұндағы 5), 6), 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырысын:

5 «5) жануарларды ветеринариялық ұйымдардан (мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардан немесе ветеринариялық клиникалардан) ветеринариялық төлқұжат алу жолымен тіркелуге қоюға тиіс.

Иелеріне тиесілі иттердің тұқымына қарамастан құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткіштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы егілуі және гельминттердің болмауына тексерілуге тиіс немесе профилактикалық алдын-алу шаралары қолданылуы тиіс.
Мысықтар адамдар мен жануарларға бірдей құтырма және жұқпалы ауруларға қарсы егілуге, гельминттердің болмауына тексерілуге тиісті;

6) иттер мен мысықтарды тіркеу және қайта тіркеу кезінде келесі мәліметтер ұсынылады:

жеке басты куәландыратын құжат;
жеке сәйкестендіру нөмірі;
мекен-жайы;
иесінің байланыс телефоны;
жануардың жынысы, лақап аты, туылған күні, түсі, ататегі;

7) иттер мен мысықтарды сатып алу, сату, олардың жоғалуы мен басқа тұлғаға берілуі туралы ветеринариялық ұйымдарды хабардар ету қажет;

8) жануарлар ветеринариялық қараудың нәтижиелері бойынша және иттер мен мысықтар үшін ветеринариялық төлқұжат болғанда өткізуге рұқсат етілуі тиіс;

9) егілу жасалмаған иттер мен мысықтарды асырауға жол берілмеуі тиіс.»;

10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде) жетектеуші тұлғасыз жүрген, иелері байлап қалдырғандардан басқа қараусыз қалған және осы Қағидалардың 7-тармағы 5) тармақшасына сәйкес ақпарат жазылған қарғы баулары жоқ иттер мен мысықтар аулауға жатады.».

2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысының ветеринария
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
___________________Б. Бұлашев
12.12.2016 ж.
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Ақмола облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
___________________________А. Мусина
12.12.2016 ж.