О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 544 «Об утверждении Правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж за счет бюджетных средств»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 544 «Об утверждении Правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж за счет бюджетных средств»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 918
- Қабылданған күні
- 05.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2021 117341_526650.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016107
- ЭКБ идентификаторы
- 117341
- Редакция идентификаторы
- 117341_526650
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:01
0 «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5 5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген қызметтің орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы _________
№ _____________ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 544 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде емдеуге жіберу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалар пациенттер өз бетінше шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге барған жағдайларға қолданылмайды.
2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттары бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2 2) комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселелері бойынша үйлестіруші орган (бұдан әрі – жұмыс органы);
3
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу жөніндегі комиссия – уәкілетті орган құратын, оның құрамына уәкілетті органның өкілдері, арнайы мамандандықтардың дәрігерлері, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері кіретін бюджет қаражаты есебінен азаматтарды шетелге емделуге жіберу жөніндегі комиссия;
4 4) республикалық денсаулық сақтау ұйымы – уәкілетті органның қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдары, автономды білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары.
2 2-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу тәртібі
3 3. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу:
1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесіне;
2 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4 4. Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мәселесін шешу үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымы жұмыс органының қарауына мынадай құжаттарды енгізеді:
1 1) пациенттің жеке басын куәландыратын кұжаттың көшірмесі;
2 2) медициналық ұйым ұсынған, 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын диагностика және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізілген барлық зерттеулердің және консультациялардың нәтижелерін қамтитын пациенттің сырқатнамасынан үзінді;
3 3) осы Қағидалаға 3-қосымшаға сәйкес пациентті шетелдік ұйымдарға емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы.
Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымдардың ресми басылымдарда жарияланатын сапа көрсеткіштерімен есептердің негізінде шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесін қалыптастырады және оны комиссиямен келіседі.
Жұмыс органы пациентті шетелге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды апараттық жүйеге енгізе отырып, пациент туралы деректі шетелде емделуге үміткер пациенттердің тізбесіне енгізіледі.
5 5. Азаматтарды шетелге емделуге жіберу туралы қорытындыны шығару үшін Жұмыс органы:
1 1) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген республикалық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қарайды;
2
2) республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жұмыс органының тізбесіне енгізілген бейінді шетелдік медициналық ұйымдардан пациентті емдеу бағдарламасын және оны көрсетуге жұмсалатын шығыстардың калькуляциясын (бұдан әрі – бағалық ұсыным) сұратады;
3 3) шетелде емдеуді ұсынған, шетелдік клиникада пациенттерді емдеу бағдарламасын пысықтауға республикалық медициналық ұйымның дәрігерлерін тартады;
4
4) шетелдік медициналық ұйымдардың мамандары пациенттің жағдайы туралы қосымша ақпарат сұратқан жағдайда, сұрату түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында жүргізілген қажетті зерттеу нәтижелерін ұсынумен шетелдік медициналық ұйымдармен телемедициналық консультациялар өткізеді.
Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша республикалық денсаулық сақтау ұйымынан пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы қорытындыны, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс органының бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге пациентті жіберудің орындылығы туралы қорытындысын алған күннен бастап, 25 (жиырма бес) жұмыс күнінің ішінде жұмыс органы осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың тізбесін комиссияға ұсынады.
6 6. Комиссия қызметін комиссия отырыстарында төрағалық ететін, комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
Комиссия хатшысының функцияларын комиссияның құрамына кірмейтін уәкілетті органның маманы орындайды.
Комиссия уәкілетті орган өкілдерінен, бейінді мамандықтардың дәрігерлерінен, өз қызметін әртүрлі аурулар кезінде азаматтарға көмек көрсету бойынша жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады.
Комиссия мүшелері өз қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Комиссия хатшысы комиссияның отырысына дейін, кемінде күнтізбелік 3 (үш) күннің ішінде комиссия мүшелеріне пациентті бюджеттік қаражат есебінен шетелге емделуге жіберу туралы құжаттар пакетін электрондық пошта арқылы жібереді.
Комиссияның отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісінің қатысуымен заңды деп саналады.
Комиссияның шешімі комиссия отырысы қатысушыларының жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның төрағасы комиссияның кезекті отырысын тағайындайды, төтенше жағдайларда кезектен тыс отырыс өткізеді.
7 7. Комиссия мынадай шешімдерді қабылдайды:
пациентті шетелге емделуге жіберу туралы;
шетелге емделуге жіберуден бас тарту туралы;
пациенттің құжаттарын қарау мерзімдерін негіздей отырып ұзарту туралы;
шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер класс шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда шетелде емделуге үміткер пациенттерді емдеу туралы;
шетелдік мамандарды тарта отырып, медициналық ұйымдарда мастер класс шеңберінде емдеуге жіберуден бас тарту туралы;
комиссияның жұмыс органының емге ақ төлеуге міндеттену туралы шетелдік клиникаларға кепілдік хатын беруі туралы;
пациент емде болған кезеңде емнің бағдарламасын және шарт сомасын өзгерте отырып, емді жалғастыру қажеттілігі туралы.
8 8. Комиссияның шешімі ерікті түрде рәсімделеді.
Отырыстың хаттамасы электрондық пошта арқылы (сканерленген нұсқа) және түпнұсқа курьер арқылы комиссияның отырысы өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс органына жіберіледі.
9 9. Жұмыс органы комиссияның пациентті шетелге емделуге жіберу туралы хаттаманың шешімінің негізінде, комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық қызмет көрсету үшін шетелдік медициналық ұйыммен шарт жасасады.
10 10. Жұмыс органы пациенттің және алып жүруші адамның (балаларға және (немесе) күтімге мұқтаж адамдарға) емдеу және жол жүру шығындарын төлейді.
Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымға шартқа қол қойылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шарттың жалпы сомасының 50%-на дейін пациентті емдеуге арналған авансты төлейді.
Түпкілікті төлем шетелдік медициналық ұйымның орындалған жұмыстардың қорытынды актісін (ерікті түрде) ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді емделу кезінде, орындалған жұмыстардың аралық актілері бойынша жұмыс органы ай сайынғы төлемді жүргізеді.
11 11. Пациентті кезең-кезеңімен араласуды қажет ететін операцияларға шетелдік медициналық ұйымға жіберілген кезде, кезең-кезеңімен емдеу көзделген.
Пациенттің, сондай-ақ алып жүретін адамның жол жүруін кезең-кезеңімен емдеу кезінде, жұмыс органы жүзеге асырады және комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
Ұзақ емдеу кезеңінде, кезеңдік араласуды қажет ететін емнің әрбір кезеңі үшін жұмыс органы қосымша келісім жасайды. Пациентке қайта транспланттау қажет болған кезде, жаңа шарт жасалады.
12 12. Шетелдік медициналық ұйыммен жасалған шарттың мерзімі емдеудің әдістеріне және ұзақтығына қарай белгіленеді.
13 13. Пациенттің шетелде болу кезеңінде шетелдік ұйым емдеуді жалғастыру қажеттілігі туралы ұсынысын жұмыс органына ұсынғанда, жұмыс органы республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарымен емдеу бағдарламасын қарайды және келіседі.
Жұмыс органы келісу нәтижелері бойынша шетелдік медициналық ұйым ұсынған медициналық құжаттарды және осы шетелдік клиникада емделуді жалғастырудың орындылығы туралы қорытындыны Комиссияның қарауына ұсынады. Жұмыс органы комиссия қабылдаған шешiм туралы шетелдiк медициналық ұйымға, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.
1 Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидалар
1-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін аурулардың тізбесі
1 1. Мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ, кибер-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері.
2 2. Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діңі, жұлын тамырларының артериялық-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер.
3 3. Трансоралдық алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.
4 4. Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ кибер-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздің қатерлі ісіктері.
5 5. Кератопротездеу.
6 6. Ересектер мен балалардың сүйек кемігін аутологиялық және туысқандық транспланттауды қоспағанда, тіндерді (тіндердің бөліктерін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауды талап ететін аурулар, мөлдірқабықты транспланттау.
7 7. Өңеш стеноздары.
8 8. Трахея стеноздары.
2 Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін жекелеген санаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтары бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберілетін жекелеген санаттарының тізбесі
1 1. Көрсетілімдері болған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған 18 жасқа дейінгі балалар.
2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша ерекше жағдайларда қызметтік міндеттерді атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері.
3 Бюджет қаражаты есебінен пациентті шетелде емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы
Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Бюджет қаражаты есебінен пациентті шетелде емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы
№
Пациенттің деректері
1
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2
Туған күні
3
Мекен жайы
4
Толық клиникалық диагноз
5
Қосалқы диагноз
6
Ұсынылған емдеу (манипуляцияны көрсетіңіз)
7
Шетелге емделуге науқасты жіберу қажеттілігі туралы шешім
1.Қажет
2. Қажет емес (астын сызыңыз)
8
Бұл технология Қазақстан Республикасының кез келген медициналық ұйымында жүзеге асырылмайтынын растау
9
Емдеудің күтілетін әсері
10
Ағзалар мен тіндерді транспланттау үшін жіберілген жағдайда донорлардың бар-жоқтығы туралы ақпарат
1.Үлгілеу деректері (қоса беріледі) - иә / жоқ
2.Туыстық донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) - иә / жоқ
3. Туыстық донорлардың елде жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) - иә / жоқ
4. Халықаралық тізілімде алдын ала іздеу деректері (қоса беріледі) - иә / жоқ
11
Қорытынды жасалған күні
Осы қорытындыға қол қою арқылы медициналық ұйымның басшысы берілген ақпараттың растығына жауап береді
Республикалық денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі
/____________/___________________________/ (қолы) Б.О. (Т.А.Ә. (бар болса))
4 Бюджеттік қаражат есебінен пациентті шетелге емделуге жіберудің орындылығы туралы жұмыс органының қорытындысы
Қазақстан Республикасының
азаматтарын бюджет қаражаты
есебінен шетелге емделуге
жіберу ережелеріне
4-қосымша
Нысан
Бюджеттік қаражат есебінен пациентті шетелге емделуге жіберудің орындылығы туралы жұмыс органының қорытындысы
№
Пациенттердің деректері
Ескертпе
1
2
3
1
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2
Туған күні
3
Мекен жайы
4
Толық клиникалық диагноз
5
Қосалқы диагноз
6
Жүргізілген ем
7
Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер
8
Шетелдік ұйымға пациентті емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы
1.Қажет
2. Қажет емес (астын сызыңыз)
9
Шетелде медициналық орталықтарда емделу құны
1.
2.
3.
10
Емдеу бағдарламасы калкуляциямен бірге (қоса беріледі)
11
Ұсынылған шетелдік медициналық ұйым (ел)
12
Алып жүрушінің қажеттілігі (себебін көрсетіңіз)
13
Бағыттың басымдылығы
14
Емдеуге жатқызуға жіберу шарттары
15
Ескерту
Жұмыс органының басшысы
/____________/__/_____________/ (қолы) МО (Т.А.Ә.(болған жағдайда))