Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте"

Бұйрық · № 1119 · қабылданған 27.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-540-ekb-98392/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте" Қолданыста Бұйрық ·№ 1119 ·27.11.2015
27.11.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте"

Қолданыста Бұйрық ·№ 1119 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте"
Атауы (қаз.)
"Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1119
Қабылданған күні
27.11.2015
Көрсетілген редакция
27.11.2015 98392_52198.kaz
Соңғы өзгеріс
27.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012579
ЭКБ идентификаторы
98392
Редакция идентификаторы
98392_52198
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:24

0 «Жолаушыларды, багажды және

жүктерді әуе көлігімен тасымалдау
қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларында:
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Жүкқұжат қағаз тасығышта немесе электрондық
түрде рәсімделеді. Қағаз тасығышта рәсімдеу кезінде жүкқұжатқа
жөнелтуші қол қойып, әуекомпанияға жүкпен бірге табысталады,
ал электрондық түрде рәсімделген кезде, жүкқұжат
әуекомпанияға байланыстың электрондық арналары арқылы
жіберіледі.
мынадай мазмұндағы 84-1, 84-2, 84-3 және 84-4-тармақтарымен толықтырылсын:
«84-1. Электрондық жүкқұжаттының мынадай құрылымы бар:

1 1) жүк тасымалдау туралы электрондық жазба — тасымалдаушының әуе тасымалдарын рәсімдейтін ақпараттық жүйесінде жүктің авиациялық тасымалы туралы электрондық-цифрлық ақпарат;

2 2) жүк түбіртегі — мыналарды:

электрондық жүкқұжатты пайдалана отырып, тасымалдаушы
мен жөнелтуші арасындағы авиациялық жүк тасымалдау келісімшартын жасасуда;
тасымалдаушының авиа тасымалына жүк жөнелтушіден жүкті қабылдауды куәландыратын мәтіндік құжат.

3 3) жүк алушының жүкті алғаны туралы қолхаты — тасымалдаушының жүкті жүк алушыға бергенін растайтын құжат.

Жүкті тасымалдау туралы электрондық жазба және жүк түбіртегі болмағанда электрондық түрде рәсімдеу кезінде, жүк тасымалына жол берілмейді.
84-2. Жүк түбіртегі тасымалдаушының әуе тасымалдарын
рәсімдейтін ақпараттық жүйеде «pdf» пішіміндегі мәтіндік файл түрінде жасалады немесе басып шығарылып, жөнелтушіге қағаз тасығышта беріледі немесе оған электрондық байланыс арналары арқылы электрондық түрде жолданады.
84-3. Тасымалдаушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған және жөнелтушіге электрондық байланыс арналары арқылы жолданған
жүк түбіртегі тасымалдаушының немесе оның агентінің жеке қолы
қойылған және мөрі басылған қағаз тасығыштағы жүк түбіртегіне тең болып табылады.
84-4. Жүк түбіртегі мынадай түрде рәсімделеді:

1 1) әуе тасымалдарын рәсімдейтін ақпараттық жүйесінен

үзінді. Әуе тасымалдарын рәсімдейтін автоматтандырылған
ақпараттық жүйеден үзінді қатаң есептегі құжат болып
табылады;

2 2) жүк қолхаты — жүкті сәйкестендіруге және тасымалдаушының

әуе тасымалдарын рәсімдейтін автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің құралдары сақтайтын жазбадағы ақпаратқа қол жеткізуге
мүмкіндік беретін құжат. Жүк қолхаты қатаң есептегі құжатына болып табылмайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарынуа және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық

бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде
жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан

Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз
етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
__________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 7 желтоқсанда
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
__________________ Е. Ыдырысов
2015 жылғы 8 желтоқсанда
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
__________________ Н. Әбіқаев
2015 жылғы 9 желтоқсанда
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Е. Досаев
2015 жылғы 10 желтоқсанда
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 4 желтоқсанда

Қолданыстағы