Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 501 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан»

Бұйрық · № 740 · қабылданған 26.08.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-501/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 501 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 740 ·26.08.2019
30.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 501 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 740 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 мая 2015 года № 501 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам документирования и регистрации населения Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
740
Қабылданған күні
26.08.2019
Көрсетілген редакция
30.03.2020 134464_453880.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019337
ЭКБ идентификаторы
134464
Редакция идентификаторы
134464_453880
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:43

0 «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы
№ 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 501 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11624 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармасының (бұдан әрі - КҚҚБ) қызметкері;»;
14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және көші-қон қызметі бөліністерінде орналасқан стенділерде орналастырылады.»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) шетелдiктер және босқын мәртебесiн алған азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттардың көрсетілетін қызметті алушыда болуы болып табылады;
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен және тіркеуге келісім берген тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған порталға электрондық сұрау салу немесе көрсетілетін қызметті алушының және тұрғын үй иесінің ұялы байланыс операторы порталда пайдаланушылардың есептік жазбасына ұсынған абоненттік нөмірді тіркеген және қосқан жағдайда қысқа мәтіндік хабарлама түрінде бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу (абоненттік нөмірді тіркеу және қосу үшін порталға алғашқы сұрау салу пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады).
Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тұратын жері бойынша тіркелгені туралы хабарлама түрінде «жеке кабинетке» жіберіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды беру:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады (тұрғын үй иесінің арызы бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде);
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) шетелдiктер және босқын мәртебесiн алған азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің 2019 жылғы
«___»______№ ___ бұйрығына
қосымша
«Қазақстан Республикасының
азаматтарына паспорттар, жеке
куәліктер беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша
Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы (ҚФБ)
Негіз­гі про­це­стің іс-қи­мы­лы (жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыстың ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ-ның ата­уы
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция, ҚА­ІІб
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция, ҚА­ІІб
ҚА­ІІб
КҚҚБ
КҚҚК
"АӨО" РМК
3
Іс-қи­мыл (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­та­рын қа­был­дау.
Де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша өті­нім­нің тір­ке­лу­ін, элек­трон­дық фор­му­ляр­дың тол­ты­ры­луын, су­рет­ке тү­сі­рі­лу­ін, ЭЦҚ-ның рас­та­луын тек­се­ру.
Қа­ғаз фор­му­ляр тол­ты­ры­л­ған кез­де дер­бес кодын, кү­ні мен қо­лын қою (тер­геу қа­мауын­да­ғы­лар­ға және бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­дар­да жа­за­сын өтеп жа­тқан адам­дар­ға, өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту, өзді­гі­нен қоз­ға­лу, бағ­дар­лау қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се тұр­ғы­лық­ты же­ріне шы­ға оты­рып іші­на­ра жо­ғал­тқан адам­дар­ға, 1974 жы­л­ғы үл­гі­де­гі бұ­рын­ғы КС­РО пас­пор­ты, туу ту­ра­лы ку­ә­лік негі­зін­де аза­мат­тығы жоқ адам­дар­ға, сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда ХҚТ ТП тір­кеу пунк­ті бол­ма­ған кез­де, ХҚТ ТП-мен бай­ла­ныс ар­на­ла­ры іс­тен шық­қан неме­се олар­дың құ­рал-жаб­дық­та­ры іс­тен шық­қан жағ­дай­да)
ҚА­ІІб ті­зі­лі­мі­нің 3 да­на­да жа­са­луы, оның бі­рі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тір­ке­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі фор­му­ляр­мен бір­ге КҚҚБ -ға бе­рі­ле­ді (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта). Ре­сім­дел­ген элек­трон­дық фор­му­ляр ХҚТ ТП-нің "жұ­мыс ор­ны" ко­ды ар­қы­лы КҚҚБ-ға тек­се­ру үшін бе­рі­ле­ді.
Фор­му­ляр­лар­ды тол­ты­ру­дың дұ­ры­стығ­ын және негіз­ді­лі­гін тек­се­ру, жиын­тық ті­зі­лім­нің 3 да­на­да жа­са­луы, оның бі­рі но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тір­ке­ле­ді, екін­ші­сі және үшін­ші­сі аудан­дық ті­зі­лім­мен және фор­му­ляр­мен бір­ге КҚҚК -ге жол­да­на­ды (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта). Тол­ты­ры­луы­ның негіз­ді­лі­гі және дұ­ры­стығы тек­се­рі­л­ген­нен кей­ін элек­трон­дық фор­му­ляр ХҚТ ТП-ның ор­та­лық то­ра­бы­на (КҚҚК) жол­да­на­ды.
КҚҚБ-дан алын­ған жиын­тық ті­зі­лім­дер­ді ПД КҚҚБ-ның жиын­тық ті­зі­лім­де­рі­нің кі­ріс есе­бі кі­та­бы­на тір­кеу (қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта). Фор­му­ляр­лар­дың тол­ты­ры­луы­ның дұ­ры­стығ­ын және негіз­ді­лі­гін тек­се­ру, жиын­тық ті­зі­лім­ді, оның ішін­де қа­ғаз та­сы­мал­да­ғы­шта жиын­тық ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген фор­му­ляр­лар­дың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ды із­де­сті­ру­де­гі адам­дар­дың де­ректер ба­за­сы бой­ын­ша тек­се­ру. Жиын­тық ті­зі­лім­нің бі­рін­ші да­на­сын аудан­дық ті­зі­лім­дер­мен бір­ге но­мен­кла­ту­ра­лық іс­ке тір­ке­уді, екін­ші да­на­сын аудан­дық ті­зі­лім­дер және фор­му­ляр­лар­мен бір­ге "АӨО" РМК-ға жол­дау.
Құ­жат­тар­ды әзір­леу, олар­ды фор­му­ляр­лар­мен, әзір­лен­ген құ­жат­тар­дың ті­зі­лім­де­рі­мен және жиын­тық ті­зі­лім­мен бір­ге КҚҚК -ге жол­да­уды.
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­шін тір­кеу
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға өті­нім­нің элек­трон­дық тір­ке­лу та­ло­нын бе­ру. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға фор­му­ляр тү­бір­те­гін бе­ру
Ті­зі­лім
Жиын­тық ті­зі­лім
Жиын­тық ті­зі­лім­нің тір­ке­лу кі­ріс нө­мі­рі. Жиын­тық ті­зі­лім­ді КҚҚК қо­лы­мен рас­тау. Іле­с­пе хат.
Дай­ын құ­жат­тар
5
Орын­да­лу мер­зім­де­рі
30 ми­нут
30 ми­нут
1 және 2-са­нат­та­ғы же­дел­дік – 1 жұ­мыс кү­ні (ре­сім­деу кү­ні), 3-са­нат­та­ғы үшін – 2 жұ­мыс кү­ні, жал­пы тәр­тіп­те – 2 жұ­мыс кү­ні.
1 және 2-са­нат­та­ғы же­дел­дік - 1 жұ­мыс кү­ні, 3-са­нат­та­ғы – 2 жұ­мыс кү­ні, жал­пы тәр­тіп­те - 2 жұ­мыс кү­ні.
1 жұ­мыс кү­ні
1 -са­нат­та­ғы же­дел­дік үшін – 1 жұ­мыс кү­ні, 2-са­нат­та­ғы үшін – 2 жұ­мыс кү­ніне дей­ін, 3-са­нат­та­ғы үшін – 3 жұ­мыс кү­ніне дей­ін, жал­пы тәр­тіп­те - 5 жұ­мыс кү­ніне дей­ін.
1-кестенің жалғасы
1
7
8
9
10
2
КҚҚК
КҚҚБ
ҚАІІб
Мемлекеттік корпорация
3
Әзірленген құжаттардың тізілімдерін тіркеу, жіберуге тізілімді қалыптастыру. Әзірленген құжаттардың тізілімдерімен, дайын құжаттармен, формулярлармен бірге, қағаз тасымалдағышта ресімделгендер үшін – жиынтық тізілім данасымен бірге аудандық КҚҚБ -ге жіберуге жолдау.
Тізілімді жөнелтуге және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске қосу. Дайындалған құжаттардың тізіліміндерін дайын құжаттармен, формулярлармен және ҚАІІб тізілімдерінің данасымен ҚАІІб-ге жолдау
Дайындалған құжаттардың тізілімдерін дайын құжаттармен, формулярлармен Мемлекеттік корпорацияға жолдау. Формулярларды ҚАІІб-нің картотекасына енгізу.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайындалған құжаттарды беру
4
Жөнелтуге тізілім. Тізілімді жіберуге КҚҚБ -ге жолдау.
Ілеспе тізілім
Ілеспе хат.
5
1, 2 және 3-санаттағы жеделдік үшін – 1 жұмыс күні, жалпы тәртіпте – 5 жұмыс күніне дейін
1 жұмыс күні
1 жұмыс күні
10 минут
Пайдалану нұсқалары.
2–кесте. Негізгі процесс – Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктерді ресімдеу
Негізгі процестің іс-қимылы (жұмыстың барысы, ағыны)
Мемлекеттік корпорация, ҚАІІб
КҚҚБ
КҚҚК
"АӨО" РМК
1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар топ­та­ма­сын қа­был­дау және то­лық­тығ­ын тек­се­ру
4. Формулярдың толтырылуының дұрыстығын және негізділігін тексеру, жиынтық тізілімді 3 данада жасау, біріншісі номенклатуралық іске тіркеледі, екіншісі және үшіншісі формулярмен бірге КҚҚК -ге жолданады (қағаз тасымалдағышта). Толтыру дұрыстығы мен негізділігі тексерілгеннен кейін электрондық формуляр ХҚТ ТП-нің орталық торабына жолданады (КҚҚК).
5. КҚҚБ -дан алынған жиынтық тізілімдерді ПД КҚҚБ -ның кіріс жиынтық тізілімдердің есепке алу кітабына тіркеу (қағаз тасымалдағышта). Формулярлардың, оның ішінде жиынтық тізілімге енгізілген қағаз тасымалдағыштағы формулярлардың толтырылуының дұрыстығын және негізділігін тексеру, қызмет алушыларды ІІМ деректер базасы арқылы іздеуде бар-жоғына тексеру. Көрсетілетін қызметті алушыларды іздестірудегі адамдардың деректер базасы бойынша тексеру. Жиынтық тізілімнің бірінші данасын аудандық тізілімдердің бір данасымен номенклатуралық іске тіркеу, екінші данасын аудандық тізілімдермен және формулярлармен бірге "АӨО" РМК-ға жолдау.
6. Құжаттарды әзірлеу, оларды формуларлармен бірге дайындалған құжаттардың тізілімімен бірге және жиынтық тізілімнің данасымен КҚҚК-ге жолдау
2. Деректер базасы бойынша жеке басын сәйкестендіру, өтінімді тіркеу, электрондық формулярды толтыру, ЭЦҚ-мен растау. Тергеу қамауындағыларға және бас бостандығынан айыру орындарда жазасын өтеп жатқан адамдарға, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе тұрғылықты жеріне шыға отырып ішінара жоғалтқан адамдарға, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорты, туу туралы куәлік негізінде азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияда ХҚТ ТП болмаған кезде, ХҚТ ТП-мен байланыс арналары істен шыққан немесе олардың құрал-жабдықтары істен шыққан жағдайда қағаз формулярларды толтыру кезінде дербес кодты, күнін және қолын қою. Көрсетілетін қызметті алушыға өтінімді электрондық тіркеу талонын не қағаз формулярдағы талонды беру
8. Тізілімді жөнелтуге және жиынтық тізілімнің үшінші данасын номенклатуралық іске қосу. Дайын құжаттардың тізілімдерін тізілімімен дайын құжаттармен, формулярлармен, ҚАІІБ тізілімінің данасымен бірге ҚАІІБ-ге жолдау
7. Дайындалған құжаттар тізілімдерін тіркеу, ПД КҚҚБ -ға жөнелту үшін тізілімді қалыптастыру. Жөнелтуге тізілімді дайындалған құжаттардың тізілімдерімен, дайын құжаттармен, формулярлармен бірге және қағаз тасымалдағышта ресімделгендер үшін жиынтық тізілімнің данасын аудандық тізіліммен бірге ПД КҚҚБ-ға жолдау.
3. ҚАІІб тізілімін 3 данада жасау, біріншісі номенклатуралық іске тіркеледі, екіншісі және үшіншісі қағаз формулярлармен бірге КҚҚБ-ға жолданады. Ресімделген электрондық формуляр ХҚТ ТП-нің "жұмыс орны" коды арқылы КҚҚК-ге тексеру үшін беріледі
9. Дайын құжаттардың тізіліміндерін дайын құжаттармен, формулярлармен қоса Мемлекеттік корпорацияға жолдау. Формулярларды ҚАІІб-нің картотекасына енгізу
10. Дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру

Қолданыстағы