Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте"

Бұйрық · № 204 · қабылданған 18.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-540-ekb-101388/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте" Қолданыста Бұйрық ·№ 204 ·18.02.2016
18.02.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте"

Қолданыста Бұйрық ·№ 204 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте"
Атауы (қаз.)
"Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
204
Қабылданған күні
18.02.2016
Көрсетілген редакция
18.02.2016 101388_92365.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013592
ЭКБ идентификаторы
101388
Редакция идентификаторы
101388_92365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:26

0 «Жолаушыларды, багажды және

жүктерді әуе көлігімен тасымалдау
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларында:
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Тасымалдануы үшiн тиiстi белгiлi бiр қызмет көрсету класының
50 пайызы төленген әрбiр кәмелеттік жасқа толмаған жолаушыға жасына қарамастан жеке орын берiледi және стандартты тарифті төлеген жолаушылар үшiн белгіленген норма бойынша багажды тегiн тасымалдауға рұқсат
етiледi.
Егер бұл жағдайларда тегiн тасымалдау нормасынан асатын мөлшердегi багаж тасымалданатын болса, онда оған тиiстi тариф бойынша ақы
төленедi.
Мүгедектер мен мүмкіндігі шектелген тұрғындардың тобына
жататын жолаушылар өзімен қосымша жолжүгі ретінде жеке пайдалануына арналған зембілдер мен мүгедектік арбаларды тегін алып жүре
алады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің міндетін атқарушы
Б. Нұрымбетов
2016 жылғы 24 ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Е. Ыдырысов
2016 жылғы 29 ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
В. Жұмақанов
2016 жылғы 8 ақпан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев
2016 жылғы 4 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2016 жылғы 10 наурыз

Қолданыстағы