Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 501 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан»

Бұйрық · № 55 · қабылданған 26.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-501-ekb-118791/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 501 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 55 ·26.01.2018
30.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 501 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 55 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 501 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
55
Қабылданған күні
26.01.2018
Көрсетілген редакция
30.03.2020 118791_453898.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016343
ЭКБ идентификаторы
118791
Редакция идентификаторы
118791_453898
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:00

0 «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11624 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімі) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімше, топ) (бұдан әрі – КҚҚб) қызметкері және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қатысады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz, Порталдың – www.egov.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне:
1) КҚҚб қызметкері;
2) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;
3) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттері Көші-қон қызметі басқармасының (бұдан әрі – КҚҚБ) қызметкері;
4) Көші-қон қызметі комитетінің қызметкері (бұдан әрі – КҚҚК);
5) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» (бұдан әрі – «АӨО» РМК) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны қатысады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне:
Көрсетілетін қызметті алушы;
КҚҚб қызметкері;
КҚҚБ қызметкері;
КҚҚК қызметкері;
«АӨО» РМК;
Мемлекеттік корпорация қызметкері;
ЭҮП;
«Электрондық үкімет» шлюзі (ЭҮШ);
ХҚТ ТП АЖ қатысады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-қимыл жасасу дәйектілігінің нақты сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 1, 2, 3-қосымшаларда көрсетілген және осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және ІІМ www.mvd.gov.kz, облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
көрсетілген Регламентке 1, 2, 3, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімі) көші-қон қызметі бөлімнің (бөлімше, топ) (бұдан әрі – КҚҚб) қызметкері қатысады – ол көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды береді және Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдейді, Мемлекеттік корпорация қызметкері – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды береді.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияда жұмыс орындарында жүзеге асырылады, онда КҚҚб қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы) КҚҚБ қызметкері қатысады – ол Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдейді және Мемлекеттік корпорация қызметкері құжатты береді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тіркеу мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын (тұратын) мекенжайы туралы мәліметтерді енгізу, электрондық жеткізгіші бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу болып табылады.
Жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын бұрынғы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару кезінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тұрғылықты жері бойынша анықталмаған адамдарға ХҚТ ТП АЖ-да және «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасында мәртебе беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімі) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімше, топ) (бұдан әрі - КҚҚб) қызметкері қатысады – көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар қабылдау, өтінімдерді тіркеу, тұрақты тұратын жері бойынша тіркеу мекенжайы туралы мәліметі енгізу, көрсетілетін қызметті берушінің тұрғылықты тұратын жерiнің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын (тұратын) мекенжайы туралы мәліметтерді ХҚТ ТП АЖ-ға енгізу, электронды тасымалдағышы бар жеке куәліктерге көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурстарындағы «Министрлік туралы» бөлімде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz, Порталдың – www.egov.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне:
Көрсетілетін қызметті алушы;
КҚҚб-ның қызметкері;
ЭҮП;
«Электрондық үкімет» шлюзі (ЭҮШ);
ХҚТ ТП АЖ қатысады.»;
көрсетілген Регламентке 1, 3-қосымшалар осы бұйрыққа 5, 6-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізуі және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы паспорттық мөрімен және қолымен куәландырылған белгіленген үлгідегі
мөртабан қоюмен қағаз түрінде мекенжайдан кету парағын беруі болып табылады.
Республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша сот тұрғын үйдi пайдалану құқығы жойылды деп таныған адамдар үшін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне: ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік көші-қон полициясы басқармасының (бөлімі) (бұдан әрі - КҚПб) бөлім (бөлімше, топ) қызметкері қатысады – ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізу және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы паспорттық мөрімен және қолымен куәландырылған белгіленген үлгідегі мөртабан қоюмен қағаз түрінде мекенжайдан кету парағын беру.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімі) көші-қон қызметі бөлімінің (бөлімше, топ) (бұдан әрі - КҚҚб) қызметкері қатысады – ол көрсетілетін қызметті алушының мекенжай мәліметтеріне олардың сәйкес келмейтінің анықтаған кезде түзету енгізеді және Мемлекеттік корпорация қызметкері қатысады – ол құжаттарды қабылдайды, мекенжай анықтамаларын береді немесе құжаттарды қабылдаудан дәлелді бас тартады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Казақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде:
Көрсетілетін қызметті алушы;
КҚҚБ-ның қызметкері;
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері;
ЭҮП;
«Электрондық үкімет» шлюзі (ЭҮШ);
Мемлекеттік корпорацияның біріктірілген ақпараттық жүйесі (Мемлекеттік корпорацияның БАЖ);
«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы (ЖТ МДБ);
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы (ЗТ МДБ) қатысады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

1 Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2018 жылғы
26 қаңтардағы № 55 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы (ҚФБ)
Негіз­гі про­це­стің іс-қи­мы­лы (жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ-ның ата­уы
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция, ҚА­ІІб
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция, ҚА­ІІб
ҚА­ІІб
КҚҚБ
КҚҚК
«АӨО» РМК
3
Іс-қи­мыл (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дау.
Де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша өті­нім­нің тір­ке­лу­ін, элек­трон­дық фор­му­ляр­дың тол­ты­ры­луын, су­рет­ке тү­сі­рі­лу­ін, ЭЦҚ-ның рас­та­луын тек­се­ру.
Қа­ғаз фор­му­ляр тол­ты­ры­л­ған кез­де  дер­бес ко­ды, кү­ні және қо­лы қой­ы­ла­ды.
ҚА­ІІб-нің ті­зі­лі­мі­нің 3 да­на­да жа­са­луы, оның бі­рі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тір­ке­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі фор­му­ляр­мен бір­ге КҚҚБ -ға жол­да­на­ды (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта).
Ре­сім­дел­ген  элек­трон­дық фор­му­ляр ХҚТ ТП-нің «жұ­мыс ор­ны» ко­ды ар­қы­лы КҚҚБ-ға тек­се­ру үшін жол­да­на­ды.
Фор­му­ляр­лар­ды тол­ты­ру­дын негіз­ді­лі­гін және дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру, жиын­тық ті­зі­лім­нің               3 да­на­да жа­са­луы, оның бі­рі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тір­ке­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі аудан­дық ті­зі­лім­мен және фор­му­ляр­мен бір­ге КҚҚК -не жол­да­на­ды (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта).
Тол­ты­ры­луы­ның негіз­ді­лі­гі және  дұ­ры­стығы тек­се­рі­л­ген­нен кей­ін элек­трон­дық фор­му­ляр ХҚТ ТП-ның ор­та­лық то­ра­бы­на (КҚҚК) жі­бе­рі­ле­ді.
КҚҚБ -дан түс­кен жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді ІІД КҚҚБ-ның жиын­тық ті­зі­лім­де­рі­нің кі­ріс есе­бі кі­та­бы­на тір­кеу (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта). Фор­му­ляр­лар­дың тол­ты­ры­луы­ның негіз­ді­лі­гін және дұ­ры­стығ­ын тек­се­ру, жиын­тық ті­зі­лім­ді, оның ішін­де қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта жиын­тық ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген.көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны із­деу са­лын­ған адам­дар­дың де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша тек­се­ре­ді. Жиын­тық ті­зі­лім­нің бі­рін­ші да­на­сы аудан­дық ті­зі­лім­дер­мен бір­ге но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тір­ке­ле­ді, екін­ші­сі аудан­дық ті­зі­лім­дер және фор­му­ляр­лар­мен бір­ге «АӨО» РМК-ға жол­да­на­ды.
Құ­жат­тар­ды әзір­леу, олар­ды фор­му­ляр­лар­мен, әзір­лен­ген құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рі­мен және жиын­тық ті­зі­лім­мен бір­ге КҚҚК -не жол­да­на­ды.
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­шін тір­кеу
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға  элек­трон­дық өті­нім­нің тір­ке­лу та­ло­нын бе­ру. Қыз­мет­ті алушы­ға фор­му­ляр тү­бір­те­гін бе­ру
Ті­зі­лім
Жиын­тық ті­зі­лім
Жиын­тық ті­зі­лім­нің тір­ке­лу кі­ріс нө­мі­рі. Жиын­тық ті­зі­лім­ді КҚҚК қо­лы­мен рас­тау. Іле­с­пе хат.
Дай­ын құ­жат­тар
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
30 ми­нут
30 ми­нут
1 және 2-са­нат­та­ғы же­дел­дік – 1 жұ­мыс кү­ні (ре­сім­деу кү­ні), 3-са­нат­та­ғы үшін – 2 жұ­мыс кү­ні,  жал­пы тәр­тіп­те – 2 жұ­мыс кү­ні.
1 және 2-са­нат­та­ғы же­дел­дік - 1 жұ­мыс кү­ні, 3-са­нат­та­ғы – 2 жұ­мыс кү­ні, жал­пы тәр­тіп­те - 2 жұ­мыс кү­ні.
1 жұ­мыс кү­ні
1 -са­нат­та­ғы же­дел­дік үшін – 1  жұ­мыс кү­ні,    2-са­нат­та­ғы үшін – 2 жұ­мыс кү­ніне дей­ін,   3-са­нат­та­ғы үшін – 3 жұ­мыс кү­ніне дей­ін,  жал­пы тәр­тіп­те -  5 жұ­мыс кү­ніне дей­ін.
1-кестенің жалғасы
1
7
8
9
10
2
КҚҚК
КҚҚБ
ҚАІІб
Мемлекеттік корпорация
3
Әзірленген құжаттардың тізілімін тіркеу, жіберуге тізілімдерді қалыптастыру. Әзірленген құжаттардың тізілімдерін, дайын құжаттарды, формулярларды бірге, қағаз тасымалдағышта ресімделгендер үшін – жиынтық тізіліммен бірге КҚҚБ -ге жолдау.
Тізілімді жөнелтуге қосу және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске қосу.
Дайын құжаттардың тізілімін дайын құжаттармен жолдау, және ҚАІІб тізілімінің бір данасымен бірге қалалық ҚАІІб-ге жолдау
Дайын құжаттардың тізілімін дайын құжаттармен, формулярлармен  Мемлекеттік корпорацияға жолдау. Формулярларды ҚАІІб-нің картотекасына енгізу.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру
4
Жөнелтуге тізілім. КҚҚБ -ге тізілімді жолдау.
Ілеспе хат
Ілеспе хат.
5
1, 2 және 3-санаттағы жеделдік үшін – 1 жұмыс күні,   жалпы тәртіпте – 5 жұмыс күніне дейін
1 жұмыс күні
1 жұмыс күні
10 минут
Қолдану нұсқалары.
2–кесте. Негізгі процесс – Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктерді ресімдеу
Негізгі процестің іс-қимылы (жұмыстың барысы, ағыны)
ҚАІІб, Мемлекеттік корпорация
КҚҚБ
КҚҚК
«АӨО» РМК
1. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар топтамасын қабылдау және толықтығын тексеру
4. Формулярлардың толтырылуының негізділігін және дұрыстығын тексеру, жиынтық тізілімді 3 данада жасау, оның бірі номенклатуралық іске тіркеледі, екіншісі және үшіншісі формулярмен бірге КҚҚК -ге жолданады (қағаз тасымалдағышта).
Дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр ХҚТ ТП-нің орталық торабына жолданады (КҚҚК).
5. КҚҚБ -дан түскен жиынтық тізілімдерді ІІД КҚҚБ -ның жиынтық тізілімдерінің кіріс есебі кітабына тіркеу (қағаз тасымалдағышта).Формулярлардың толтырылуының негізділігін және дұрыстығын тексеру, жиынтық тізілімді, оның ішінде қағаз тасымалдағышта жиынтық тізілімге енгізілген.
көрсетілетін қызметті алушыны іздеу салынған адамдардың деректер базасы бойынша тексереді. Жиынтық тізілімнің бірінші данасы аудандық тізілімдермен бірге номенклатуралық іске тіркеледі, екіншісі аудандық тізілімдер және формулярлармен бірге «АӨО» РМК-ға жолданады.
6. Құжаттарды әзірлеу, оларды формуларлармен бірге дайын құжаттардың тізіліміне  қоса және жиынтық тізілімнің бір данасымен КҚҚК-ге жолдау
2.Деректер базасы бойынша   тұлғаны салыстырып тексеру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру, ЭЦҚ-ны растау
Көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу талонын беру
8. Тізілімді жөнелтуге қосу  және жиынтық тізілімнің  3- данасын номенклатуралық іске қосу. ҚАІІБ-ден ҚАІІБ-нің тізілімімен формулярлармен, дайын құжаттармен бірге әзірленген құжаттардың тізілімін жолдау
7. Әзірленген құжаттар тізілімдерін тіркеу, ІІД КҚҚБ -ға жөнелту үшін тізілімді қалыптастыру. Жөнелтуге тізілімді әзірленген құжаттардың тізілімдерімен, дайын құжаттармен, формулярлармен бірге, қағаз тасымалдағышта ресімделгендер үшін жиынтық тізілімнің бір данасын аудандық тізіліммен бірге ІІД КҚҚБ-ға жолдау.
3. ҚАІІб-нің жиынтық тізілімі 3 данада жасалады, оның бірі номенклатуралық іске тіркеледі, екіншісі және үшіншісі қағаз формулярлармен бірге КҚҚБ -ға жолданады.
Ресімделген электрондық формуляр ХҚТ ТП-нің (КҚҚК)  орталық торабына ХҚТ ТП-нің коды арқылы жіберіледі
9. Дайын құжаттардың тізілімін дайын құжаттармен, формулярлармен қоса  Мемлекеттік корпорацияға жолдау. Формулярларды ҚАІІб-нің картотекасына енгізу
10.  Дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру

2 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің 2018
жылғы 26 қаңтардағы
№ 55 бұйрығына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша
1-кесте.  ЭҮП арқылы құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
2
ҚФБ-ның ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы
ЭҮП
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы
ЭҮП
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы
ЭҮП
ЭҮП
3
Іс-қи­мыл (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
ЭҮП-қа ЖСН бой­ын­ша және па­роль ар­қы­лы ав­то­ри­за­ци­я­ла­на­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет­ті таң­дай­ды және са­у­ал­дың де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды, ЭЦҚ таң­дай­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға  бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Са­у­ал­ды рас­та­уды (қол қою) ЭЦҚ ар­қы­лы жүр­гі­зу
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭҮП де­ректе­рін­де болған  заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға   бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін алуы
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
-
-
-
-
-
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­на  пас­порт­тар, же­ке ку­ә­лік­тер бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
30 сек – 1 ми­нут
30 сек
1,5 мин
1,5 мин
30 сек – 1 ми­нут
1 ми­нут
10 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл нө­мі­рі
2-егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін­де заң бұ­зу­шы­лық­тар  бол­са;
3-егер ав­то­ри­за­ция сәт­ті өт­кен бол­са
-
4-егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін­де заң бұ­зу­шы­лық­тар  бол­са;
5-егер заң бұ­зу­шы­лық­тар жоқ бол­са
-
6-егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін­де заң бұ­зу­шы­лық­тар бол­са;
7-егер заң бұ­зу­шы­лық­тар жоқ бол­са
-
-
2-кесте. Мемлекеттік корпорация арқылы құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
2
ҚФБ-ның ата­уы
КҚҚБ қыз­мет­ке­рі
ЭҮП
КҚҚБ қыз­мет­ке­рі
ЭҮП
КҚҚБ қыз­мет­ке­рі
ЭҮП
ЭҮП
3
Іс-қи­мыл (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
ХҚТ ТП АЖ-ға ло­гин  және па­роль бой­ын­ша ав­то­ри­за­ци­я­ла­на­ды
КҚҚБ қыз­мет­ке­рі­нің де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті таң­дай­ды және са­у­ал­дың де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды, ЭЦҚ таң­дай­ды
КҚҚБ қыз­мет­ке­рі­нің ЭЦҚ де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға  бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Са­у­ал­ды рас­та­уды (қол қою) ЭЦҚ ар­қы­лы жүр­гі­зу
ХҚТ ТП АЖ-да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға    бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін алуы
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
-
-
-
-
-
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­на  пас­порт­тар, же­ке ку­ә­лік­тер бе­ру
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
30 сек – 1 ми­нут
30 сек
1,5 мин
1,5 мин
30 сек – 1 ми­нут
1 ми­нут
10 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл нө­мі­рі
2 - егер КҚҚБ қыз­мет­ке­рі­нің де­ректе­рін­де  заң бұ­зу­шы­лық­тар  бол­са; 3-егер   ав­то­ри­за­ция сәт­ті өт­кен бол­са

4 – егер  КҚҚБ қыз­мет­ке­рі­нің де­ректе­рін­де  заң бұ­зу­шы­лық­тар   бол­са;
5–егер заң бұ­зу­шы­лық­тар  жоқ бол­са
-
6 - егер КҚҚБ қыз­мет­ке­рі­нің де­ректе­рін­де  заң бұ­зу­шы­лық­тар   бол­са;
7-егер заң бұ­зу­шы­лық­тар жоқ бол­са
-
-

3 Электронды мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың 1-диаграммасы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2018
жылғы 26 қаңтардағы
№ 55 бұйрығына
3-қосымша
4-қосымша
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
Электронды мемлекеттік қызметті ЭҮП арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың 1-диаграммасы
Электронды мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация АЖ арқылы көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың 2-диаграммасы
Шартты белгілер:

4 «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процесінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2018
жылғы 26 қаңтардағы
№ 55 бұйрығына
4-қосымша
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар,
жеке куәліктер беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процесінің анықтамалығы

5 Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2018
жылғы 26 қаңтардағы
№ 55 бұйрығына
5-қосымша
«Қазақстан Республикасының
азаматтарын тұрғылықты
жері бойынша тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы
Негізгі процестің қимылы (жұмыстың барысы, ағыны)
1
Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағыны)
1
2
2
ҚФБ-ның атауы
ҚАІІб
ҚАІІб
3
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын қабылдауы және толықтығын тексеруі
Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді  ресімдеу
4
Аяқталу нысандары (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік  шешім)
Тұрақты тұрғылықты  жері бойынша тіркелген мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезінде – уақытша болу (тұру) мекенжайы туралы мәліметтерді ХҚТ ТП АЖ-ға енгізу, көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын электрондық  тасымалдағышы бар жеке куәлікке қайта жазу, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша анықталмаған адамдарға мәртебе беру туралы ХҚТ ТП АЖ-ға енгізу.
5
Орындалу мерзімдері
10 минут
20 минут
Қолдану нұсқалары.
2–кесте. Негізгі процесс – Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеу.
Негізгі процесс (жұмыстың барысы, ағыны)
ҚАІІб
ҚАІІб
1. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді ресімдеу
3. Тұрақты тұрғылықты  жері бойынша тіркелген мекенжайы туралы, ал уақытша тіркеу кезінде – уақытша болу (тұру) мекенжайы туралы мәліметтерді ХҚТ ТП АЖ-ға енгізу, көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын электрондық  ақпарат тасымалдағышы бар жеке куәлікке қайта жазу.

6 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің 2018
жылғы 26 қаңтардағы
№ 55 бұйрығына
6-қосымша
«Қазақстан Республикасының
азаматтарын тұрғылықты
жері бойынша тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша
1-кесте.  ЭҮП арқылы құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы
1
Іс-әре­кет №
(жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
2
ҚФБ-ның ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы
ЭҮП
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы
ЭҮП
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы
ЭҮП
ЭҮП
3
Іс-қи­мыл (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
ЭҮП-қа ЖСН бой­ын­ша және па­роль ар­қы­лы ав­то­ри­за­ци­я­ла­на­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет­ті таң­дай­ды және са­у­ал­дың де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды, ЭЦҚ таң­дай­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға  бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Сұ­рау са­лу­ды кәлан­ды­ру­ды (қол қою) ЭЦҚ ар­қы­лы жүр­гі­зу
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭҮП де­ректе­рін­де болған  заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға   бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін алуы
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
-
-
-
-
-
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­рын тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша тір­кеу
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
30 сек – 1 ми­нут
30 сек
1,5 мин
1,5 мин
30 сек – 1 ми­нут
1 ми­нут
15 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл нө­мі­рі
2-егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін­де заң бұ­зу­шы­лық­тар  бол­са;
3-егер ав­то­ри­за­ция сәт­ті өт­кен бол­са

4-егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін­де заң бұ­зу­шы­лық­тар  бол­са;
5-егер заң бұ­зу­шы­лық­тар жоқ бол­са
-
6-егер көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның де­ректе­рін­де заң бұ­зу­шы­лақ­тар  бол­са;
7-егер заң бұ­зу­шы­лық­тар жоқ бол­са
-
-
2-кесте. Мемлекеттік корпорация арқылы құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы
1
Іс-әре­кет №
(жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
7
2
ҚФБ-ның ата­уы
КҚҚб-нің қыз­мет­ке­рі
ЭҮП
КҚҚб-нің қыз­мет­ке­рі
ЭҮП
КҚҚб-нің қыз­мет­ке­рі
ЭҮП
ЭҮП
3
Іс-қи­мыл (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
ХҚТ ТП АЖ-ға ло­гин  және па­роль бой­ын­ша ав­то­ри­за­ци­я­ла­на­ды
КҚҚб қыз­мет­ке­рі­нің де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті таң­дай­ды және са­у­ал­дың де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды, ЭЦҚ таң­дай­ды
КҚҚб қыз­мет­ке­рі­нің ЭЦҚ де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға  бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Са­у­ал­ды рас­та­уды (қол қою) ЭЦҚ ар­қы­лы жүр­гі­зу
ХҚТ ТП АЖ-да КҚҚб-нің қыз­мет­ке­рі­нің  де­ректе­рін­де болған заң бұ­зу­шы­лық­тар­ға    бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ды қа­лып­та­сты­ра­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін алуы
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
-
-
-
-
-
-
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­рын
тұр­ғы­лық­ты  же­рі бой­ын­ша тір­кеу
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
30 сек – 1 ми­нут
30 сек
1,5 мин
1,5 мин
30 сек – 1 ми­нут
1 ми­нут
15 ми­нут
6
Ке­ле­сі іс-қи­мыл нө­мі­рі
2-егер КҚҚб-нің  қыз­мет­ке­рі­нің де­ректе­рін­де заң бұ­зу­шы­лық­тар бол­са;
3-егер ав­то­ри­за­ция сәт­ті өт­кен бол­са

4-егер КҚҚб-нің қыз­мет­ке­рі­нің де­ректе­рін­де заң бұ­зу­шы­лық­тар бол­са;
5-егер заң бұ­зу­шы­лық­тар жоқ бол­са
-
6-егер КҚҚб-нің қыз­мет­ке­рі­нің де­ректе­рін­де заң бұ­зу­шы­лық­тар  бол­са;
7-егер заң бұ­зу­шы­лық­тар жоқ бол­са
-
-

Қолданыстағы