О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 529 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области автомобильных дорог»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 529 «Об утверждении стандартов государственных услуг в области автомобильных дорог»
- Атауы (қаз.)
- «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1136
- Қабылданған күні
- 30.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2020 98125_463736.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012851
- ЭКБ идентификаторы
- 98125
- Редакция идентификаторы
- 98125_463736
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:22
0 «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11327 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармағы 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
1-қосымшаның оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық және аудандық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарына бөлінген
белдеуде, жарнаманы
тұрақты орналастыру объектілерінде
сыртқы (көрнекі) жарнама
орналастыруға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша»;
2-қосымшаның оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық және аудандық маңызы
бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарына бөлінген
белдеуде, жарнаманы
тұрақты орналастыру объектілерінде
сыртқы (көрнекі) жарнама
орналастыруға рұқсат
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға баспа және электронды түрде оның көшірмелерін жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделгеніс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
2015 жылғы 11 желтоқсан