Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 545 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом»

Бұйрық · № 306 · қабылданған 22.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2015-no-545/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 545 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом» Қолданыста Бұйрық ·№ 306 ·22.09.2025
22.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 545 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом»

Қолданыста Бұйрық ·№ 306 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 545 «Об утверждении Правил перевозок пассажиров, багажа, грузобагажа и почтовых отправлений железнодорожным транспортом»
Атауы (қаз.)
«Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
306
Қабылданған күні
22.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
06.10.2025
Көрсетілген редакция
22.09.2025 214614_782345.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036906
ЭКБ идентификаторы
214614
Редакция идентификаторы
214614_782345
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:08

0 «Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларында:
7-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату кезінде тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастырғаны үшін 0,06 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жолаушы жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайта ресімдегені үшін тасымалдаушымен 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады.»;
79-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пойыздарда орындарды резервтеу үшін тасымалдаушымен:
1) жолаушылардың ұйымдасқан топтарын тасымалдау үшін 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) балалардың ұйымдасқан топтары үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады. Бөлінген орындардан бас тартылған жағдайда, төленген алым қайтарылмайды.»;
253-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«253. Жолаушының жол жүруден бас тартуына байланысты жол жүру құжатын (билетін) қайтару операциясы үшін тасымалдаушымен 0,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады.»;
264-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Зақымдалған және жоғалған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қалпына келтіргені үшін жолаушы тасымалдаушыға 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым төлейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы